Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Сағат Омарғалиев: таңғажайыпқа әркім кез болуы мүмкін


Сағат Омарғалиев: таңғажайыпқа әркім кез болуы мүмкін
Сағат Омарғалиев: үлкен құрметке лайық жандардың қатарына жатады. Мұндай  адамдардың ерік жігеріне қарап аяушылық сезімінен ада боласың, керісінше таңғалыспен қарап, сәл болса да соларға ұқсағың келетіні бар.

Тоғыз жыл бұрын Сағат Омарғалиевтің өмірі бір сәтте өзгеріп сала берді. Жазатайым оқиғаның кесірінен зіңгіттей азамат мүгедектер арбасына танылды. Жол апатының салдарынан Сағат Саятұлының үш мойын омыртқасына зақым келді, оның екеуін алып тастауға тура келген. Ол төрт ай уақытты жан сақтау бөлімінде өткізсе, одан кейін жарты жылдан астам уақытты Алматы қаласындағы 1-ші клиникалық емхананың оңалту бөлімінде өткізді. Осынша уақытты мәскеулік клиникаларға да арнады.

- Мен қашанда салауатты өмір салтын ұстандым, - деп еске алады Сағат Саятұлы. – Жеңіл атлетикадан спорт шебері болдым, дзюдомен, каратамен айналыстым. Ал қазір мен не қолымды, не аяғымды қозғалта алмаймын.

Қайғылы оқиғаға дейін он күн бұрын Сағат Омарғалиев үйленген еді. Сағаттың жағдайында ешқандай жақсару байқалмады. Әйелінің шыдамы екі жылға ғана жетті. Үш жылдан кейін достарының үйінде Сағат Саятұлы мамандығы дәрігер Марина есімді қызбен танысты. Марина Дикуля бағдарламасы бойынша өтетін сабаққа өзінің көмегін ұсынды. Біртіндеп басталған достықтың соңы үлкен сезімге ұласып, 2010 жылы Сағат пен Марина отау құрды.

- Тереза Ана сияқты немесе Әлия Молдағұлова сияқты – ұстамды әрі ер мінезді әйелдер бар екенін білесіз бе. Марина – дәл сондай әйел, - дейді Сағат Саятұлы. – Ол маған бір рет жалт қарады болды, бітті біз күні бүгінге дейін біргеміз.

Жол апатынан кейін Сағат Саятұлы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмады. Табыс табудың көздерін қарастыру керек болды.

- Өзімнің біліміме иек артып, табыс таптым, - деп еске алады Сағат Саятұлы. - Алматы халық шаруашылық институтында оқыдым, экономикалық қылмыспен күрес бөлімінде, салық комитетінде жұмыс істедім, 90-шы жылдардың ортасында сауда-саттықпен де айналыстым.

Сағат Омарғалиев өзінің шағын кәсібін – ауылдық мекенде таптырмайтын агрегат - асензиатор машинасын сатып алудан бастаған. Кейінірек су таситын машина сатып алып, Бесағаш ауылында (Алматы облысы) шағын дүкен ашты. Бірақ бұл іске Сағат Саятұлының көңілі толмады, оған әлі алға жылжу керек болды:

- Кәсіпке кіріспеден ауқымды білімім бар екендігіне қарамастан «Даму» Қорында курс өтуге бел буып, сол жерден сертификат алдым. Қор менің ауылдан шаштараз ашу шешіміме қолдау танытты.

Енді Бесағашта Сағат Омарғалиевтің дүкені мен шаштаразы қатар орналасып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Бірақ бұл жетер шың емес! Сағат Саятұлы жақын уақытта іске қосқысы келетін тағы да бір жақсы ой бар:

- Мен үйімдегі мансардты тігін цехына арнағым келеді. Менің мұндағы басты мақсатым – мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын ұсынғым келеді. Сол үшін де мен жұмысқа,  алдымен,  осы топтағы адамдарды қабылдайтын боламын.

Бұл ойлардың барлығы жүзеге асатынына Сағат Саятұлы үлкен сеніммен қарайды. Ол өзінің үлкен арманы – аяғынан тік тұрып кететін уақытқа да сенеді. Сағат Омарғалиев, әр адамда ерекше әлеует болады деп есептейді әрі оңай болмаса да сол қабілетті ашуға болады.  Сонымен бірге Сағат Омарғалиев таңғажайыпқа сенеді – ол таңғажайып әр адамның өмірінде кез болуы мүмкін.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений