Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Мега Хостел» меймандарын күтеді


«Мега Хостел» меймандарын күтеді
Хостел біздің еліміз үшін кәсіптің жаңа бағыты болып табылады. Батыс елдерінде түрлі талғамға арналған көптеген хостел бар, ал Қазақстанда хостел сөзінің өзі жаңалық болып отыр.

Бірінші хостел ХХ ғасырдың басында Германияда мектеп ұстазы Рихард Ширманның жеңіл қолынын нәтижесінде пайда болған. Бір күні ол өзінің оқушыларына демалыс сайын қала сыртына саяхат ұйымдастыруды шешті. Бір айта кетерлігі барлық оқушылар кедей отбасынан еді әрі олар өзге қалада өздерінің жатын орындарына ақы төлей де алмайды. Ширманн және оның қол астындағылар жергілікті мектептерде түнейтін – олар демалыс күндері және демалыс кездерінде бос болатын.

Уақыт келе Шарманн тұрақты негізде жұмыс істейтін жастарды арзан бағамен орналастыру идеясына келеді. Осындай хостелді ұстаз өзі жұмыс істейтін мектепке оналастырды. Кешкілікте Ширманн бірнеше оқушылармен сыныптардан парта және орындықтарды шығарып тастап, еденге сабан толы қап төсейтін. Ал таңертең ерте қонақтар  ұстазға  бұл кереуеттерді кері шығарып парта-орындықтарды қайта орнына әкеліп, қоюға көмектесетін.

Бүгінде хостелдер негізінен Еуропада кеңінен танымал, олар спорт командасының жастарына және қажылыққа ниет еткендерге арналған. Ереже бойынша хостелдердегі жуынатын бөлме мен ас үйді ортақ қолданады.

Қазақстанда алғашқы хостелдер жақында ғана – екі жылдай уақыт шамаларында ғана пайда болды. Ал осы жылдың наурыз айында Алматыда «Мега Хостел» өз есігін ашты.

- Бұрын мен мұндай кәсіппен айналысып көрмедім, - дейді Ерлік Құдабаев. – Алайда қонақжайлылық біздің қанымызда бар ғой, сол үшін мен жақындарыммен ақылдаса отырып, жаңа кәсіппен айналысып көруге бел будым. Әрине оңай емес: интернеттен ақпараттар іздеу керек, нарықты және бәсекелестерді меңгеру керек, отбасымен кеңесу керек, түйсікпен жұмыс істеу керек.

Кез келген кәсіпті қолға алу бұл – үлкен тәуекел. Кәсіпке Ерліктің жаңадан келгенін ескеретін болсақ, нарық әлі толықтай дамыған жоқ, старт-аптағы жауапкершілік те өте зор.


Алғашқы қаржыны Құдабаев жиһаз алуға, төсек-орын жабдықтарына және басқа да керекті заттарға жұмсады.

- Ғимарат болды, тек біз оған күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік, - дейді Ерлік. – Сайтты туысым жасап берді, өзіміз әрқайсымыз міндеттерді бөліп алдық, біріміз бухгалтерлік жұмыстарды, біріміз тазалық пен тәртіпті қолға алуда және тағы басқа жұмыстарды иемдендік.

Қаланың жоғары жағында орналасқан хостелде 2-, 3-, 6- және 10-орындық бөлмелер, жабдықталған ас үй, жүк сақтау камерасы, wi-fi, үтік, қонақтарға арналған компьютерлер, дәріханалар, фен және ақылы қызметтер: таңғы ас, басып шығару, сканер, факс, басқа да қажетті қызмет түрлері, трансфер бар. Хостел өзінің алғашқы қадамдарын бастап жатқандықтан, қонақтардың қалауына орай қызмет түрлері күнделікті жаңартылу үстінде. Хостелдегі тәуліктік баға қонақ үйлермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді: бөлме мен қызмет түріне қарай 2000-5000 теңге аралығын құрайды.

Ерліктің айтуынша, біздің отандастарымыздың көбісінің әр өңірде туыстары немесе достары көп болғандықтан бұл мекемеге қазақстандықтар өте аз келеді. Осы немесе басқа аймақтарға сапарлары барысында соларға түнеуді жөн санайды. Ал іс-сапармен келетіндер компания тарапынан төленетіндіктен қонақ үйлерге орналасқанды қалайды. Сол үшін де Ерліктің негізгі қонақтары – жақын және алыс шетелден келгендер.  

- Бізде АҚШ-тан, Финляндиядан, Ұлыбританиядан, Малайзиядан қонақтар келді. Тұрақты меймандарымыз – Қырғызстан мен Тәжікстаннан келетіндер. Олар бізді өздері тауып алады, бізбен хабарласып, орынға тапсырыс береді, - дейді Ерлік. Бірнеше рет бізде қазақстандықтар да қонған болатын, олар: бишілер ұжымы мен спорт командалары.

Қазіргі таңда «Мега Хостел» қожайыны шығындарды оңтайландыру, қателіктерді түзету және жаңа қызмет түрлерін ойластыру жұмыстарын атқарып жатыр. Өзінің ұйымдасқан командасымен Ерлік кәсіпорын үшін өте тиімді жарнама түрін және ақпараттық арналарды ойластыруда. Хостелдің ашылғанына аз ғана уақыт болғандықтан Құдабаев әзірге бұл кәсіптің шарықтау-құлдыру шағын бақылап үлгермеді, бірақ хостелге қонақтарды тартуда шетелдік тәжірибені меңгеруде белсенділік танытып, мекеменің тиімділігін арттыру үстінде.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений