Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Ktrade: ең бастысы клиенттер нені қалайтынын білу


Ktrade: ең бастысы клиенттер нені қалайтынын білу
Ktrade компаниясының тарихы 2010 жылдан бастау алады. Оны құрушылардың бірі қарағандылық Евгений Рожков, жұбайы екеуін тауарға он-лайн жүйе арқылы тапсырыс беру жүйесін іске қосуына ұлының өмірге келуі итермеледі деп еске алады. Жас ата-ана кішкентай ұлына сапалы заттарды алмақ болған, және соған сай бағаға: киім, ойыншық, сүт беретін құмыра және т.б.

- Өкінішке қарай, қаламыздағы дүкендер біздің сұранысымызды толыққанды қанағаттандыра алмады. Көбінде ол сапасыз өнімдер болды немесе қол жетпес бағадағы фирмалық бұйымдар еді. Сол кезде достарымыз еуропалық каталоктардан орталық тапсырыс арқылы бұйымдарға сұраныс жасау кеңесін берді. Олар көбінде ОТТО орталық тапсырыс деп аталатын, яғни германиялық танымал каталогтың бірімен аталатын. Ол жерден бізге қажетті бұымдардың бәрін табуға болатын, оған қоса еуропалық стандарттар сапасымен жасалған әрі қолжетімді бағадағы, - дейді Евгений.

Рожковтар отбасына бұл идея бірден ұнаған. Алайда, олар тапсырыс беріп жүрген орталықтарда кемшіліктер де болған, мәселен тапсырыс беру үшін қала орталығына бару қажет болған, яғни сұраным қабылдайтын жерге. Тапсырыстар біршама ұзақ уақытта орындалып отырған, тіптен кейде айлап созылып кететін. Тапсырыс берушіде сұранымның қалай атқарылып жатқандығын тексеріп отыратын мүмкіндігі болмаған. Тапсырстар ұзақ уақыт әзірленетін, сондықтан да клиенттер көбінде қызықты ұсыныстар мен түрлі акцияларды, жеңілдіктерді жіберіп алатын.

- Ақыр соңында біз Германиядағы тапсырыстарды жабдықтаумен айналысатын және жеткізуші компанияға тікелей шықтық, онымен көптеген қазақстандық тапсырыс орталықтары да жұмыс істейді. Біраз уақыт өткен соң олар бізбен байланысқа шығып, өз шарттарын білдірді, содан біз жұмыс істеуді бастап кеттік, - дейді Евгений Рожов.

Бастапқыда Рожковтар өздері үшін біраз дүниеге тапсырыс берген. Кейін оларды көптеген достары мен таныстары қолдап кеткен: басқа орындарда бұрыннан каталог арқылы тапсырыс беріп жүргендер Евгени мен жұбайына тапсырыс беруге келіскен. Осылайша каталог арқылы мүлдеп тапсырыс беріп көрмегендердің көбі бұлармен жұмыс істеп көруге әзір екендіктерін білдірген.
Компания атауын ойлап табу жылдам атқарылған, K — каталог, trade — сауда, бәрі бірге Ktrade — каталогты сауда дегенді білдіреді. Ражковтар компания атауын таңдауға уақыт жібермей, бизнесті дамыта түсуге көңіл бөлген.

Тапсырыс орталықтарының нарығы 90-шы жылдардан бастап жұмыс істеп, жақсы қалыптасқан. Бәскелестер арасында ерекшелену үшін Рожковтар әулеті клиент ретінде өздеріне шын мәнінде не жетіспегенін анықтап, оны өз қызметтеріне қосуды жөн деп шешкен. Клиенттермен  жекелей сапалы жұмыс істеу, белсенді сатылыммен қатар олар сайт жасап шықты. Яғни клиенттердің үйден шықпай тапсырыс жасауына, сонымен қатар кез келген уақытта өз тапсырысының қалай өріс алып жатқанын сайттан тексеріп отыру мүмкіндігін жасады.

Уақыт өте келе құжатардың толтырылуы мен тапсырыстың өңделу процесін автоматтандыру үшін ақпараттық жүйе еңгізілді. Бұл тұста жеке өзі жасап шыққан жүйені қолдануға тура келген. Өйткені нарықта ұсынылған ешбір жүйе Ktrade бизнес-процесіне жарамаған.

- Бұл жұмысқа штрих-кодтар қосу арқылы біз ұсақ-түйек тапсырыстардың көп мөлшерін ұзақ уақыт кетірмей атқаратын болдық, яғни жіберулерді қабылдасымен санаулы сағаттар ішінде тапсырысты таратып шығамыз, оны әлі күнге дейін біздің бәсекелестеріміз жасап көрмеген, - дейді Евгений.
Алғашы 3 жыл ішінде Ktrade Қарағанды аймағындағы нарық бойынша көшбасшылыққа дейін жетті, тіптен 90-шы жылдардан бері осы салада жұмыс істеп келе жатқандарды басып озды.

Әрине, айналым өсімі бойынша Евгений мен оның ниеттестері кейбір мәселелерге тап болды. Біріншіден, екпінді айналым өсімі қосымша айналма қаражатты талап етті, яғни өз пайдасынан түскен табыс жұмсалып кетіп отырды, міне соның орнын жабу үшін. Екіншіден, клиенттік базаны кеңейтумен жаңымсыз тұтынушылар пайда бола бастады. Олар тапсырысты жасап қойып, тіптен алған тапсырысқа төлеуден де бас тарта бастады. Үшіншіден, көптеген өзге де орталықтар сияқты Ktrade де кадр мәселесі бойынша қиыншылықтарды бастан өткенрді, ақылды әрі қабілетті қызметкерді табу оңай болмады.
Қалай болғанда да бұл мәселелер шешімін тапты: кейбір кезде қарызға ақша алып, төлем жасау төңірегінде клиенттермен қаттырақ батыра сөйлесу арқылы бұл келеңсіздіктерді де өткере білдік. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда байқау жариялау арқылы өзімізге керекті нағыз мамандарды да таңдай білдік.

Қазіргі сәтте компания ұжымында шататтан тыс адамдарды қосқанда 10-ға жуық адам жұмыс істеуде. Нарықтағы конъюнктура өзгерісіне тез бейімделіп, икемділікті сақтай отырып жұмысты жылдам әрі тиімді атқаруда бұл жеткілікті.

- Нарықтағы көшбасшылықты сақтау үшін әрдайым алға жылжып отыру керек. Сондықтан да біз әрқашан жаңашылдықты енгізіп отырамыз, яғни клиенттерімізге қажетті әрі пайдалысын. Мәселен: біздің қызметке төлем жасаудың түрлі әдісін қосып отырмыз. Қазіргі күні олардың қатарында Qiwi терминалы, электронды ақша, төлем картасы арқылы кеңседе немесе сайтта төлеуге болады.

Сондай-ақ, Ktrade клиенттерді тарту мен оларды ұстап қалу үшін мынандай заманауи макетингтік құралдарды пайдалануда: мәнмәтіндік жарнама, email-таратулар, жеңілдікпен «күн тауары», түрлі акциялар мен сыйлықтар. Жаңа каталогтар қосудың арқасында көрсетілетін қызмет түрлері де әрқашан кеңейе түсуде.

- Қазіргі күні Қарағанды аумағынан тысқары шығып Қазақстан бойынша жұмыс істеудеміз. Біз енгізген төлем жүйесі атқарған қызметіміздің төлемін кез-келген қаладан жасауға ықпалын тигізуде, тапсырыс елдің қай ұшынан жасалса курьерлік жеткізу қызметі сонда жеткізіп береді. Келешекте тапсырыс жеткізуді пошта автоматтары арқылы жасауды еңгізбекшіміз, сондықтан Қазақстанда осы жүйенің жұмыс істеуін күтедеміз, - деді алдағы жоспарымен бөліскен Евгений Рожков.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений