Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Анар Бексұлтановамен өмір сүру өнері


Анар Бексұлтанова Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Үлкен отбасында Анардан өзге тағы жеті бала болды. Алайда Анар балалардың арасындағы өзгешесі еді. Қыз балада туа бітті кемістік болып,  екі қолы жоқ болып өмір есігін ашты.  

Анар өзінің кемістіктеріне қарамастан, қатарындағы замандастарынан еш айырмашылығы болмағанын еске алады. Ол да құрбы-құрдастары сияқты мектепке барды, аулада ойнады, түрлі балалар ойнын ойлап тапты. Бірақ, бір ескеретіні өзге балалардың ата-аналарына қарағанда Анардың үй іші бұған әркез айбайлап жүруін көп өтінетін.

Мектепті тәмамдағаннан кейін Анар Тараз мемлекеттік университетіне түсіп, «биология пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша оқуын аяқтайды. Бірақ ол мектепке жұмыс істеуге бармады. Оның орнына тарихи мұражайға экскурсовод болып орналасады.

- Мен сурет салуды қатты ұнататынмын, - деп бөлісті Анар. – Бірақ менің талантым 10 жасымда ашылды ғой деймін. Мен бір жыл уақытты ол кезде Ленинград деп аталатын
Санкт-Петербургта, протездеу институтында өткіздім.  

Институт әкімшілігі өздерінің кішкентай  науқастарына көркем үйірмелер ұйымдастырды.
Міне, сол кезде, біздер, Кеңес Одағынан келген балалар, көркем өнердің және қолданбалы өнердің әліпбиімен таныстық.

Анар өзінің сулы тақтайшаға қандай да бір суретті көшіргенін, оның үстінен күйдіріп, сосын бояғанын және өте әдемі сурет шыққанын еске алады. Анар бүгін де сурет салады, табиғат көріністерін ұнатады. Бірақ бұл сүйікті суреттерін оған аяқтарының көмегімен салуына тура келеді.

- Әрине, үй шаруашылығымен жалғыз өзіме айналысу қиындық туғызады,  - деп мойындайды Анар.
-Бірақ, менің туыстарым көп, олар маған көмектеседі.

Бірнеше жыл бұрын Анар қалыңдыққа қазақ ұлттық стилінде жасау дайындаумен шұғылданды. Бір жыл бұрын ол достарынан қарыз алып, үйінде жасау дайындайтын шағын цех ашты. Анардың қолға алған жұмысының тасы бірден өрге домалады – тапсырыстар бірінен соң бірі толастамай келіп жатты, өзінің тұрақты тұтынушылары пайда болды. Енді Анар «Даму» қорының БЖК 2020 бағдарламасы бойынша байқауға қатысуға бекінді. Анар үш миллион теңге көлемінде грант жеңіп алды. Ол өзінің бұл жүлдесін өндірісін кеңейтуге және қосымша құрал-жабдықтар алуға жұмсамақ.

- Қазір менде тек бір ғана қызметкер жұмыс істейді, - дейді Анар. – Ол маған ауыр жұмыстарды атқаруыма көмектеседі: мысалға теңдей материалдарды көтеріп әкеп береді деген сияқты. Керекті жаңа құрал-жабдықтарды сатып ала салысымен жұмысқа тағы бірнеше адам алғым келеді. Әрі ол адамдардың мүмкіндігі шектеулі топтан болғанын қалаймын, себебі оларға жұмыс істеу және өмірдегі өздерінің керек екендіктерін сезіну өте маңызды.

Анардың тағы екі көмекшісі өсіп келеді. Олар өзінің 6 және 5 жастағы қыз балалары. Анар олардың әкелері жайлы тіс жарғысы келмейді. Ол балаларын өзі асырап отыр. Ал бүлдіршіндер болса, аналарына үй шаруашылығын атқаруға және жұмысына да көмектерін аямауға тырысуда.

- Қасымдағы көмекші қызметкерім үйіне қайтқанда мен жұмыста кеш қалып қоятын болсам, қайшыны әперуге, пішуге қажетті борды әперуге қыздарымды жұмсаймын. Қыздарым өскенде, мен сияқты тігін тігетіндіктерін айтады. Амандық болса, ол жағын өмір көрсетеді.

Анар кей кездерде жағдай күрделеніп кететінін де жасырмайды. Шаршап, жабырқайтын кездері де болады. Сол кезде ол өзіне бөгде адамның көзімен қарауға тырысады:

- Мен жабырқау сәттерде өзімді: сенің жұмысың бар, өзіңнің шағын кәсібің бар, баспанаң бар, сүп-сүйкімді қыздарың өсіп келеді, олай болса несіне налисың ?, - деп жұбатамын. Міне осындай ойлар мені шабыттандырады, рухымды көтереді.

Анар сонымен қатар адамдарды жақсы көреді. Ол өмірінде өзін ренжіткен және  аяқтан шалған адамдардың болғанын да жасырмайды. Қолайсыз уақыттарды ол есінен жақсы-жақсы әсерлер арқылы шығарып тастайды. Оның өмірінде көңілді шақтар және мейірімді адамдар көп кездескен.

- Менің жолым болды деп ойлаймын, - дейді Анар. - Мен де өзімді басқалар сияқты сезіндім. Ата-анам да, апай-бауырларым да, сыныптастарым да немесе топтастарым да ешқайсысы мені ренжіткен емес,  менің кеудемнен итерген кездері болмады. Сол үшін де мен өзімді мүгедек санамаймын. Мен де басқалар сияқты адаммын.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений