Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

ШЫМКЕНТТІК ЖІГІТТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ LUXURY АЯҚ КИІМІН ҚАЛАЙ ЖАСАҒАНЫ ТУРАЛЫ


ШЫМКЕНТТІК ЖІГІТТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ LUXURY АЯҚ КИІМІН ҚАЛАЙ ЖАСАҒАНЫ ТУРАЛЫ
Дәурен Раманқұл – Шымкенттің тумасы және өз елінің нағыз патриоты. Алматыға келген соң, ол аяқ киім өндірісімен айналысты, және жарты жыл ішінде жаңа қазақстандық бренд Shoes Republic жасады. Осылайша ол барлық әлемге біздің де қолымыздан аяқ киім жасау келетінін және ол өнім Италия өнімінен  кем түспейтінін дәлелдеп, қарапайым қазақстандықтарға қолжетімді бағамен әдемі және сапалы аяқ киім ұсынуды шешті. Дәурен қытайлықтар қазақстандық өнімді неге жақсы қабылдайтыны және өз бизнесінен нені күтпегенін айтып берді.

Дәурен, барлығын басынан бастап айтып берсеңіз – аяқ киім өндірісімен айналысу туралы ой қашан туды?
Идея туындамас бұрын, мен Алматыда киім ритейлімен айналысатын халықаралық компанияда жұмыс істедім. Жұмыс бабымен біз шетелдіктермен жиі серіктес болдық, және біз павлодарлық әріптесіммен, ол қазір менің бизнес-серіктесім, әлемде көрсетуге ұят болмайтын, өзіміздің, қазақстандық өнім жасау туралы ойлана бастадық. Және жалпы алғанда, қазақстандықтарға қолжетімді бағамен сапалы отандық өнім ұсынғымыз келді. Біз серіктесіммен аяқ киім тігу үшін материалдар мен жиынтықтаушыларды қайдан сатып алуға болатынын іздестіре бастадық. Бастапқыда тері мен фурнитураны Қазақстанда қарадық, бірақ шынымды айтсам, біздің ойымыздан ештеңе шықпады. Қазақстанда тері дөрекі, құрғақ, және одан бірдеңе тігетін болсақ, аяқ киім далада немесе басқа бір жерде жұмыстарға  ғана жарамды болады. Сондықтан теріні біз Италиядан әкелеміз, қалғандарын – баулар, жабыстырмалар, ілгектер– Түркиядан әкелінеді. Бірақ ішік пен терілік астар жергілікті өндірушілерден алынады. Әрине, Қазақстанда тері өндірісін жолға қойса жақсы болар еді. Сонда аяқ киім өнеркәсібі де белсенді дамып, және тауардың өз құны, тиісінше, төмен болар еді. Шын мәнінде мен біздің өндірісті адамдарға көрсетіп, аяқ киім жасаумен айналысқысы келетін адамдармен тәжірибемді бөлісуге асықпын – біздің көп болғанымыз жақсы.

Яғни, сіз бәсекелестіктен қорықпайсыз ғой?
Керісінше, менің тіпті өз есебім бар – егер Қазақстанда көптеген аяқ киім өндірушілер пайда болатын болса, онда ерте ме кеш пе, біреу материал өндірісі туралы ойланар еді және сапасы бойынша итальяндықтан кем түспейтін қазақстандық тері жасауды бастар еді. Бізде шикізатты сатып алуға және кедендік тазартуға шығындар төмендеп, және тиісінше, нәтижесінде тұтынушылар бағасы төмен өнім алады.
Өз жұмысыңызды қалай бастағаныңыз туралы айтып берсеңіз.
Біз бірнеше ай бойы тері мен жиынтық жеткізушілерді табуға жұмсадық. Сосын технолог таптық – ол өзі ісінің хас шебері, бізге Пәкістаннан келді. Сонымен бірге біз қызметкерлерді іріктедік, және жарты жыл бойы ол біздің жігіттерге барлығын – жабдық таңдаудан бастап аяқ киімнің әрбір бөлшегінің қыр-сырына, лекалдар жасауға, үлгілер әзірлеуге дейін үйретті.

Бір жұп аяқ киім тігу үшін қанша уақыт кетеді?
Үш-төрт күн. Алдымен теріден аяқ киім деталі пішіледі. Одан әрі олар  дайындаушы цехта өңделеді, сосын жұмысқа тігіншілер кірісіп, осы детальдерден «кепка» тігеді. Бұлай деп табансыз аяқ киімнің жоғарғы жағы аталады. Содан кейін «кепканы» бұлғауыш цехқа жіберіп, оны қалыпқа тартады. Қалып – бұл аяқ киімнің формасы. «Кепка» қалыптың формасын алады, кем дегенде тәулік бойы тұрады.  Содан кейін табан жабыстырылады, және дайын аяқ киім шығады.

Сіздің өнім қашаннан бері сатылуда?
Осы жылдың қыркүйегінен бастап. Сатылымның негізгі бөлігі Фэйсбук және  Инстаграмға келеді, алайда бізде цехтың жанында  шоурум да бар, ол жерге келіп, барлық ассортиментті көруге болады, аяқ киім өлшеп және ұнағанын таңдауға болады. Егер басқа қаладан тапсырыс келсе, біз өнімді Қазпошта арқылы жібереміз.

Бұл сіздің кәсіпкерлік қызметіңіздің  алғашқы тәжірибесі. Айтыңызшы, қандай да бір қиындықтар болды ма немесе өз бизнесіңізден нені күтпеген едіңіз?
Қиындықтар әрқашан болады.  Мен нені күтпегенімді айтайын – осыншама тез сатылым болады деп ойламаппын. Әдетте бір нәрсе бастаған кезде, сәтсіздікке ұшыраймын ба деп қорқасың. Алайда біз тәуекелге бел будық. Цех ашып, Фейбукте, ВКонтакт, Инстаграмда парақша аштық. Адамдар қарап, жазылып, аяғында тапсырыс бере бастады. Оларға шынымен ұнады. Біздің негізгі ерекшелігіміз, біз түрлі жастағы адамдар үшін әмбебап үлгілер тігеміз. Оларды кеңсе қызметкерлері де, жастар та кие алады. Бір рет аяқ киім алған клиенттер бізге қайтып келеді және өзімен бірге достары мен таныстарын ала келеді.

Сіз тек ерлер аяқ киімін ғана тігесіз бе?
Әзірге солай. Жақын уақытта балаларға арналған аяқ киім тігуді жоспарлаудамыз. Егер сіз балалар дүкендеріне барсаңыз немесе базарда болсаңыз білесіз, балалар аяқ киімінің бағасы ерлердің аяқ киімі сияқты тұрады. Материал көп талап етілмесе де солай. Біз халыққа қолжетімді бағамен балалар аяқ киімін ұсынғымыз келеді. Сондай-ақ жоспарда былғары сөмкелер, борсеткалар тігу бар.

Shoes Republic аяқ киімінің орташа құны қандай?
13 000-нан 18 500 теңгеге дейін. 18 500 – ең жоғары баға.  Басқа өндірушілер сияқты 30 000 – 40 000 теңге баға қоюға болар еді,  алайда біз өзімізді табысы орташа қазақстандықтар үшін сапалы сәнді аяқ киім өндірушілер ретінде таныстырдық.

Сіз кеңеюді, қосымша нүктелер ашуды жоспарлайсыз ба?
Қазір маған Қазақстанның басқа өңірлерінен дистрибьютор құқығын беру туралы ұсыныстар келіп түсуде. Қазір бізде бірнеше серіктестіктер бар, олар өз дүкендерінде біздің өнімді сатқысы келеді. Біз тағы да олармен белгілі бір көлемге келісеміз, тауарды ең төмен үстемеақымен береміз. Негізінен біз дистрибьюторлар арқылы  сауда нүктелерін кеңейтуді ойлап жүрміз. Және егер қосымша қаржыландыру алсақ, Қытай және Англияда дүкендер ашқымыз келеді. Қытайда қазақстандық  өнім жоғары бағаланады, ол экологиялық таза болып саналады, ал Лондонда және басқа қалаларда 200 доллардан арзан аяқ киім таппайсың. Мен сенімдімін, адамдар біздің 70 доллар тұратын аяқ киімді сатып алады. Маған бірде Англиядан аяқ киім жолдады, қарап шықсам, біздің өнім одан кем емес, және өндіріс технологиясы да бірдей.

Сіз өз аяқ киіміңізді киесіз бе?
Әрине. Өзіміз жасай алатын өнім бар кезде, мен басқа бәтеңке алмаймын.

Сіз Shoes Republic қоса құрушы ретінде қазір немен айналысудасыз?
Негізінен мен интернеттегі жарнама және сатылыммен айналысамын. Мен әлеуметтік желілердегі біздің аккаунттарды жүргіземін, барлық комментарийлерге жауап беремін, барлық сұраныстарды өңдеймін. Менің серіктесім барлық кезеңдердегі сапаны бақылайды,  және ол фотосуреттер түсіреді. Яғни бізде жеке мамандар жоқ, біз барлығын өзіміз істейміз. Оның үстіне, мен күні бойы ғаламторда отырып қана қоймаймын. Кейде цехқа барасың, ал онда тігін машинасы бұзылып тұрады.  Білекті сыбанып оған кірісесің. Немесе барлық қызметкерлердің қолы бос емес, онда мен аяқ киімді креммен сүртіп, шоурумға қояр алдында тазалап қоямын. Біз өндірістің барлық үдерісін бақылаймыз және тауарымыздың сапасына сенімдіміз.  


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.42
  • EUR Евро 400.04
  • CNY Кит. юань 50.35
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 450.25

Доска объявлений