Әлеуметтік бағыттағы бизнес


Елімізде тек табыс табу үшін ғана емес, барша адамға пайдасын тигізіп жүрген кәсіпкерлер бар. Оларды бірінші кезекте өзгелерге көмектессем деген ішкі қалауы шабаттындырып отырады. Сондай жандардың бірі Солтүстік Қазақстан облысы Авленко ауылының 64-жасар тұрғыны Кенесары Жолдаяқов. Бірнеше жылдан бері ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы қозғалтқышты жүйесі бар әжетхана тұрғызу ісімен айналысып келеді. 

Кенесары Қасымұлына мүгедектердің бас ауыртар мәселелері таңсық емес. Бала кезінде ол сүйек түберкулезі дертінен көп уақыт емделген. Ауруының асқынуынан нашар еститін болған. Көп ұзамай оған үшінші топ мүгедектігі беріледі, алайда ол кедергіге қарамастан өз құралпастарымен қатар білім ала біледі. Мамлюттік санаторлық интернатта он жылдық мектепті тәмамдаған ол Целиноград инженер-құрылыс институтына тапсырып, ауыл шаруашылығы инженер-құрылысшысы мамандығын алып шығады. Оқй орын бітірген Жолдаяқов ағаш ұстасы, тас қалаушы, дәнекерлеуші, прораб, құрылыс бөлімінде нұсқаушы болып жұмыс істейді. Соңғы бес жылда Кенесары Қасымұлы Есіл ауданындағы мүгедектер Қоғамдық бірлестігін басқарады. 

2014 жылы біздің кейіпкеріміз газеттен «Даму» Қоры мен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры ұйымдастыратын мүгедек кәсіпкерлерге арналған «Жұлдыздарға қара» грантты байқауы жайлы оқиды. Кенесары Қасымұлы оған қатысып, өзінің шағын жеке ісін ашып әрі мүгедектерге қимыл-тірек аппараты бойынша көмектесуді жөн санайды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кеңесшілер оған бизнес-жоспар жасау бойынша және қажетті құжаттарды жинауда көмектеседі. Бастауыш кәсіпкердің идеясы байқау комиссиясы атынан қолдауға ие болады.

– Алған гранттың арқасында мен өз ісімді ашып әрі көптеген мүгедектерге ыңғайлылық пен жайлылық жағынан көмектесе білдім. Бұл ары қарай кәсіпкер ретінде дами түсуіме мүмкіндік береді, - дейді кәсіпкер.
Алған грант қаражатына Жолдаяқов қимыл-тірек жүйесі бұзылған жандар үшін қоғамдық әжетханаға қажетті материалдар мен құрылғылар алған. Кенесары коммерциялық мақсатымен қоса айналасындағы мүгедектердің өмірін жеңілдетуді қалайды. Осы жылы ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында демеушілерден кесілген материалдар алған. 

Біздің кейіпкеріміз күшжігерінің арқасында қазірге дейін төрт әжетхана бөлмесін жасап қойған. Оның үстіне ол ағаштан жасалатын бұйымдарға тапсырыс та алып отырады. Арасында шахмат үйірмесінде сабақ береді, шахмат турнирлерін ұйымдастырады. 

Өз білімін жетілдіріп, педагогикалық білім алу үшін ол осымен үшінші жыл спорт және денешынықтыру колледжінде оқып жатыр. Оның әр бастамасына әйелі, екі баласы және екі немересі қолдау көрсетіп отырады.

Жасы мен денсаулығына қарамастан Кенесары шаруашылықпен айналысуды және адамдарға көмектесуді, үнемі жаңа нәрселерді үйренуді тоқтатқан емес. Жақында ғана ол өз құрдасының омартасында ара ісін меңгеруге ден қойды, кім біледі алдағы уақытта бұл ісіде табыс әкелуі мүмкін.

Анықтама:
«Даму-Көмек» мүгедек кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бағдарламасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ жасалған.
Аталған бағдарлама аясында www.damu-komek.kz сайты арқылы «Даму» Қоры әрекет етуші және өз ісін енді бастап жатқан мүгедек-кәсіпкерлер арасын дәнекерлеуші ретінде қызмет атқаруда, яғни жеке бизнесін жүргізуде және оны ұйымдастыру барысында түрлі қиындықтарды бастан кешіріп, мүгедек кәсіпкерлердің проблемасын шеше алатын әрі кәсіпкерлік бастамасы бар жандар.  Сонымен қатар, оны «Даму» Қоры қаржыландырмайды, алайда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар арасында байланыстырушы буын болып әрекет етеді.

«Құс жолы» қайырымдылық қоры өз жұмысын 2004 жылдың 31 мамырында бастады. «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның әлеуметтік саяси концепциясы жасалды. «Құс жолы» атты қоғамдық қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. Аталған қор құрылтайшылары заңды тұлғалар емес, банктің топ-менеджерлерінен құралған жеке тұлғалар болып табылатын алғашқы корпоративті қор болып табылады. Қордың жаңа концепциясының негізгі принципі материалды көмек көрсетуден бас тартып, нәтижелі қайырымдылық көрсетуді жүзеге асыру.

«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі.

«Даму» Қоры осы мақсатқа қол жеткізуі үшін мына міндеттерді орындап отыр:
• Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіз бойынша оқыту-тренингтеріне қатысуға тарту;
• Жеке бизнес ашу және оны дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша арнайы әзірленген оқу курстарының (оның ішінде сурдоаудармашысы бар бейне курс) «Даму» Қорының корпоративтік сайтына орналастырылуын қамтамасыз ету;
• Мүгедек-кәсіпкерлердің нарық ұстанымдарын бизнес жүргізуге қажетті жабдықтар мен қосымша материалдар ұсынуға бағытталған демеушілер қызметін үйлестіру есебінен күшейту жөнінде жұмыс жүргізу;
• Халыққа мүгедектер проблемалары туралы көбірек ақпарат тарату, халық арасында дұрыс демеушілік беделін қалыптас-тыру;
• Мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылай және қаржылай емес қолдаудың жаңа үлгілерін енгізу, мүмкіншілігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
• Жұмыс жасап жүрген және жаңадан бастайтын мүгедек-кәсіпкерлер мен олардың мүліктік қажеттіліктері туралы бірыңғай деректер банкісінің ақпараттық толықтырылуын қамтамасыз ету;
• Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты қажетті құқықтық ақпаратты «Даму» Қорының веб-сайтында қалыптастыру және орналастыру.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->