«Даму»-ның жәрдемімен Қазақстан брендін дамыту


«Даму»-ның жәрдемімен Қазақстан брендін дамыту
    Нарық үшін мүлдем жаңа өнім жасау, шетелдік өндірушілермен сәтті бәсекелесу және әрқашан алға ұмтылу – алматылық кәсіпкер Елена Свечникованың табысқа жету жолын міне осылай сипаттауға болады.
Қазір  Zibroo маркасы – қазақстан спортының айнасы, ал Елена – көптеген отандастар үшін мысал. Мамандығы бойынша модельер-құрастырушы ол 1996 жылы өз ісін ашты. Алайда ол кезде дизайнерлік киімге деген сұраныс аса жоғары емес еді, сондықтанда армандарын жиыстырып қойып жұмысшыларға арналған арнайы киім тігумен айналысуға тура келді. Өнімнің жоғары сапасына және басшының іскерлік қабілетіне сәйкес Компания осы салада табысқа жылдам жетті. «Бизнесті дамытуға арналған құралды жинауға тура келді деп еске алады,- Елена Александровна.
    2000 жылдардың басында спорттық киім шығаруды шешті: балаларға тауда шаңғы тебуге арналған және отандық құрама командаға арналған.2011 жылы ол Астана мен Алматыдағы Қысқы Азиада ойындарының ресми брендіне айналды. Сочи, Пекин және Риода да  осы отандық марка қазақ спортшыларымен бірге жүрді.
     Бизнесті дамытудың жаңа кезеңі мемлекеттік қолдау құралдарының пайда болуынан басталды. «Біздің компания «Даму» қорымен ұсынылған мүмкіндіктердің барлығын пайдаланды. «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша біз 14%-жылдық займ алдық, оның 7%-ын мемлекет субсидиялады.Жалпы алғанда, «БЖК-2020» бойынша 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға 4,5 млрд теңгеге дейін кредит алуға болады.Содан кейін біз кредиттерді кепілдеу бағдарламасын пайдаландық. Сонымен бір уақытта, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша Германияда оқытудан және тәлімдемеден өттім. Шетелде, алған білімімді мен, өндірісті оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру үшін өз ісімде пайдаланамын»,- дейді тоқыма компаниясының иесі.Ол «Даму» мемлекеттік қолдау Қорының бағдарламалары бизнеске беретін, мүмкіндіктерді әлі де пайдалануға ниетті. Zibroo және оның негізін салушының жоспары да аз емес:Миланға сән Апталығына бару,өз технологиясы бойынша әйелдер мен балалардың мамықтан жасалған сырт киімін шығару.
    Жаңа бағыттарды дамыту, жетілуге және мүлтіксіз сапаға ұмтылу – міне «Zibroo» қазақстандық компаниясының бизнес-стратегиясының негізгі қағидалары осылар.

Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->