Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Бақыт пиццасы»


«Бақыт пиццасы»
Әлмира Сейтжапарованың басты арманы – бала бет әлпетінің саулығы және ата-аналарының бақытқа толы жанары. Ол адамдарды дұрыс тамақтануға шақырудан гөрі «Бақыт пиццасын» ашқанды жөн санаған. Онда тек пайдалы әрі дәмді тағамдар ұсынылады.
– Әлмира, өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз: бизнес ашқанға дейінгі өміріңіз қандай еді?
А.С.: Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, яғни Шымкент жақтан боламын, балалық шағым мектептегі өмірім шағын Сарыағаш қаласындағы үлкен тату отбасында өтті. Алматыда Қазақ Мемлекеттік Заң университетінің кәсіпкерлік құқық мамандығын тамамдап 5 жыл заңгер болып жұмыс істедім.
Кейін өмір ағымына байланысты Америкаға кеттім, ол жақта білім алып елге оралған соң қоғамдық тамақтану саласы бойынша бизнеспен айналысуды жөн көрдім. Бастапқыда бұл отбасылық кондитерлік болды, уақыт өте келе менің қонақжайлылық пен тағам әзірлеуге деген әуестігімнен жеке жобам пайда болды – Vanilla catering кейтерингті компания.
Сонымен қатар, өз басқаруымдағы салауатты тамақтану бойынша Қазақстандағы алғашқы жоба –O!cafe қатар алып жүрдім. Дәл сол кезде салауатты тамақтануға деген өмірлік жолым басталды, ол менің өмірімді де, әуестігімді де өзгертті. Мен дұрыс тамақтану өмір сапасына және оның ұзақтығында негізгі рол ойнайтынын түсіндім. Сондықтан адамдарға пайдасы тиетін осы идеяны жандандырып, насихаттауды жөн санадым.
– Өз бизнесіңізді ашу жөніндегі идея қалай келді?
А.С.: Бизнесімді ашу жөніндегі идея аяқ асты туған жоқ, ол өмірімнің бір бөлшегі іспетті еді. О!кафе жобасымен жұмыс істеп жүргенде балалар отбасындағы тамақтану мәдениетінен зардап шегетінін түсіндім, яғни білім беру және тәрбиелеу мекемелерінде де мәзір үйлестірілмеген. Мен балалардың сүйікті фастфудының салауатты баламасын шығарсам деп ойладым, яғни балаларды тек дәмді ғана емес әрі пайдалысын таңдауға үйретуді жөн көрдім. Біз тек таза өнімді пайдаланамыз, консервантсыз әрі нитратсыз. Бізде глютенсіз пиццаның түрлері, қантсыз десерт, табиғи лимонад пен шырындар бар. Түптеп келгенде бізде зиянды ештеңе жоқ.
– Сонда да неліктен пиццаны таңдадыңыз, роллы немесе қытай асханасын емес? Сіздің қай пиццаңыз танымал?
А.С.: Өйткені негізгі идея балалар мен ересектерге бірдей ұнайтын өнімді ұсыну еді. Осы тұрғыдан келгенде пиццадан артық не бар?  Балалар көбінде «Маргарита» пиццасын жақсы көреді, ал ересектер болса көп жағдайда ерекше нұсқасын таңдайды: балық, асқабақ, жаңғақ, томат т.б. қосындылар қосылған пиццаны.
– Алматылық жаппай тамақтану мекемелерінің қандай ортақ мәселелері бар?4
А.С.: Проблема көп, барлығыныкі әр алуан. Біреуінің сервисі ақсап жатса, тағы бірінің асхана сапасы немесе мекеменің техникалық жағдайы дегендей. Ал барлық мекеменің міндеті бір – жастарды қызмет көрсету саласына жұмыс істеуге ынталандыру және, сонымен қатар азық-түлікті кең көлемде және жақсы бағада, тұрақты сападағы жеткізушілерді ұстау.
– Қалай ойлайсыз, отбасылық кафеге келген клиент нені көргісі келеді? Соңғы жылдары адамдардың талғамы қаншалықты өзгерді?
А.С.: Менің ойымша, өте қатты өзгерді. Кафелерде шылым шегуді тоқтату бұл нағыз жойқын дамудың белгісі. Жеңіл салат түріндегі көптеген жаңа тағамдар пайда болды, төмен калориялық десерт, вегетарияндық тағамдар – бұл дегеніңіз сұраныстың бар екендігін көрсетеді. Тағам сапасынан өзге келуші жайлы атмосфера мен қызмет көрсетудің жоғарылығын да бағалайды.
–  Сіздің көз-қарасыңыз бойынша өте оңды қызметкер қандай болу керек?
А.С.: Мен үшін оңды қызметкер дегеніміз – командада жұмыс істей білетін, басшылықтың көз-қарасын бөлісе білетін әрі ынталы адам.
– Алматыдағы кафе мен пиццериялар арасындағы бәсекелестік жайында айта отырсаңыз?
А.С.: Бәсекелестік жақсы нәрсе, қазіргі дағдарыс кезеңінде ол барлығын өз орнына қоюда және бұл көңіл қуантарлық жайт. Ақшадан бөлек бар жаныңды салып жұмыс істеуің керек, сол жағдайда ғана ештеңеден қорықпауға болады. Бәсекелестік нарыққа шыныменде жақсы өнім ұсынатындар үшін жайлы платформа қалыптастырады. Ол пиццерия сегментінде шыныменде өзекті, алайда біздікі ерекше пицца, мен Бақыт пиццасына сенемін. Ай сайынғы келушілер мен пицца жеткізу көрсеткіші бұны растай алады.
– Пиццария жұмысын жүргізу жағын қалай ұйымдастырасыздар?
А.С.: Негізгі жарнамалық жүргізуді әлеуметтік желіде іске асырамын. Келушілерге көңіл бөлуге әрі оларға пайдалы болуға тырысамын. Бұл ең маңызды сәт әрі кез келген жарнамадан тиімді деп ойлаймын.
– Sport Concept жобасымен ынтымақтастығыңыз жайлы айта отырсаңыз?
А.С.: Менің арманым мен идеям – салауатты алматылықтар. Бұл мүмкін –көктемде аллергиясыз, күзде тұмаусыз бақытты балалар. Бұл жерде жалғыз тамақтанумен ештеңе шешпейсің, сондықтан маған спортпен байланысты жоба қажет болды. Осылайша мен қаладағы балалар алаңшаларының құрылысымен айналысатын Sport concept қорын таңдадым. Сатылған әр 100 пиццаға балаларға арналған спорттық экипировка сатып аламыз, яғни қор жасап жатқан. Салауатты өмір салтын насихаттауға қатысты барлық бастамаларды белсене қолдаймыз. Біздің пицца тікелей мағынада пайдалы!
–   5 жылдан кейін пиццарияңызды қалай елестетесіз?
А.С.: Бес жылдан соң жалғыз емес бірнеше  пиццария болуы керек, оны көре жатармыз. Мен сәттілікке сенемін.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 343.83
  • EUR Евро 383.95
  • CNY Кит. юань 52.8
  • RUB Рос. рубль 5.06
  • GBP Англ. фунт 486.42

Доска объявлений