Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Let’s Go! Жұмыспен саяхатты қалай ұштастыруға болады


Let’s Go! Жұмыспен саяхатты қалай ұштастыруға болады
Наталья Соколованың журналистика саласында жүргеніне бүгінде 20 жылдай болды. Наталья өзінің кәсіби қызметінің көп бөлігін «Комсомольская правда в Казахстане» республикалық газетіне арнады. Соңғы 7 жылда ол басылымның шеф-редакторы қызметінде. Ал 4 жылдан бері Наталья өзінің меншік «Let’s Go!» журналын басқарып келеді.
- Өзімнің журналымды ашу идеясы аяқастынан болды, - деп еске алады Наталья Александровна. – Мені басылымдардың бірі жұмысқа шақырды, ондағы басты тақырып – саяхат жайлы еді. Ал мен өз журналымды ашуға бел будым, себебі саяхат жасауды мен өте жақсы көремін.

Егер жақындарыңның, достарыңның және ұжымыңның мықты қолдауы болмаса, ешнәрсе оңай болмайтындығын Наталья жасырмайды. Басылымның бірінші саны дем дегенде дайындалды. Натальяда өзінің бұрынғы саяхаттарында жазған көптеген авторлық материалы болды, кейбір мақалаларды журналист-достары дайындады.

- Әрине, алғашқы санын мен ыстық-суығым басылмай атқардым, - деп жасырмады Наталья Соколова. – Жақында ғана сол басылымды қайта қарадым, жетілдіретін тұстары көп екен. Соған қарамастан, ол өте әдемі, қызықты және ақпаратқа толы болып шықты. Ал бүгінде біз 29 санын шығарып үлгердік және мен әр саны сайын журнал жақсарып келе жатқандығын сеніммен айта аламын.

Наталья 4 жыл бұрын: Түркия, Тайланд, Камбоджа, Франция, Германия, Чехия, Монако сияқты басқа да бірнеше жерді аралады. Оның айтуынша, өзінің қызы Варвараға әлемді көрсетудің керемет мүмкіндігі туып тұр. Қызы анасымен бірге саяхаттайды.

- Барлығына қолды бір сілтей салғың келетін кездер болады ма? Жоқ, мұндай сәт кездеспеді, -дейді Наталья. – Бірақ кей кезде, шынымен де, шаршап кетесің, оның үстіне мен «Комсомолкада» шеф-редакторлық етемін. Нәтижесінде маған екі жобаны алып жүруіме тура келеді.

Наталья Александровна бұл жобада бірнеше қызметті өз мойнына алған. Әкімшілік жұмыспен, бухгалтерлік және заңды аспектілермен, материалдарды редакциялап, жарнама берушілерді іздеу жұмыстарының барлығымен өзі айналысуына тура келеді.

Жұмыстың көптігіне қарамастан, Наталья жақын арада үшінші жобаны іске қоспақ.
- Кезекті жолсапардан оралғаннан кейін, мен көрген-түйгендерімді тек журнал беті арқылы ғана айтып қоймауым керектігіне көзім жетті. Осылайша, «Let’s Go!»-дың теленұсқасын жасау идеясы пайда болды. Қазір біздің топ саяхат жайлы тележурналдың алғашқы сериясын жасау жұмыстарын аяқтап жатыр.

Жұмыстың мұндай көлемін бір өзің тындыра алмайсың. Натальяға өзінің баспагерлік кәсібінде кім қол ұшын созып отыр?

- Әлбетте, ең алдымен, ол менің отбасым. Өзімнің әрекетіме күмәнмен қарап, ақсай бастасам қашанда қолдау танытатын менің достарым. Менің ұжымым, соның ішінде «Комсомольской правды в Казахстане» ұжымы. Бір сөзбен айтқанда менің айналамдағылардың бәрі.  

Саяхаттауды жұмыспен алмастыруға әрі бір мезетте демалуға да болады ма? Натальяның айтуынша, кәсіби саяхаттауда әр сағаттың өз кестесі бар. Көбіне аз ғана уақыт ішінде бірнеше қаланы немесе мемлекетті аралап шығуыңа тура келеді. Сол үшін де демалыс деп үзілді-кесілді айтуға да келмес. Бірақ жақында Наталья Соколова жағдайды өзгертпек: екі аптадан кейін ол қызымен бірге Франциядағы Диснейлендке жолға шықпақ. Let’s Go!


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений