Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Тағдырды қайта құру


Тағдырды қайта құру
Қызылордалық Ғалым ЖҰМАНОВТЫҢ өмірін екі бөлімге бөлуге болады. Бірінші бөлімінде ол жақсы жұмысы бар, әдемі әйелі мен сүйкімді балалары қасында, өз баспанасы бар, жолы болғыш азамат. Ал өмірінің екінші бөлімінде мүлдем басқа адам: қарттар мен мүгедектерге арналған интернат, қараусыз, бөгде адамдар... Екі бөлім арасында – жан түршігерлік жол көлік апаты.

- Мен Қызылордада туып, өстім, - дейді Ғалым Серікбайұлы. – Мектепті 1981 жылы аяқтап, Павлодар индустриалды институтына түстім. Әскерде борышымды өтедім, одан кейін мансабымды жасадым – мен электр желісі мен жүйесі бойынша инженер маманымын. «Актюбмясопром» бірлестігінде электрцехының аға шебері қызметінен бастап, кейін бірлестіктің бас энергетигі, одан кейін «Гормолзавод»-та бас энергетик болдым,  Шымкентке келіп,  қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде бас энергетик қызметтерін атқардым.

Өміріндегі түбегейлі бетбұрыс 2001 жылы орын алды. Жол апатынан кейін Ғалым Жұманов мүгедек атанды.

- Омыртқа сынды, бауыр жарылды, ми шайқалды, - деп Жұманов өзінің ауыр кезеңдерін еске алды. – Аурухана да аурухана. Маған қиын болды, отбасыма одан да қиынға соқты. Сосын мен... Әйелімді босаттым. Мен сияқты мүгедекпен өмірін құрбан етіп қайтейін, өзінің бақытын тапсын деп шештім. Әкемді шақырып, мені өзімнің туған үйіме, Қызылордаға жеткізуін өтіндім. Маған облыстық медицина орталығында ота жасады, осылайша, мен ата-анамның қолында мүгедек болып қала бердім.

Ал 2005 жылы Ғалым Жұмановтың анасы өмірден озды. Енді жағдай мүлдем нашарлай түсті, себебі науқастың бабын тауып отырған осы анасы еді ғой.

- Сол кезде мен қарттар және мүгедектер үйіне жолдама сұрадым, - деп түсіндіреді Ғалым Серікбайұлы. – 2006 жылдан бері мемлекеттің бағып-қағуындамын, қазір осы жерде менің қасымда жүрген жандарға борышымды өтеуім керек, мен осы жерде аяғымнан тұрдым. Не дегенмен де, тәулік бойы дәрігерлер жаныңнан табылады, керек кезде саған тегін массаж курсын жасайды, кез келген терапияны жүзеге асырады, бұның барлығы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте маңызды. Мен қазір екі таяқтың көмегімен болса да өзім жүре аламын, қайда қаласам сонда өз еркіммен бара аламын. Бұның барлығы біздің үйіміздегі қызметкерлердің үлкен еңбегінің жемісі.

Ауыр жарақат Ғалымды мүгедек атандырғанымен, оның қайсар мінезін сындыра алмады. Оның немқұрайды өмір сүргісі келмейді, жұмыс істегісі келеді, қоғамға пайда тігізіп, балаларына қамқор болып, олардың жанында болғысы келеді.

- Мен балаларыммен арамыздың қарым-қатынасымызға қаяу түспегеніне, жақын адамдар болып қалғанымызға ризамын, - дейді бақытты әке.

Ұлы Жандос пен қызы Шолпан бұл күнде есейген, жиырмаға келіп қалған, немерелер қызығын көруге де аз қалды.  Немерелерін еркелетіп отырғанын елестететін Ғалым, сәбилер күлкісі толастамайтын үлкен үйі болуын армандайды. Және Ғалым тек армандап қоймайды, ол – өзінің тағдырын қайта құруды шешті: өзінің жеке кәсібін ашып, өз бетінше өмір сүруге бел буды.

- Бір күні жатып алып, былайша ойладым: басқа қалаларда кір жуатын орындар жақсы дамыған, ал Қызылордада ондай орындар жоқ, - деп түсіндіреді Жұманов. – Осы істі неге қолға алып көрмеске? Біздің интернат-үйдің директоры Сапура Сәрсенбаевамен ақылдасып көрдім. Ол адамда жұмыс істеуге деген құлшыныс пен ойдың болғаны жақсы дейді. Міне, осылайша мен мемлекеттің қарауында жүріп, кәсібімді аштым, жоспарлар құрдым. Бұған барлығы таң қалысты.

Өзінің аздаған қаржысына Ғалым кір жуатын машина сатып алды, жеке кәсіп ашты. Оның кішкентай кір жуатын орнына тұтынушылар келе бастады.

- Ары қарай не болды? Менің кәсіптегі тәжірибем де жоқ, оны ары қарай дамытуға қаржы да жетіспейді, - дейді ғалым. – Осы кезде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира ЖЫЛҚЫШИЕВА мынадай кеңес берді: «Сізге «Даму» қорына хабарласу керек. Сол жақта сізге жақсы көмек көрсете алады».

Жұманов тек жақсы кеңес алып қана қоймай, сонымен қатар шынайы қолдау тапқан  «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңес берушілері «Даму Start-Up» бағдарламасы аясында 70 пайызға дейін кепілдік алуға кеңес берді. Бағдарламаның талабы бойынша кір жуатын орынның иесі «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша экспресс-курстан өтіп, өзінің бизнес-жоспарын жазды.

- Мен өзімді әркез сауатты адаммын деп есептейтінмін, - деп күледі Ғалым. – Бірақ мені бизнес-курсында одан да көп нәрсеге үйретті. Құжаттарды заңды түрде қалай рәсімдеу керек, өзіңнің бизнес-жоспарыңды қалай жеткілікті деңгейде баяндау керек, мемлекеттік органдардан көмекті қалай алу керек, барлығын алдын ала қалай есептеу керек деген сияқты нәрселерді үйретті.  

Бизнес-курсында оқып, үйренгендері оның алда жүзеге асыратын істеріне айқын сүрлеу жол салып берді.

- Қазір маған кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларының біреуінің негізінде несие бөліп отыр, - дейді Жұманов.- Мен істі дамыту үшін екі миллион теңге аламын, менің несие бойынша міндетімнің жартысын қор есебінде мемлекет өз мойнына алады. Ол маған, салық төлеушіге,қатая түсуге көп көмегін тигізеді әрі еліміз үшін пайдалы.

Кір жуатын орынның иесі Ғалым Жұмановтың жоспарында жаңа құрал-жабдық сатып алу және тұтынушыларға қызмет көрсететін орынды кеңейту әрі қызмет сапасын жақсарту бар.

- Жоспарымдағы тағы бір нәрсе ол – өмір сүру!, - дейді зор екпінмен біздің қаһарман.
– Ештеңеге қарамастан, тек алға жылжу қажет. Себебі көмек қолын созатындар қашанда табылады. Ең бастысы – жұмыс істеуге деген ниет болып, барлық мүмкіндікті пайдалану керек.
Оның өмірінің үшінші бөлігі сәтті болады деп сенеміз...

Наталья ДЕНИСОВА.        


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений