Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Мәншүк Беккожанова: «Өзімнің брендімді қалыптастыруды армандаймын»


               «Даму» қорының бағдарламалары кәсіптің көзін тауып, халықтың алғысына бөленуге мүмкіндік береді. Оған көз жеткізген талдықорғандық бизнесвумен Мәншүк Беккожанованың пікірі осыған саяды. Нәзік жан  2013 жылы мемлекеттік демеуге иек артып, отбасылық кәсіптің негізін қалады. Таңдау киім индустриясына түсті. Нарықтың тамыры дөп басқан нәзік жанның жолы болып, сырттан дорбаланатын тауарға сұраныс еселене түскен.  

               - Кәсіпкерліктен үрейленудің қажеті жоқ. Көпшілік жеке ісін ашудан ат тонын ала қашады. Бірі тәуекелдерге, екіншілері асқан жауапкершілікке байланысты кері тартады. Бірақ оған негіз жоқ. Елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдіргендер үшін мүмкіндіктер аясы кең. Тек одан қапы қалмай, дұрыс пайдалана білу қажет. Мен 7 жылға жуық уақыт бойы орталық әмбебап дүкенінде киім саудаладым. Кейін өз ісімді ашу қажет деген ой маза бермеді. 3 жыл бұрын «Даму» қоры арқылы 12,5% пайыздық мөлшерлеме бойынша 25 миллион теңге көлемінде несие рәсімдедім. Қаржы қажетті нысанды сатып алуға, алғашқы киім дүкенін ашып, оны аяққа тұрғызуға жұмсалды, - деп өзінің табыс кілті жайлы Мәншүк Беккожанова тергіштеді.

                Нәзік жан талдықорғандық жерлестерінің талғамы мен сұранысын жан-жақты зерделеген. Шығарылған тоқтамға сәйкес киімдер Түркиядан, Гонконгтен, Бейжіңнен, Дубайдан жеткізіледі. Тұтынушының сенім үдесінен шығу үшін тауарлар тыңғылықты таңдалады. Оның басы-қасында жүретін Мәншүк Беккожанова сапаға баса назар аударады.

              - Қала тұрғындары дүкенімізге келіп, өзіне қажетті барлық киімді ешбір қиындықсыз табады. Бүгінде сұраныстың көптігі көңілге қуаныш ұялатады. Тауарды саудалау барысы жаныма сенімділік ұялатады. Біздің ұсынған киімдеріміз халықтың көңілінен шығу үшін топтаманы жаңартып, қызмет көрсетуді жетілдіруге тырысамыз. Қала тұрғындарының сұранысы мен қажеттіліктерін зерделеп, оны әрдайым қаперде ұстау қажет. Орташа алғанда әйелдерге арналған дүкеннен бір ай ішінде 15-20 мың теңге көлемінде кіріске кенелемін. Таңдаған кәсібім нәпақаға кенелтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол сілтеп отыр, - деп өзінің пікірін кәсіпкер ортаға салды.

                Нәзік жан 2015 жылы «Әйелдер кәсіпкерлігі» бойынша 9 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеді. Оның арқасында биылғы 22 желтоқсанда ерлерге арналған сауда нүктесі және азық-түлік дүкені ашылған.
             - Дүкенімізге келушілер ерлерге арналған дүкеннің ашылуына қолқа салды. Олардың бұйымтайын қаперге алып, тәуекелге бел будым. Ерлерге арналған киімдерді таңдауға 16 жастағы ұлым қолғабыс етті. Ол жастардың талғамы бойынша маған ақыл-кеңес береді. Барлық қадамдарды жеті мәрте пішіп, есеп-қисапта қателікке жол беруге болмайды. Мен халықпен көп араласып, олардың талғамдарын білуге тырысамын, - деп түйді кәсіпкер.

                Бәсекелестік төтеп беру үшін өзіңді қамшылау қажет. Оны ұстанымға айналдырған нәзік жан келешекте өзінің брендін қалыптастыруды армандайды.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 361.66
  • EUR Евро 409.51
  • CNY Кит. юань 52.36
  • RUB Рос. рубль 5.41
  • GBP Англ. фунт 459.96

Доска объявлений