Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Мүгедектік – өз бизнесін құруға кедергі емес


Бибатпа Кенжебекова көп жылдар бойы өзі туған Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Дәулет кентінде ауыл шаруашылық өнімдерін сатумен айналысады.  Оның табиғи, үйде жасалған  және пайдалы қымызы, шұбаты, құрты,  ірімшігі туралы аудан шегінен тыс жерлерде де біледі. Өнімге тапсырыстар бірнеше апта бұрын келеді, сондықтан өнімдерді ұзақ уақыт сақтау үшін қосымша өнеркәсіптік мұздатқыш камерасын сатып алу қажеттілігі туындады.

Оны сатып алу үшін Бибатпа «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қорына жүгінді, және бірнеше аптадан кейін «ДАМУ-Көмек» бағдарламасы бойынша демеушілер табылды. Олар қажетті техниканы сатып алуға көмектесті.
- Салтанатты жағдайда маған жаңа тоңазытқыш сыйлады. Мұндай сыйлық үшін оларға алғысым шексіз. Бұл мүгедек-кәсіпкерлер үшін  қомақты қаржылық және моральдық көмек. Себебі мұндай заманауи жабдық қымбат тұрады және маған оны сатып алу үшін ұзақ уақыт қаржы жинақтау керек болар еді, - деп есептейді кәсіпкер.
Бибатпа Кенжебекова – туғаннан бері екінші топ мүгедегі. Алайда жігерлі әйел ауруға кәсіпкерлікпен қызметпен айналысуы үшін кедергі болуға жол бермеді, және 2011 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіптік ағымға қойды. Сату нарығын бағалап, туған ауылындағы ахуалды талдап, ол 4 бие сатып алды. Алдымен қымызды үйде сатты, содан кейін азық-түліктік мини-дүкен ашып, өнімдерін үлкен көлемде сатуды бастады.

- Бұл отбасылық бизнес. Оның үш баласы бар: екеуі студент және оқушы. Біз ойладық, бухгалтер мен зейнетақыға оларды қамтамасыз ете алмайсың.  Сондықтан өз ісімізді ашуды шештік. Жұбайым маған көмектеседі, осылай екеуміз жұмыс істейміз. Әрине, бұл ауыр жұмыс, алайда бізге, ауыл тұрғындарына таңсық емес, - деп мойындайды Бибатпа Кенжебекова.
Қазір оның «арсеналында» 9 бие және 8 түйе бар, олар негізгі кірісті әкеледі. Келешек жазда ол мал басын көбейтуді жоспарлауда,  бұл оған кент тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қоса кетейік, 2016 жылдың тамызында Бибатпа Кенжебекова «Үздік тауарлар мен бұйымдар» облыстық байқауында «Азық-түлік тауарлары» номинациясында жеңімпаз атанды. Өңір тұрғындары кәсіпкер дайындайтын қымыз бен шұбатты өте жоғары бағалады.
«Бизнес дамып келеді. Тапсырыстар түсуде,  өнім дүкенде жақсы сатылады.  Мүгедектігіме қарамастан, мен жұмысты жалғастырудамын. Сондықтан «Даму» Қорының бағдарламасына қатысуға қайтадан өтінім бергіміз келеді, - дейді кәсіпкер.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 363.22
  • EUR Евро 413.42
  • CNY Кит. юань 52.78
  • RUB Рос. рубль 5.35
  • GBP Англ. фунт 463.03

Доска объявлений