Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Марат Назаров: «Табысқа жетудің алғашқы кірпіші нық қаланды»


«Даму» қоры 28 жастағы Марат Назаровтың көкейінде жүрген ойына жан бітірді. Жылжымалы мобильді көлік қызметі Астананың көшелерінде төрт айдан бері жүйткиді. Темір тұлпар оталмаса, жарылған доңғалақты немесе майды ауыстыру қажеттігі туындаса, білікті мамандар дереу көмекке келеді. Заманауи жобаға жергілікті жүргізушілердің сұранысы арта түскен. Телефон немесе сайт арқылы өтінім жолданса, мобильді қызмет жедел түрде жолға шығады.
-    «Даму» қорының көмегі арқылы қағаздағы ойым іс жүзінде жүзеге асты. «Даму» қорының ұсынған шарттары өте тиімді, несиенің пайыздық мөлшерлемесі де төмен. 3  айдың жұмысы бойынша кәсіпті таңдауда нарықтың тамырын дөп басқаныма көзім жетті. Әсіресе жазғы доңғалақтарды ауыстыру кезеңі қарбаласқа толы болды. Алдын ала 3 күн бұрын жазылғандар көбейді. Бірақ қызмет көрсететін мобильді көлігіміз жалғыз болғандықтан, олардың барлығы қамтылмады. Өтінімдердің тең жартысы бойынша жылжымалы көлік жолға шығып, жүргізушілерге қолғабыс етті, - деп өзінің қолға алған кәсібінің тынысын «Назар-сервис» ЖШС директоры тергіштеді.  
Нарық заңы қатал, бәсекелестікті шыдас беру қажет. Елордада көлікті жөндеуді кәсіпке айналдырғандардың қатары қалың. Бірақ сақадай-сай жылжымалы қызметті ұсынатындар некен-саяқ. Көлік тізгініндегі Марат үшін жүргізушілердің талап-тілектері таңсық емес. Жас кәсіпкер сенім үдесінен шығу үшін саннан гөрі сапаға басымдық береді. Күнделікті тапсырыстың орындалуы және алғысын білдірген жүргізушілердің пікірі бағамдалады. Жауапкершілік жүгі артылған 2 көлік жөндеуші қызметін тыңғылықты атқаруда. «Жүргізуші ретінде темір тұлпарды жөндейтін мобильді қызметтің қажеттігін сезіндім. Көлік стансасына баруға көбіне уақыт тапшы, жол бойында да олқылықтар туындауы ықтимал. Сондықтан астаналықтар үшін жаңа қызметтің түрін ендіруді ұйғардым. Әуелі «Мерседес-Бенц Спринтер» көлігін сатып алынды. Оның ішін қажетті құрылғылармен жабдықтаудың үлгісін жасап, зауытқа тапсырыс бердім. Жобаға 19 миллион теңге жұмсалды. Қаржы «Даму» қорынан несие түрінде рәсімделген. Оның ақталатынына ешбір күмән жоқ. Кәсіп тиімді. Бәсекелестеріміз бар. Бірақ олардың қолданатын әдіс-тәсілдері мүлде бөлек. Сондықтан біз үшін мүмкіндіктер аясы кең. Елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Тек еріншектікке салынбау қажет», - деп өзінің пайымымен астаналық жас кәсіпкер бөлісті.
Инженерлік мамандықтың сырына қаныққан Марат шаруаны дөңгелете алатынына көпшілік күдікпен қараған. Бірақ талап пен талпыныстың жемісі сезілді. Жас кәсіпкер діттеген ойының өмірщеңдігін дәлелдеді. Оның сөзінше, «табысқа жетудің алғашқы кірпіші нық қаланды».


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 361.66
  • EUR Евро 409.51
  • CNY Кит. юань 52.36
  • RUB Рос. рубль 5.41
  • GBP Англ. фунт 459.96

Доска объявлений