Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Мүмкіндігі шектеулі жандардың алғысына бөленген жас кәсіпкер


19 жасында жұлынына зақым келген Елдос Баялышбаев мойымады. Арбаға таңылған жігерлі жігітті көкейдегі арман жетеледі.  Діттегені 2014 жылы өмірге жолдама алып,  мүмкіндігі шектеулі жандардың игілігіне айналатын жаттығу залы ашылды. Арбаға таңылған 250 адам қайта оңалту курсынан өтіп, 40-қа жуығы балдақпен қадам жасаған. Оның арқасында Елдостың қолға алған кәсібі үздік әлеуметтік жоба танылды.
Жауапкершілік жүгін сезінген талдықорғандық жігіт жетістіктеріне тоқмейілсімей, кезекті маңызды іске бастамашылдық танытты. 2016 жылдың шілдесінде Алакөл жағасында кембағал жандар үшін сауықтыру және демалыс орны бой көтерді. Жазғы маусымда қызмет көрсететін пансионат биыл 50-ге жуық адамды қабылдаған.
- Startup Bolashak республикалық байқауына қатысып, оның жеңімпазы атандым. Одан 5 миллион теңге сомасындағы гратты ұтып алдым, қосымша 3 миллион теңгені жекеменшік мекемелер бөлді. Оның арқасында әлеуметтік маңызды жобам жүзеге асты. Менің басты мақсатым - мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға атсалысу, олар үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру. Пансионаттың жұмысы маусымдық. Биыл келушілердің алғашқы легін қабылдадық. Артықшылықтарымыз бен кемшіліктерімізді сараптап, келесі жылы қызметті жетілдіруді ұйғардық, - деп өзінің қолға алған кәсібі жайлы Елдос Қайыркенұлы сыр шертті.
Пансионат Алматы облысының «Көктума» ауылында ашылды. Сауықтыру және демалу орны арбаға таңылған 12 жанға және олармен еріп келетін 18 адамға арналған. Олар үшін облыстың басты мақтанышына айналған шипалы Алакөлдің жағасында арнайы платформа жасалды. Енді арбаға таңылған жандар ешбір кедергісіз көлдің аумағында серуендей алады. Жобаның өзіндік құны 8 миллион теңгені құрайды. Қаражат нысанның құрылысына және қажетті жиһаздар мен құрылғыларды еншілеуге жұмсалды. Енді тірек-қимыл аппараты зақымданған жандарға арналған пансионаттың ауқымын кеңейту межеленген. Кәсіпкер келешекте облыс тұрғындарымен қатар барлық қазақстандықтарға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Себебі йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген.
- Алакөл адамның тез сауығуына көмектеседі. Суы минералдарға бай, оның құрамында Менделеев кестесінің бірқатар элементі кездеседі. Емдік қасиетке ие өзенге шипа іздеп келгендер сырқатынан айығады.Мен өзім жыл сайын көлге барып, тұзы мен сазының қасиетін сезіндім. Ең бастысы тірек-қимыл аппаратының жұмысын жақсартуға болады.  Біздің пансионатқа келушілер үшін арнайы сауықтыру бағдарламасы қарастырылады. Оған сәйкес Талдықорған қаласындағы қайта оңалту орталықтарының біріне бірнеше күндік жолдама қарастырылады, - дейді кәсіпкер.
Жаз келісімен пансионаттағы қарбалас күшеймек. Әзірге ізгілікке жаны жақын 24 жастағы кәсіпкер кезекті маусымға дайындықты пысықтауға кірісті.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.42
  • EUR Евро 400.04
  • CNY Кит. юань 50.35
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 450.25

Доска объявлений