Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

«БЖК-2020» бойынша қарыздың арқасында кәсіпкер ауылда спорт және жаттығу залдарын ашты


Сүйікті іспен шұғылдану пайда алып келе алады. Жас кәсіпкер Дәулет Бекшебаев осындай тұжырымға келіп, туған ауылында күреспен шұғылдануға арналған спорт залын ашты. Бұл жас бизнесмен балалық шағынан айналыса бастаған ұлттық спорт түрі 11 жастан асқан жергілікті балаларды тарту орталығы болды. Дененің шымырлығын қалыптастырғысы келетін Шиелінің ересек тұрғындары жаттығу залына үлкен ықыласпен келіп тұрады.
Өзінің іскерлік бастамасына қолдау табу үшін жас жігіт «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылордадағы бөлімшесіне жүгінді. Ол жерде мамандармен бірге болашақ спорт залының бизнес-жоспарын жете ойластырып, кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негіздерін меңгерді. Содан соң қажетті құжаттарды жинады да, банкке 2,1 миллион көлеміндегі кредит беруге өтінім берді. Өтінімі қабылданып, Дәулет қажетті соманы 19% жылдық мөлшерлемемен алды. Банктік сыйақы мөлшерлемесінің 10 пайызын мемлекет субсидияласа, қалған 9% қарызға алушы төлейді. Бұл кредит негізгі бағыттарының бірі пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кредитке кепілдік беру арқылы бастаушы кәсіпкерлерді қолдай отырып, кәсіпкерлік әлеуетті күшейту болып табылатын «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша берілген.
Ең алдымен бұл қаражатқа спортшы жаттығу және күрес залдары үшін үй-жайды жалға алды. Содан соң Алматылық сауда үйлерінің бірімен жүгіретін жол, жаттығу құрылғылары, матрастар мен грушалар, зілтемірлер, зілтемірлер үшін бөренелер және басқа спорт құралдарын жеткізу бойынша келісім-шартқа тұрды.
Екі спорт залдарында жалпы саны 50-ге жуық адам жаттығады. Дәулеттің ойынша, оңың бизнесінің бастамасы жаман болмады, бірақ табыс туралы айту әлі ерте. Оның жүзеге асыратын жоспарлары көп. Қазіргі кезде жаттықтырушы үшін басымды тапсырмалардың бірі - түлектерінің күрес дағдыларын жақсарту үшін сегіз бұрышты рингті сатып алу. Сонымен қатар, ол басқа жаттығу құралдары мен спорттық бұйымдарды сатып алу үшін қаражат табуды көздейді. Сондықтан кәсіпкерлік грант беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруда. Бизнесменнің болашақтағы мақсаты - ұлттық спорт түрлері бойынша жаттығуға арналған бірнеше спорт залдарын ашу.
«Ең қиыны - жолдың басы. Күдіктерден арылып, алдына нақты тапсырмаларды қоя алатын адам ғана жеңіс табады», - дейді кәсіпкер.

Назад