Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Тағдыр жолы»: тәулігіне 24 сағат қамқорлық пен көмек


«Тағдыр жолы»: тәулігіне 24 сағат қамқорлық пен көмек
Жақында ғана Қазақстанда «Тағдыр жолы» атты қызмет іске қосылды. Ол қызмет «дабыл тетігі» арқылы қазақстандық қарттарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтамасыз етеді.

- Бізге қарағанда Ресейде бұл жоба бұрынырақ іске қосылған, - дейді «Тағдыр жолының» өкілі Ілия Омаров. Ал батыста «SOS тетігі» 30 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.

Бір жылдан астам уақыт бұрын Данияр Тенелов пен Виктор Афонин атты екі серіктес «Даму» қорының кәсіпкерлерге қолдау таныту мақсатында ұйымдастырған старт-ап идеялар байқауында өздерінің «Тағдыр жолы» атты жобаларын ұсынып, бірінші орын иеленген еді.

Күз мезгілінің басында серіктестер Қызылордада өткен Қазақстан Ақсақалдар кеңесінің сьезінде «Тағдыр жолының» тұсаукесерін өткізді.  Қатысушылар электронды көмек жүйесін құру идеясын  бірауыздан қолдады. Бұдан кейін жобаны іске асыру барысында біраз кідіріс болды: күнделікті күйбің тірлік Данияр мен Викторға қолбайлау болып, «Тағдыр жолымен» толығымен айналысуыларына мүмкіндік бермеді. Ал 2014 жылдың қаңтар айында оларға Ілияс Омаров қосылып, идеяның алға жылжуымен айналысты.

- Біз «Тағдыр жолының» тұсаукесерін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткізіп (ҰКП), көптеген жағымды пікірге куә болдық, - деп еске алады Ілияс. -  Бізді қолдады және жобаны жүзеге асыруымызға мүмкіндік берді. Өткен жылы «Даму» қорынан иеленген грантқа біз 150 «дабыл тетігін» сатып алдық. Олардың біреуі – 25 мың теңге тұрады. ҰКП әр ардагердің қызметке қосылған жылдық абоненттік төлем қаржысын өз мойындарына алып отыр. Осы жылдың мамыр айында 150 абонент алғаш рет «Тағдыр жолы» жүйесіне қосылды. Олардың барлығы Ұлы Отан Соғысының ардагерлері. Жыл бойы «Тағдыр жолына» ҰОС қалған ардагерлерін қосу жоспарлануда, ал бүгінде Қазақстанда олардың саны 6 мыңнан сәл асады. Ілиястың айтуынша, «SOS тетігіне» мұқтаж жандардың көбісі ардагерлерге теңестірілген жандар, олар респбулика бойынша шамамен 25 мыңды құрайды.  Олар тыл еңбеккерлері, Ленинград блокадасына қатысушылар.

- Қарт адамдар жедел көмек жүйесінің қызметіне өте мұқтаж, - дейді сеніммен Ілияс.

– Статистика көрсетіп отырғандай, мұндай көмек көрсетілуіне орай соңы өлімге ұласып жататын жағдайлар 5 есеге азайып отыр.

Жедел шақыру құрылғысы телефон жүйесі арқылы орнатылады. Оның түрі алқа немесе білезік сияқты, яғни абоненттік қалауына қарай. Қажетті жағдайда қарт адам құрылғының тетігін басады сол кезде жедел шақырту колл-орталыққа түседі. «Тағдыр жолы» құрылғысы дыбыс ұлғайтқышпен және микрофонмен жабдықталған. Оператор абонентпен сөйлесе алады, нақтылау үшін сұрақтар қоя алады. Егер адам өте нашар халде болып, сөзге келе алмай жатқан жағдайда 30 секунд үнсіздіктен кейін оператор «жедел жәрдемді» шақырады.

- Біздің базада әр абонент жайлы барлық ақпараттар бар, - дейді Ілияс. – Біз олардың қандай аурумен ауыратынын, оған қандай медициналық жәрдем қажет болатындығын және туыстарының арасында, алдымен, кімге хабарласуымыз керектігін бәрінен хабардармыз. Осы ақпараттардың бәрі жедел шақыру түсе салысымен бірден оператор мониторында көрсетіледі.
ҚР ҰКП Қазақстанның бизнес-қоғамдастығына «Тағдыр жолын» қолдаулары үшін хабарласты. Ағымдағы және келесі жылы осы әлеуметтік жобаға Қазақстан Республикасының ҰОС қатысқан барлық ардагерлері қамтылады деп күтіп отырмыз.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений