Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Нан - жолының басы


Макинскіде әркім ЖК «М.Шарипова» наубайханасын жақсы біледі, ол жерде әрқашан қолжетімді бағамен хош иісті, ыстық нан сатып алуға болады. Бұл өнім фирмалық дүкенде тез сатылып кететін, алайда сөрелерде көп таңдау бола қойған жоқ. Қазір Маржан Казбекқызы есіне алады, бұрынғы жабдық және электр энергиясы бойынша көп шығындар наубайхана ісіне кедергі келтіріп, баяулатты, алайда ассортиментті кеңейту, өнімді әртүрлендіру идеясы оның ақылынан шықпай қойды. Және жерлестері де бірнеше рет сөз барысында тәтті тоқаштар мен бәліштердің жоқтығына қынжылатын, себебі тауар сапасы өте жоғары еді. Бәрі бірден бола қойған жоқ әрине, алайда Маржан оңайлықпен берілуге үйренбеген еді. «Тілек бар, мүмкіндік жоқ» деген осы жағдайдан шығуға «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы көмектесті. Ол туралы Шарипова жергілікті кәсіпкерлерді қолдау орталығында естіген, кеңесшілер клинеттің арман-тілегін білген соң, қандай қаржылық құралдарды қолдану керектігін айтып, жол көрсеткен. Осылайша, «Даму» өңірлік қоры «Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіпті қолдау бағдарламасы шеңберінде кәсіпорынға кепілдік қамтамасыз етудің жартысына кепілдік берген, 15 млн теңге несие бойынша жеңілдікті мөлшерлеме жылдық 6% құрады. Алған қаражатқа Маржан Шарипова итальяндық пеш, қамыр илеуші және басқа да жабдықтар сатып алды, жарты ақшаны шикізат сатып алуға айналым капитал ретінде пайдаланды. Және бірінші нәтиже көп күттірмеді: бұланды сөрелерінде және көрші аудандардың дүкендерінде ЖК «М.Шарипова» таңбасымен жаңа нан-тоқаш өнімдері пайда болды: бәліштер, батондар, пірәндіктер. Маржан Казбекқызының қуанышында шек жоқ: заманауи жабдық ассортиментті кеңейтіп және шығарылатын өнім сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге электр энергиясына шығындарды екі есе қысқартуға мүмкіндік берді. Жұмыс істеу жеңілдегені туралы наубайшы Елена Брежнева де айтады: «Бұрынғы пештерде біз қажетті температураны қоя алмайтынбыз, пештің аузын ашпастан пісу үдерісін бақылау мүмкін емес еді. Қазір бәрі көз алдымызда, пештің шыны есігі арқылы барлығы көрінеді – тоқаш қызарса, ала беруге болады». Кәсіпкердің жоспарында – өндірісті кеңейту ойы бар, ол жерде қазір шамамен он бес адам жұмыс істейді, ал жақын уақытта – тағы бір пеш сатып алу көзделген. Нақты үлгілерге қарап отырып, бұландықтық кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардың қолдануына жиірек жүгінуде. Осылайша, осы жылы ауданда жүз млн теңгеден астам сомаға төрт инвестициялық жоба мақұлданды, бұдан басқа гранттық қаржыландыруға екі өтінім берілді.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 361.66
  • EUR Евро 409.51
  • CNY Кит. юань 52.36
  • RUB Рос. рубль 5.41
  • GBP Англ. фунт 459.96

Доска объявлений