Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Асыл арман» белестері


«Asyl Arman» корпорациясы ақыл-кеңес берумен (консалтинг), саудамен айналысады, тіптен өзін ауыл шаруашылық саласында да байқап көрмек. Мұның бәрі 2005 жылы жұбайлы Алма Архабаева мен Болат  Өтемісов өз компанияларын құру шешімін қабылдауынан басталған.

Қазір Қазақстан, Ресей және Қырғызстанда «Asyl Arman» брендімен қазақстанда жасалған биологиялық белсенді қоспалар жеткізіліп, іске асуда. Олардың барлығы емдік шөп, бал және басқа да табиғи құрам негізінде жасалған. Бал және май бальзамдары, шөптік шай, қара тмин майы, сұйық кальций, сорбент-гель, эфир майы, шөптік қоспамен көк шай, косметикалық бальзамдар, гигена үшін тауарлар сияқты барлығы 60 аталымға жетеді.

Бұлардың барлығы Мемлекеттік қоспалық азықтың атау сөздері қатарына енген. Сонымен қатар, ҚР Тамақтану академиясы мен «Халал» сертификатымен расталған.

«Asyl Arman» өнімдері тауарөндірушілер көрмелері мен форумдарында бірнеше рет жоғары наградамен марапатталған. Олардың қатарында: Қазақстандық тұтынушылар Лигасы атынан берілген «Мінсіз» белгісі (2010, 2012 жж.), «Юг Экспо Казахстан» Халықаралық көрмесінің Алтын алқасы (2011ж), Көшбасшылардың Оксфордтық Саммиті атынан «Еуропалық сапа белгісі (2011ж), «Food market-2013» көрмесінде «Қазақстандық үздік өнім» аталымы бойынша үш бірдей алтын медальді иеленген.

Алма Нуралықызы — ұзақ жылдардан бергі өмірдің өзі осы компанияны құруға әкелгендігін айтады. Оны компанияның «Асыл арман» атты атынан байқауға болады. Жұбайлар шетелдік желілік компаниялар жұмыс тәжірибесіне қанық болған. Алма Архабаева – желілік маркетинг күйеуі екеуін бір мақсатқа жетуге итермелегенін, яғни екеуіде байуды армандағанын айтып еске алады. Алайда, елдегі жаппай өндірісттердің қирауында инженер-құрылысшы және инженер-технолог мандығымен алға қойған мақсатқа жету мүмкін болмаған.

Алма мен Болат идея іздеу барысында түрлі компаниялардың презентацияларына бара бастайды, сөйтіп 1996 жылы дистрибьютор атанады.

— Жұбайымның мінезінде бір ерекшелік бар: Болат, қолға алған салада барлығын біліп, үйрендім деген тұста «дағдарыс жанрын» сынауды бастайды және оған күш беретін басқа салаларды іздей бастайды, — дейді Алма Нуралықызы. — Егер ол бірдеңе жасаса, оны өте мұқияттылықпен жасайды. Мәселен, ол бағдарламаландыруды игеріп алды. Яғни, «Асыл Арман» компаниясы дистрибьютерлерін кеңейтуде бонустық жүйе арқылы бағдарлама жазу үшін, жұмыс істеп тұрған барлық тұрақты компаниялардың маркетингтік-жобасын оқып, білді.

Ақыр соңында, Алма мен Болат өздерінің жеке компаниясын құруды жөн деп шешкен. Оны құру барысында Алма Нұралықызы шешуші үш сәтке көңіл бөлген: өнімнің сапасы, қазақстандық өндірушілермен серіктестік, басқарудың сауатты жүйесі. «Asyl Arman» компаниясы серіктестерінің қатарында — «Phyto-Apipharm», «Зерде-Фито», «Тамерлан-май» сияқты отандық кәсіпорындар бар. «Fortex-KZ» пен «Asyl Arman Herbs» компанияларының жеке өндірісінде сұйық кальций мен эфир майы шығарылады.

Міндетті тәртіп бойынша өнімге клиникалық анықтау жүргізіледі. Биологиялық белсенді қоспалар орталық сараптау базасында бес бал бальзамы санақтан өткен. Академик Төрегелді Шарманов жетекшілік еткен сараптау кеңесі бальзамдарды терпаияда және аурудың алдын алуда пайдалануға болат деген шешім шығарды.

Үнемі даму үстінде болған компания 2008 жылға қарай Корпорацияға өсті, оған тоғыз алуанпрофильді компания кірген. Қазірге таңда «Asyl Arman» консалтинг, сауда, өндіріс сында бірнеше бағыт бойынша дамуда. Идеяларды әске асырушы Алма Архабаева ― «байқап көрудің керегі жоқ. Жұмыс істеп, өз үйренгеніңді инвестициялауың қажет!, деген сенімде. Компанияның «Сәттілік академиясы» тренингтік орталығы Қазақстанда дүниежүзіне танымал Брайан мен Трейси сынды бизнес-тренерлердің екі семинарын өткізген.

Компания жұмыс істеген алғашқы жылдардан бастап-ақ қайырымдылықпен айналыса бастаған. Балалар үйі, қарттар мен мүгедектер үйіне қол ұшын созуды, директор азаматтық парызы мен бизнестегі әлеуметтік жауапкершілігім деп біледі.

― Егер бөлісетін нәрсең болса, сен оны жасау керексің! Адамдар бұны түсінген сайын, қоғамдағы қатынас та салауаттана түседі», ― дейді Алма Архабаева.
Бас директорға көптеген қызметтер мен міндеттерді атқаруға тура келеді. Мәселен: 129 адамнан тұратын ұжымның жетекшісі, желідегі жүздеген дистрибьютердің тәлімгері, сенімді бизнес-серіктес, білікті бизнес-тренер, көпбалалы ана әрі адал жар. Алма Архабаева мен Болат Өтемісовтің бес баласы бар, оның үшеуі «Asyl Arman» дәуірінде дүниеге келген.
― Аздаған нәрсе жасалды, негізгісі әлі алдыда! Ең бастысы өзің қолға алған нәрсені жақсы көру және асыл арманың үшін алға жылжу!, ―дейді Алма Нұралықызы.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 325.75
  • EUR Евро 382.04
  • CNY Кит. юань 51.04
  • RUB Рос. рубль 5.31
  • GBP Англ. фунт 436.21

Доска объявлений