Бала күнгі арман мәңгілікке


Бала күнгі арман мәңгілікке
33 жасар Шынар Теміралина балалық шақтан бері ұлттық оюларды тігумен айналысады. Сондай-ақ ол, күндердің бір күнінде бұл әуестігі өмірінің негізгі кәсібіне айналса деп армандап келген. Белгілі болғандай, армандар әрқашан да орындалып жатады, бүгінгі күні Шынардың ұлттық нақыштағы өнімдерді тігетін шағын-цехы бар.

- Бала күннен мүгедектігім  болғанына қарамастан, мен әрқашанда жұмыс істеуге тырысатынмын. Тіптен, еңбек биржасында жұмыс істеген күндерім де болды. Соңғы бірнеше жылдан бері автожол колледжінде лаборант болып еңбек етудемін. Оған қоса, әрине өзімнің сүйікті ісіммен де айналысудамын, - дейді Шынар.

Шынар өткен жылы мүгедектігі бар кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Жұлдыздарға қара» жобасына қатысып, гран-при иегері атанады. Соның арқасында ол оверлог машинасын, тігін машинасының үстелін, бұйымдарды жаятын үстел мен креслоға қол жеткізді.

- Бұл жобаға қатысу мен үшін қорқынышты болды. Дегенімен, Ақтөбе қалалық мүмкіндігі шектеулі жандар клубының басшысы менің мұндай мүмкіндікті жібермей, өзімді көрсете білуіме көндірді. Соның арқасында мен «Даму» Қорына келдім, - деп еске алады Шынар.

Шынар «Жұлдыздарға қара» жобасына екі жыл қатарынан ізденуші ретінде қатысқан, ал осы жылы «Даму» Қорының қызметкерлері оны әділ қазы мүшесі ретінде шақырыпты.

- Шынымды айтсам, кәсіпкерлікпен айналысуды бастаған кезде біршама қиындау еді, әсіресе барлық құжаттамалар мен басқа да ұйымдастырушылық сәттері. Алайда, мен ақырындап іс жүргізуді үйрене бастадым, ал қазір онымен рахаттанудамын, - дейді тәжірибесімен бөліскен Шынар.

Шынар, үлкен қолдауды анасы білдіргенін айтады, әсіресе психологиялық жағынан. Ал төрт жыл бұрын Шынардың өмірінде өте қуанышты жағдай орын алған, оның Тәңірберген атты ұлы дүниеге келген. Бұл нәресте, Құдайдың расымен де Шынарға берген сыйы, өйткені дәрігерлер оған босануға түбегейлі қарсы болған.

- Әрине, босану қорқынышты болды, қайткенімен де менің денсаулығым сондай мәз емес еді ғой. Алайда, мен бұл дүниеде артымнан қандайда бір жалғастық қалдыруым керек қой, және ол менің ұлым, - деген сенімде ол.

Шынар клиенттерінің көп емес екендігін мойындайды, алайда олар бар. Кейбіреулер Шынар шеберханасын БАҚ арқылы біліп жатса, тағы бірі ол жайындағы мағлұматтарды интернеттен тауып жатады. Өйткені Шынар көптеген әлеуметтік желіде тіркелген. Ол өзінің шеберлігімен бөлісетін блогтарды да жүргізуде. Оған қоса Шынардың шәкірттері де бар, ол өзінің бар білгенін жастарға үйретуде.

- Мен, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен бедерленген төсек жамылғыларын әзірлеймін, сонымен қатар келін ұзатуында тарту етілетін - қыз жасауын да жасаймын. Қолымнан келетіннің барлығын күллі әлемге паш ете алатыным үшін өзімді бақытты сезінемін, - дейді Шынар.

Өз шығармашылығын жұртшылыққа жеткізу жолындағы Шынардың балалық арманы орындалды. Нақтырақ, ол күннен-күнге орындалуын жалғастырып, Шынарды нағыз бақытты жан етуде.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->