Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қатаң бәсекелестік – өздігіңнен дамуға жігерлендіріп отырады


Қатаң бәсекелестік – өздігіңнен дамуға жігерлендіріп отырады
«Бахыт» Қолданбалы білім орталығының басшысы Жайна, 2013 жылдың шілдесінен бастап білім беру мен басқарудағы өз машығын жетілдіруді жалғастыра түседі.

Копирайтер, жарнамашы, маклер, сату бойынша менеджер, әкімгер, кассир, рекрутер... Тіл үйрету курсының басшысы болған  Жайна Молдабекова басқарушылық жұмыста ешқандай тәжірибелік дағдысының жоқтығына қарамай, көптеген мамандықтарды игеріп алды, ең бастысы өзі ойлаған іспен айналысуды.

- Тілдік курстар өте көп. Алматыны санамағанның өзінде, басқа өңірлер шетелдік тіл үйрету курстарын көптеп ұсына алады. Мен мамандығым бойынша ағылшын тілінің оқытушысымын. Алайда, оқуды тәмамдаған соң шетелдік компанияда жұмыс істеуді қаладым, - дейді Жайна.

Тәжірибем текке кеткен жоқ, шетелдік компаниялар ағылшын тілін еркін меңгеруді үнемі талап етіп отырды, ал батыстық менеджмент бизнес үрдістің негізін қалады, яғни есептердің және В2В мен В2С сегментіндегі жақсы сервис деңгейінің.

Орынды іздеу, оқытушыларды жинау, клиен іздеу, сайт жасауды алғашқы кезде жас кәсіпкерлер алды. Алайда, бастағанды аяғына дейін жеткізу әдетім мен мінезім өз дегенін көрсетті: ағылшын тілін үйрету курсы бар күшімен жұмыс істеді. Осы уақыттар бойы оған 12 жасар ұлы – Ернұр қолдау көрсетіп келген, кейде жұмыста сағат 22.00 дейін кеш қалып немесе демалыс күндері жұмыс істеуге тура келетін сәттер де болады.

- Клиенттер қазір өз уақыттарын бағалай біледі әрі не үшін ақша төлеп отырғандарын түсінеді. Сондықтанда, орналасу орны мен қолайлы кестеден бөлек қызмет көрсету деңгейі мен бағаның жайлылығына да мән береді. Мен жекеле білім алуға, қол жетімділікке және тиімділікке үлкен пәрмен бердім. Курс барысында тыңдаушыларға да, оқытушыларға да бірден қатаң тәртіп жағдайын қойдым. Меніңше, тәртіп болмайынша ешқандай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Өз жұмысын жақсы көретін әрі мағлұматты студентке дұрыс жеткізудегі оқытушылардың кәсібилігі де маңызды рөл атқарады, -дейді Жайна.

Жайна жұмысшыларды таңдау кезінде оқытушылардың жақсы білімі аздық етеді, ол ана тілінен өзге тілді үйретуде және меңгеріп кетуіне өте ынтызар болуы керек деген ойда.

- Тағы бір айта кететін жайт, біздің кішкентай ұжымымыз өздігінен жетілуде. Біз, тыңдармандарымыздың сұранысына сай әрі олардың деңгейінен асып түсіп, заман талабына жауап беру қажеттілігін түсіндік. Барлығы біліктілікті жоғарылату үшін түрлі курстарға жаңа мамандықтар бойынша жазылды. Міне, осылар әрдайым бізді тонуста ұстап отырады, - деп атап өтті Жайна.

Оқытушы мамандығындағы ең бастысы  – бұл көмектесуге деген ықылас, өз ісіңе сүйіспеншілікпен қарау, тек жалақы алу ғана емес.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений