Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Өз өмірін қалаушы


Өз өмірін қалаушы
Өмірдің қиындығына төтеп беріп және түрлі шектеулерге қарамастан уақыт тауып, өзінің сүйікті кәсібімен айналысып жүрген әйелдер жайлы жазбамызды жалғастырамыз. Мұндай әуестік уақыт өте келе өмір мәніне және кіріс көзіне айналады. Біздің келесі кейіпкеріміз арманның орындалуына кәсіпке деген ерік-жігер, сүйіспеншілік және жақындардың қолдауы көмектесетінін айтты.

Жамбыл облысының тұрғыны Анар Бексұлтанова барлығына үлгереді. Ол қамқора ана, үй шаруашылығында жақсы атқарады, дарынды суретші әрі табысты кәсіпкер.

Анар үлкен әрі тату отбасында өскен. Оның жеті ағасы, бір әпкесі бар. Олардың барлығы Анарды аялап, қамқорлықпен қараған, өйткені ол өмірге ерекше болып келген: патологиямен туған Анардың екі қолы болмаған.


– Жағдайыма қарамастан мен төрт қабырғаға қамалып қалған жоқпын. Ешқашан өзімді төмен сезінген емеспін. Барлық балалар сияқты менде мектепке бардым, құрбыларыммен қарым-қатынаста болдым.

Мектепті тәмамдаған соң Анар Тараз мемлекеттік университетіне «Биология пәнінің мұғалімі» мамандығына грантқа оқуға түседі. Дегенімен оны бірінші топтық мүгедектігімен мұғалім бола алмайсың деп бірден ескерткен. Университетті бітірген соң ол тарихи музейге экскурсия жетекшісі болып жұмысқа тұрады. Ол презентация, көрме өткізіп дәріс оқыды.

– Жұмыстан тыс менде өз әуестігім болды. Мен бала кезден сурет салғанды жақсы көретінмін. Он жасқа келгенде дарыным ашылған сияқты болып көрінеді. Ол кезде мен бір жыл бойы Санкт-Петербургтағы  протездеу институтында болдым, ол кезде Ленинград қаласы еді. Институт әкімшілігі кішкентай науқастар үшін көркем үйірмесін ұйымдастыратын. Совет одағының әр түкпірінен келген біз, яғни балалар қолданбалы өнердің кескіндеу ережелерімен таныстық, – деп еске алады Анар.

Біздің кейіпкеріміз осыдан үш жыл бұрын қыз жасауын әзірлеумен әуестенген. Оның жұмыстарының барлығы қазақы ұлттық нақышта жасалған. Анар аяғымен тігеді.

– Айналамдағылардың бәрі бірдеңемен айналысады, бір күні ешкімге тәуелді болмас үшін қандай іспен айналыссам болады деп ойландым. Таңдауым көрпелар жасауына келіп тоқтады. Достарымнан аздаған қаражат алып шағын цех аштым. Бірінші жылы толықтай бес қыз жасауын тіктік, екінші жылы – тоғыз, мұның барлығы күнделікті болатын тапсырыстан тыс жасалды. Ісім өрге домалап жақсы жолға түсті, қазір клиенттер бірінен соң бірі келуде, – дейді Анар.

Күндердің бірінде тігінші «Жас дарын» ҚБ төрағасы Дәкен Төребекопен танысқан. Ол Анарға «Даму» Қорына жүгініп әрі оқыту курсына қатысуға кеңес берген. Кейіннен шебер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында үш миллион теңгенің грантын ұтып алады. Ол қаржысыға өзіне қажетті жабдықтарды сатып алады. Қазір оның цехында қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар, тек жұмыс істесең болған. Жұмыстарына туыстары көмектесіп тұрады. Алты және жеті жастағы қыздары да қол ұшын береді.

– Кейде мен кешкісін жұмыс істеймін, ол кезде қасымдағы адамдар үйіне қайтады. Сол кезде қыздарыма көмектесуін өтінемін, бірде сызатын борды немесе қайшыны әкеп берулерін сұраймын. Қыздарым өскенде мен сияқты тігінмен айналысқысы келетінін айтады, – дейді кәсіпкер.

Анықтама:
«Даму-Көмек» мүгедек кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бағдарламасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ жасалған.
Аталған бағдарлама аясында www.damu-komek.kz сайты арқылы «Даму» Қоры әрекет етуші және өз ісін енді бастап жатқан мүгедек-кәсіпкерлер арасын дәнекерлеуші ретінде қызмет атқаруда, яғни жеке бизнесін жүргізуде және оны ұйымдастыру барысында түрлі қиындықтарды бастан кешіріп, мүгедек кәсіпкерлердің проблемасын шеше алатын әрі кәсіпкерлік бастамасы бар жандар.  Сонымен қатар, оны «Даму» Қоры қаржыландырмайды, алайда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар арасында байланыстырушы буын болып әрекет етеді.
«Құс жолы» қайырымдылық қоры өз жұмысын 2004 жылдың 31 мамырында бастады. «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның әлеуметтік саяси концепциясы жасалды. «Құс жолы» атты қоғамдық қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. Аталған қор құрылтайшылары заңды тұлғалар емес, банктің топ-менеджерлерінен құралған жеке тұлғалар болып табылатын алғашқы корпоративті қор болып табылады. Қордың жаңа концепциясының негізгі принципі материалды көмек көрсетуден бас тартып, нәтижелі қайырымдылық көрсетуді жүзеге асыру.
«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі .
«Даму» Қоры осы мақсатқа қол жеткізуі үшін мына міндеттерді орындап отыр:
• Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіз бойынша оқыту-тренингтеріне қатысуға тарту;
• Жеке бизнес ашу және оны дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша арнайы әзірленген оқу курстарының (оның ішінде сурдоаудармашысы бар бейне курс) «Даму» Қорының корпоративтік сайтына орналастырылуын қамтамасыз ету;
• Мүгедек-кәсіпкерлердің нарық ұстанымдарын бизнес жүргізуге қажетті жабдықтар мен қосымша материалдар ұсынуға бағытталған демеушілер қызметін үйлестіру есебінен күшейту жөнінде жұмыс жүргізу;
• Халыққа мүгедектер проблемалары туралы көбірек ақпарат тарату, халық арасында дұрыс демеушілік беделін қалыптас-тыру;
• Мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылай және қаржылай емес қолдаудың жаңа үлгілерін енгізу, мүмкіншілігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
• Жұмыс жасап жүрген және жаңадан бастайтын мүгедек-кәсіпкерлер мен олардың мүліктік қажеттіліктері туралы бірыңғай деректер банкісінің ақпараттық толықтырылуын қамтамасыз ету;
• Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты қажетті құқықтық ақпаратты «Даму» Қорының веб-сайтында қалыптастыру және орналастыру.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 343.83
  • EUR Евро 383.95
  • CNY Кит. юань 52.8
  • RUB Рос. рубль 5.06
  • GBP Англ. фунт 486.42

Доска объявлений