Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Анардың сүйкімді ойыншықтары


Анардың сүйкімді ойыншықтары
Алматылық Анар Лепесов үш жылдан бері иірімжіптен ойыншықтар тігіп келеді. Бала кезінде ол сурет училищесіне тапсыруды армандаған, алайда ол жүйелі терінің қатаю ауруына байланысты оқи алмады. Әйтсе де Анар ол дертке бой алдырмады, қазір ол қайырымдылықпен айналысуда әрі керемет ойыншықтарды жасауда.

Анар қолына тігін біздерін алмас бұрын типографияда және хабарландыруларды ілу жұмысымен айналысқан. Дегенімен денсаулығына байланысты оған жұмыстан кетіп еңбектенудің басқа түрін іздеуге тура келген. Қазір Анар өзінің сүйікті ісімен айналысуда әрі одан азда болса табыс табуда.

– Мен біз және ілмек инемен тігудемін әрі жапониялық амигурум әдісін қолданамын. Бұрын тігу ісі мен үшін тек хобби еді, онымен мектеп жасымнан айналыстым. Кейіннен интернеттен жақсы тігілген ойыншықты көріп қалдым, содан өзімде соған ұқсас нәрсені жасағым келіп кетті. Бастапқыда сату үшін тіге бастағанымды клиенттер аз еді. Кейіннен алматылық ерікті Ольга Рябеваның назарына іліктім. Оның көмегімен мен өз жұмыстарымды әлеуметтік желіге шығара бастадым. Мен тіккен ойыншықтар әнші Ақын Төлепбергенге және «Ринго» тобы солистерінің біріне ұнап қалыпты. Олар оны сатып алып қана қоймай ол жайлы өз парақшаларында да жазды. Содан бері менің кішкентай ісім маған ләззат сыйлап қана қоймай табыс та әкелуде,  – деп еске алады Анар.

Қазір Анардың мүгедектік жәрдемақысынан өзге негізгі табыс көзі қолдан тоқылған ойыншықтар. Сатылымнан түскен қаражатты Анар дәрі-дәрмек пен тігінге қажетті материалға жұмсайды.

– Мен сапалы иірілген жіпке ақшаны аямаймын. Нәтижесінде менің ойыншықтарымды кір жуу машинасында еш қорықпай жууға болады, олар түсін өзгертпейді. Ал арзан иірім жіппен тіптен жұмыс істеудің өзі қызық емес, – дейді шебер.

Анар ойыншықтарға тапсырысты Facebook пен Instagram арқылы алады, оның үстіне ол сол желі қолданушылары арасында үлкен танымалдылыққа ие болған.

– Маған позитивті әрі әдемі ойыншықтар ұнайды. Кейде маған қорқынышты кинолардағы қандайда бір құбыжықтарды тігіп берші деген тапсырыстар түсіп жатады. Ондай тапсырыстарды алмаймын, оған деген шабыт та жоқ. Ойыншықтар қуаныш әкелу керек!, – дейді ол. 

Өткен жылы Анардың ойыншықтары Мәскеу қаласында өткен қуыршақтар көрмесінде болып қайтты, онда әр елдің тігіншілері бас қосты.

– Менің сол көрмеге қатысуымды ұйымдастырған Facebook-тегі достарыма көп рахмет. Ол кезде мен жақсы ақша жасадым, менің барлық ойыншықтарымды лезде сатып әкетті. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Адамдардың менен қуаныш арқалап кеткені ұнайды. Тапсырыстар өте көп, тіптен бос уақытым жоқ, алайда бұл маған ұнайды!

Шебер танымалдылық екінші орында екендігін жасырмады. Анар өзінің жеке шеберханасын ашуды армандайды, онда тек ойыншық тігіп қана қоймай оған балаларды да үйреткісі келеді. 

Өзінің идеясы бойынша Анар жылдың басында «Даму» Қорына жүгінген. Алматылық филиалдың қызметкерлері алғашқы қадам ретінде Анарға «Даму-Көмек» бағдарламасына қатысуға кеңес берген. Осыдан бір ай бұрын Алматы қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында E&Y аудиторлық компаниясы атынан Анарға ноутбукты табыс еткен.

Онымен қоса, Қордың қызметкерлері оған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы грант алу байқауына қатысуды ұсынған. «Даму» қызметкерлері оған ЖК ашуға, өтінімді рәсімдеп әрі қажетті құжаттарды жинастыруға көмектеседі.

Біз Анар Лепесованың жобасы байқау комиссиясымен мақұлданып, ол шеберхана мен балаларды оқытатын орталық сынды өз арманын өмірге әкеледі деген сенімдеміз.

Анықтама:
«Даму-Көмек» мүгедек кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бағдарламасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ жасалған.
Аталған бағдарлама аясында www.damu-komek.kz сайты арқылы «Даму» Қоры әрекет етуші және өз ісін енді бастап жатқан мүгедек-кәсіпкерлер арасын дәнекерлеуші ретінде қызмет атқаруда, яғни жеке бизнесін жүргізуде және оны ұйымдастыру барысында түрлі қиындықтарды бастан кешіріп, мүгедек кәсіпкерлердің проблемасын шеше алатын әрі кәсіпкерлік бастамасы бар жандар.  Сонымен қатар, оны «Даму» Қоры қаржыландырмайды, алайда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар арасында байланыстырушы буын болып әрекет етеді.
«Құс жолы» қайырымдылық қоры өз жұмысын 2004 жылдың 31 мамырында бастады. «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның әлеуметтік саяси концепциясы жасалды. «Құс жолы» атты қоғамдық қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. Аталған қор құрылтайшылары заңды тұлғалар емес, банктің топ-менеджерлерінен құралған жеке тұлғалар болып табылатын алғашқы корпоративті қор болып табылады. Қордың жаңа концепциясының негізгі принципі материалды көмек көрсетуден бас тартып, нәтижелі қайырымдылық көрсетуді жүзеге асыру.
«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі .
«Даму» Қоры осы мақсатқа қол жеткізуі үшін мына міндеттерді орындап отыр:
• Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіз бойынша оқыту-тренингтеріне қатысуға тарту;
• Жеке бизнес ашу және оны дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша арнайы әзірленген оқу курстарының (оның ішінде сурдоаудармашысы бар бейне курс) «Даму» Қорының корпоративтік сайтына орналастырылуын қамтамасыз ету;
• Мүгедек-кәсіпкерлердің нарық ұстанымдарын бизнес жүргізуге қажетті жабдықтар мен қосымша материалдар ұсынуға бағытталған демеушілер қызметін үйлестіру есебінен күшейту жөнінде жұмыс жүргізу;
• Халыққа мүгедектер проблемалары туралы көбірек ақпарат тарату, халық арасында дұрыс демеушілік беделін қалыптас-тыру;
• Мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылай және қаржылай емес қолдаудың жаңа үлгілерін енгізу, мүмкіншілігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
• Жұмыс жасап жүрген және жаңадан бастайтын мүгедек-кәсіпкерлер мен олардың мүліктік қажеттіліктері туралы бірыңғай деректер банкісінің ақпараттық толықтырылуын қамтамасыз ету;
• Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты қажетті құқықтық ақпаратты «Даму» Қорының веб-сайтында қалыптастыру және орналастыру.


Сурет: nur.kz



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.32
  • EUR Евро 396.28
  • CNY Кит. юань 50.34
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.56

Доска объявлений