Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Маркетологтан аспаздыққа дейін – бір қадам


Қолында маркетолог мамандығы бойынша дипломы бар алматылық Маргарита Королева осыдан үш жыл бұрын бүкіл өмірін маркетингтік зерттеуге емес, дәмді әрі әдемі тәттілерді жасауға арнайтындығын үш ұйықтаса түсінде көрмеген.

Маргарита өз бизнесін ашуды бұрыннан қалап келген. Тек оның бағытын анықтай алмай жүрген. Бұл тамаша ой күйеуінің туған күнінде пайда болған. Ол жайында Маргарита былайша еске алады:
- Мен күйеуімнің туған күнінде тортқа тапсырыс бердім. Ғаламтордан идеяны ұзақ іздедім, дайын өнімді алып кетуге келгенде көңілім қалды, өйткені атқару жұмысы мен ойлағандай болмады.

Осы кезде Маргарита нақты немен айналысқысы келетіндігін түсінеді. Қазақстан бойынша кейк-дизайн бағыты расыменде тың әрі сұранысқа ие. Бизнес саласы бойынша шешім қабылданған соң, аспаздық өнердің сырымен, торт және тәтті тоқашты безендіру техникасын үйрете алатын Шеберді іздеу басталады. Таңдау мәскеулік «Тортики от Одри» студиясының қожайынына түседі.

- Студияның қожайыны Ольга өте ашық адам болып шықты. Ол маған бұл саланың барлық өзгешелігін үйретуге қуана келісті әрі бір ай көлемінде одан білім алдым, – деп еске алады Маргарита.

Мәскеуге Маргарита мен бірге оның жолдасы әрі үшайлық ұлы да барған. Күйеуі Евгений болашақ аспазшыны о бастан қолдап, жігерлендіріп отырған. Қазірде ол торт пен тәттілер идеясын талқылауға белсене қатысып, студия сайтымен айналысады. Тіптен, анасының қолы дәмді шедеврлерді жасаудан босамай жатқанда ұлын уатумен болады.

Мәскеуде, Маргарита мен Евгений «дәмді» студиясына қажетті жұмыстың барлығын игеріп шықты: аспаздық принтер, араластырғыш, қантты қағаз, қантты мастиканы.

«Сливки» студиясы өткен жылдың желтоқсан айында әдемі әрі дәмді аспаздық өнер туындысын сүйетіндер үшін есігін айқара ашты. Маргарита маркетолог ретінде, ашылу рәсімі жақсы уақытта таңдалғандығын жаңа жыл мейрамы алдында сұраныс жоғары болатындығымен түсіндірді.

- Алайда, қаңтар айында тыныштық орнады, ақпан айы да тапсырысқа толы болмады, наурызда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы құтқарып қалды. Дегенімен мені сәуір айында қалай болады деген сұрақ мазалады», - дейді Маргарита.

Оның таңданысына қарай көктемнің екінші айы үлгілі-көрсеткіш мерзімі болып шықты: клиенттер тортқа тапсырыс бере бастайды әрі мерекеге қарамастан тәтті тоқаштарға да сұраныс ұлғая түседі. Қазіргі кезде студия өз ағымына түскен, тұрақтылық пайда болып, Маргаританың кейк-дизайнмен айналысу шешіміне деген сенімі арта түскен.

Осы уақытта студияда төрт адам жұмыс істейді: кондитер, көркем-безендіруші, клиент іздеумен айналысатын Маргарита және бизнесін әлеуметтік желіде жүргізетін Юлия атты құрбысы.

Бастапқы кезде таныстары ақша – достық арасындағы қатаң сынақ, бизнесті жақын құрбыңмен қалай жүргізуге болады деп түсінбеушілік танытқан. Алайда, қыздар бірінші кезекте шығармашылық бойынша әріптес. Өйткені, кейк-дизайнда ең бастысы – креатив пен үнемі жаңа идея ізденісі болып табылады.
Маргарита өзі үшін болашақтың негізгі жоспарын анықтап қойған. Яғни, Қазақстанда кейк-дизайнды дамытып, кенди-барларды жүргізбек. Бұл бағыт  мерекелік шараларда пісірілген түрлі дәмділерді безендіруімен ерекшеленеді.

Ал, сенбі күндері Маргарита мен оның ұжымы үй асханасында жейтін шедеврлерді жасауды үйренгісі келетіндер үшін мастер класс өткізіп тұрады.

Маргарита бәсекелестер қатарын өсіріп алудан қорықпайды, қайткен күнде де ол өзінің басты құпиясын шәкірттеріне ашпақ емес.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений