Нургали Сактаганов: Өз кәсіпорның – бұл болашақтағы қаржылық жетістік кепілдігі


Нургали Сактаганов: Өз кәсіпорның – бұл болашақтағы қаржылық жетістік кепілдігі
            «Даму» қорының 2,3 млн теңге мөлшеріндегі инновациялық гранты Маңғыстау  облысының Форт-Шевченко қаласының тұрғыны Нургали Сактагановқа шағын кәсіпорын құру туралы ойлаған арманын жүзеге асыруға көмектесті.

             Нургали Сактаганов – бір аяғынан айырылған екінші топтағы мүгедек. Дегенмен рухы мықты, мақсатына ұмтылған ер адам өз бизнесін құру туралы ойды жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасады. Ол өзінің іскерлік ойы туралы «Даму» қорының өңірлік филиалының мамандарына айтты, мұнда кеңесшілер оған толық бизнес-жоспар құруға, қажетті құжаттарды жинауға  көмектесіп, «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау бағдарламасы шеңберінде жыл сайынғы грант байқауына қатысуға өтініш беруіне ақыл қосты.
Байқаудың критерийлеріне ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде және мүгедектігі бар адам ретінде Сактаганов сәйкес келді. Бағдарлама мен бизнесменнің мақсаттары да бағыттас болды. Ісін жолға қойған кәсіпкерге қосымша капитал құрылғы сатып алу үшін қажет болды.

            Грант ретінде алынған барлық қаражатты Нургали Сактаганов   жиһаз цехін ашуға жұмсаған. Ол өз өндірісін төрт технологиялық білдекпен жабдықтап, жұмысқа қажетті материалдар сатып алған. Кәсіпкер тұратын Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласында оның көрсететін қызметтері қажет болып шықты. Шеберге қала тұрғындары мен фирмалардан корпусты, жұмсақ немесе кеңсе жиһаздарына  тапсырыстар тұрақты түрде келіп тұрады.

           Өткен жылы кәсіпкер «Даму» қоры, Казкоммерцбанк және «Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды» жобасында 200 мың теңге мөлшерінде грант жеңіп алып, тағы екі білдек сатып алды. Жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.

           Енді бизнесменнің жоспары жеке жиһаз дүкенін ашу болып табылады. Болашақ коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алған, бүгінгі күні өз ойын қаржыландыру мәселелерінің шешімін қарастыру үстінде.
Нургали Сактаганов әрбір қазақстандық денсаулығына, жасы мен жынысына өз бизнесін аша алады деп сенімді. Ең бастысы алғашқы қиындықтардан жеңілмеу. «Өзің ашатын кәсіпорынды толық түсіну керек – бұл тек тұрақты кіріс көзі ғана емес, болашақтағы қаржылық жетістік кепілдігі. Аталған мәселе мүгедектігі бар адамдар үшін ерекше маңызды», - деп түсіндірді бизнесмен.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->