Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қарлыға Құдайбергенова: Өз бизнесің – табыстың тұрақты көзі


Қарлыға Құдайбергенова: Өз бизнесің – табыстың тұрақты көзі
Өзінің алғашқы тігін өнімін Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылының  тұрғыны, 2-топ мүгедегі Қарлыға Құдайбергенова 90-жылдардың ортасында шығарған. Бастапқыда ол көршілері мен достарының өтініші бойынша тегін тіккен, бірақ сосын, ауыл арасында тараған хабардың арқасында, ақылы тапсырыстар да түсе бастаған. Осылайша, білімі бойынша мейіргер әйелдің сүйікті ісі мен қосымша табыс көзі ұлттық бұйымдар тігетін цехқа айналған.

«Анам менің өнімдеріне сұраныстың артқанын көріп, маған тігін машинасын сатып алды. Осылайша мен тек тапсырыс бойынша ғана емес, дайын бұйымдарды да сатуға тіге бастадым.  Бизнес табыс әкеле бастаған кезде, тағы бір тігінші мен базарда ұлттық стильдегі көрпелер, жастықтар сататын сатушыны жұмысқа алдым. Бүгінде менде жергілікті нарықта осындай екі сауда орны  бар. Мен жалгерлік ақыға қаражат үнемдеу үшін, үйдің жанындағы бос үй-жайды тігін цехына айналдырдым,» - деп әңгімелейді кәсіпкер.

Өткен жылы  Қарлыға Құдайбергенова «Жұлдыздарға қара» байқауына қатысты және 150 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды. Бұл қаражатқа кәсіпкер тігінге арналған аспаптар жиынтығы мен машина-оверлок сатып алды. Жалпы алғанда, өз бизнесін дамыту үшін кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді немесе ауылдық жерде тұратын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау құралдарын тұрақты пайдаланады. Осылайша, бір күні ол Қазақстанның Азаматтық альянсының «Арай» жобасының грантын жеңіп алды, ал содан кейін ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры арқылы несие алды.

«Өз бизнесін ашқысы келетін менің ауылдастарым немесе таныстарым менен кеңес сұраған кезде, мен оларға әрқашан мемлекеттік қолдауға жүгінуге кеңес беремін және оларға өз тәжірибем бойынша танысқан бағдарламалар туралы айтамын. Себебі, менің ойымша, кішкене болса да өз бизнесің – бұл тұрақты табыс көзі, және ол сенің қаншалықты табанды еңбек еткеніңе байланысты. Сондай-ақ мен оларға өзімнің кәсіпкерлік қызметім үшін «Даму» қорынан алған көмек туралы әңгімелеймін. Қордың мамандары кезінде маған қолдаудың қаржылық құралдары туралы толық мағлұмат беріп, бизнес-жоспар жасауға, «Жұдыздарға қара»-«Посмотри на звезды» байқауына қатысу үшін құжаттар дайындауға көмектесті. Мен өте ризамын».

Келешекте Қарлыға Құдайбергенова шығарылатын өнімнің көлемін арттыруға мүмкіндік беретін үлкен цехтың құрылысы үшін жер учаскесін сатып алуды жоспарлауда. Сондай-ақ бұл жұмысқа тағы  бірнеше жұмыскерлер алуға мүмкіндік береді, яғни ауылдастарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, оның алдында үлкен жоспарлар тұр, оларды іске асыру үшін кәсіпкер барлық күш-жігерін жұмсауға дайын.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 343.83
  • EUR Евро 383.95
  • CNY Кит. юань 52.8
  • RUB Рос. рубль 5.06
  • GBP Англ. фунт 486.42

Доска объявлений