Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Нағыз балаларға арналған дүкен


Нағыз балаларға арналған дүкен
Алматылық Дарья Лютая  өзінің ойыншықтар дүкенін 7 жыл бұрын ашқан. Бас инвестор қыздың қайын енесі Татьяна Ивановна. Ол ә дегеннен дүкенді басқарып кетті.  Бірақ, дүкеннің ашылған уақытында небары 18 жаста ғана болған Даша өзінің тұтынушыларына рухани тұрғыдан жақын болды.

-  Алғашында дүкеннің нақты атауы болмады, тек «Ойыншықтар» деп қарапайым ғана аталды, - деп еске алады Дарья Лютая, - Кәсіп, аяқасты ашылды десе болады. Және бұл кәсіптің балалар әлемімен байланысты болғанын қаладым.

Бірнеше кезеңдерді бастан өткерген Даша мен оның енесі қажетті құжаттарға қол жеткізді, кітаптар және ойыншықтар дүкені өз есіктерін ашты. Бастапқыда Даша сатылымнан тек пайыздық үлес қана иеленіп жүрді, кейін өзінің сәттіліктерінің арқасында дүкен жұмысын ешкімнің көмегінсіз-ақ дөңгелетіп әкетті.

Дашаның айтуынша, дүкенді ашуға өте тиімді жер таңдалған. Яғни мектеп пен балалар бақшасына алыс емес. Даша жас аналармен және олардың балаларымен, жас өспірімдермен жылдам тіл табысып кетті.

- Менің жасыма байланысты, маған оқушылардың да не қалайтыны түсінікті болды, - дейді Дарья. – Мен балалар үшін не өзекті болып табылатынын білдім және олар неге  қызығатынын түсіндім, оларға қызықты болып табылатын ойыншықты немесе кітапты таңдауларына көмектестім.

Біртіндеп Дарья мен Татьяна Ивановна тауарлардың түрлерін көбейтті. Дүкенде енді өздерінің тұрақты тұтынушылары пайда бола бастады. Күн сайын дүкенге келушілердің де саны ұлғайды.

- Біз енем екеуіміз қатар жұмыс істегенде бізде жүйелі ұжым болды, - деп еске алады Даша. – Қазір мен кәсіппен жалғыз өзім айналысып отырмын. Біздің бір орында тұрмайтынымызды әрі дами беретінімізді назарға алатын болсақ, жалғыз өзіме ауыр соғатыны да бар. Сол үшінде мен жақында жұмысқа кеңесші-сатушыларды жалдамақпын.

Дарья айтқандай, қолға алған іс әркез сәтті бола бермеген. Сатылымның құлдырап кеткен кездері де болған. Даша бұны жақында ашылған тағы бір ойыншық дүкенімен байланыстырды. Алайда бәсекелестерінде келеңсіз жайттар көп болған: кішкентай орын, тауарлар түрінің аздығы, бағаның қымбаттығы. Ал Дашаның дүкені өзінің сатып алушылары арасында жақсы абыроайға ие болып үлгерген. Сол үшін де бүгінде Дарья Лютаяның кәсібі дамып отыр.

- Әрине, мен қолға алған жұмысымның маған табыс әкеліп отырғанына өте ризамын. Бірақ жеткен жерде тұралап қалу ақымақтық болар еді, - дейді Дарья сеніммен. – Жақында мен өзіміздің тауарларға арнап интернет-дүкен ашпақпын, онда ата-аналар өздерінің балаларына қажетті әрі қызықты ойыншықтарды таңдай алады.  

Дарья Лютаяның дүкеніндегі сатылымға қойылған барлық тауарлар қауіпсіздікке қарсы тексерістен өтеді.

- Біз үшін ең маңыздысы біздің кішкентай тұтынушыларымыздың денсаулығы, - деп сендіреді Дарья. – Балалар – бұлар, өмірдің ең маңыздысы.  Сол үшін де мен олардың дамуы мен уақыттарының көңілді өтулері үшін қолымнан келгеннің барын жасауға тырысамын.

Даша өзінің кәсібі әлі де өркендей беретініне сенімді, ең бастысы – мақсатқа жетуге деген құлшыныс және әрине өздерінің сүйікті тұтынушыларына үлкен қуаныш және пайда әкеле білу керек!


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений