Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

CREATIVE MINDS GROUP КОНСУЛЬТАТИВТІ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ


CREATIVE MINDS GROUP КОНСУЛЬТАТИВТІ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
БАРЛЫҒЫ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ
Азамат. Біз жұмыста ұлттық компанияда таныстық. 2008  жылы мен АҚШ оралып, белсенді түрде жұмыс іздеп жүргенмін.
Әйгерім. Мен университеттен кейін бірден жұмыс істеп кеттім. Жұмысқа тұрған кезімде менде мақсат болды, жұмыс істеу, мәнсапқа жету, екі жылдан кейін магистратураны оқу деген. Мен ерте күйеуге шығуды, бала тууды әрі үйде отыруды жоспарламадым. Сол тұста ол менің өмірлік ұстанымым емес еді. Дегенімен біз жұмыста кездесіп қалдық. Тағдырымыз біз үшін бәрін өзі жасады.
Менің басшым басқармамызға қызметкерлерді таңдағанда ол Азамат дәл бізге жұмысқа келетінін білді әрі маған оның болашағы бар азамат екендігін айтып, оған көз қырыңды салып жүр деп кеңес берді. Ол кезде мен оған мән бермедім.
Азамат. Өзге ұжымға жаңадан жұмысқа келгенде бастапқыда сақтықпен қарайсың, алайда мен қара көйлекетегі сүйкімді қызға бірден назарымды салдым, ол маған ұнап қалды. Біздің бір-бірімізге жақындаса түсуімізге әріптесіміздің тойы себеп болды. Жұмыстағыдай емес біз өзімізге ашыла түстік. Шараларда қатар отырып әңгімелесіп жүрдік.
2010 жылы біз шаңырақ көтердік. 2011 жылы өзгелер сияқты бізде Астанаға жұмыс істеуге аттандық. Өткен жылы Әйгерім екеуіміз жеке отбасылық бизнесімізді ашуды жөн көрдік. Оған менің анам итермеледі. Ол Өскемен қаласында тұрса да компанияны ашушыларының бірі. Біздің істе оның идеясы мен инвестициясы бар. Анам- педагог, ағылшын пәнінен сабақ берген.  Ол әрдайым айтып отырушы еді, егер бизнес ашсаң ол білім беру саласымен байланысты болуы керек деп.
Әйгерім. Мектебімізді ашпас бұрын біз көп ойландық, өйткені бізде әртүрлі идея болды. Мен флористикамен айналысқым келді. Гүл бизнесі – бұл деген әдемілік, ләззат аласың, алайда ол ұзақ мерзімді бизнес емес. Ойлана келе, адамдарға пайда әкелетін әрі қызықты болады деп орталық ашуды жөн санадық.
БІЗДІҢ ҰСТАНЫМ
Азамат. Бастапқыда біздің орталық тек ересектер үшін жұмыс істеген, қазір біз балаларды да оқытамыз. Балалармен жұмыс істеген анағұрлық қызықты. Оның үстіне, жеке тәжірибемнен білемін ата-аналар баласының дамуы үшін қаражатты аямайды.
Біздің консультативті-білім беру орталығымыз өзге орталықтардан ерекшеленеді: бірінші кезекте ұжымымен, оның үстіне жарық әрі кең аудиториясымен. Анам айтқандай кәмпит бар және оны орайтын қабығы бар.  Сонымен кәмпит- бұл біздің жұмысшылар, қабығы-біздің орталық, сервис және нысанымыз. Мен өзім оқытушы емеспін, сондықтан кәмпит қабығы болуға тырысамын. Біздің бағытымыздағы басты мәселе – адам мәліметті қалай жеткізе алады, ол ағылшынша таза  сөйлей білуі және міндетті түрде шетелде болып көруі қажет. Маған қызметкерлеріміздің шетелде қалай қызмет көрсететінін көргені өте маңызды. Оның үстіне қызметкерлерді ынталандырғанда маңызды, біз қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру үшін шетелге жіберуді жоспарлаудамыз. Оқу үдерісі қызықты өтуі керек, сондықтан бізде барлығы ойын коммуникативті түрде өткізіледі, бұл біздің білім беруімізді ерекешелей түседі.
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА
Әйгерім. Азамат қызметкерлерге басшылық етуден өзге компаниямызға клиенттерд тартумен де айналысады. Маған келетін болсақ, мен көбінде орталықта болуға тырысамын, қызметкерлер мен оқытушылармен жұмыс істеймін.
Азамат. Қазіргі уақытта мен тағы бір компанияда жұмыс істеудемін, сондықтан үнемі орталықта бола бермеймін. Біз бизнесімізге өз баламыздай қараймыз. Біздің бизнес әзірге бір жаста, ол әлі кішкентай. Үйде ата-ана болмағанда бала өз бетәімен кетеді. Сондықтан кішкентай ұлымыз өмірге келісімен бір айдан кейін Әйгерімге орталыққа шығып, бизнесті бақылауын сұрадым.
Әйгерім. Өз қызметкерлеріме үлгі болғым келеді. Жақында «Стажер» фильмін көрдік, онда менің сүйікті актрисам өз бизнесіңмен қалай өмір сүру керектігін көрсетті, қызметкерлермен қалай байланыс орнату керектігін. Мен күн сайын қызметкерлер жұмысын бағыттау түзеп отырамын. Қызметкерлерімізден де көптеген нәрсені үйреніп жатырмын. Дәл қазір бізде лайықты адамдар жұмыс істеуде. Оларға еңбегі мен шыдамдылығы үшін көп рахмет.
Азамат. Өз қателігінен сабақ алады деп тегін айтпайды ғой. Әрине, алғашқы жылдары бізде қателіктер болды. Компьютерлік ойындарда мынандай салыстырулар бар: егер сен  «easy» деңгейінде ойынды бастап босқа келгенде саған ауыр тиеді, өйткені сен оған дайын емессің. Ал егер сен орта деңгейден басап күрделі кезеңге өтсең саған жеңіл болады, өйткені оған дайын боласың. Сондықтан бізде қиындықтар болғанына налымаймын.

БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕ
Әйгерім. Біз Азамат екеуіміз бір-бірімізді толықтырып тұрамыз. Ол сабырлы, жинақы адам, яғни бәрі алдын ала жоспарланған адам, ол үшін таныс емес адаммен алғаш тіл табысу қиындау. Менің ойымша ешкімде мықты бизнесмен болып тумайды, қажырлы еңбек пен тәжірибенің  арқасында уақыт өте келе солай қалыптасады.
Мен болсам оған қарағанда ашықтаумын. Менде түрлі адамдармен тілдесу кезінде бөгеліп қалу деген жоқ. Маған десе құрлысшымен де, ірі компания директорымен де тез тіл табысып кетемін. Мен қозғалыстың, қуаныштың адамымын, дегенімен маған жүйелілік жетіспейді. Сондықтан біз бір-бірімізден үйренудеміз.


Азамат. Сол жақ жағалаудағы іскер орталықтан тағы бір орталық ашуды жоспарлап отырмыз, қазір біз корпоративті клиенттермен жұмыс істеп жатырмыз, бізге «Нұр Отан» партиясынан, кардиохирургия орталығынан студенттер келуде.




Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 361.66
  • EUR Евро 409.51
  • CNY Кит. юань 52.36
  • RUB Рос. рубль 5.41
  • GBP Англ. фунт 459.96

Доска объявлений