Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Тігін ісінің шебері


Тігін ісінің шебері
Мамандығы бойынша метеоролог Сманова Ұлдана, бала кезінен тігінмен айналысады. Бірақ ол сүйікті ісінің негізгі кәсібіне айналып әрі табыс көзін әкелетіндігін ойламаған еді. Ол Шымкентте дүниеге келген. Туған қаласында мектепті тәмамдағаннан кейін, алматылық гидрометеорологиялық мектептің курсына оқуға түсті. Курсты сәтті аяқтағаннан соң жолдама бойынша Талдықорған әуежайына жұмысқа тұрды. Бұған қоса, құжаттарын мәскеулік гидрометеорологиялық институттың сыртқы оқу бөліміне тапсырады. Жұмыс істеп жүрген кездерінде Мәскеуге сессияға барып тұрды. Климаттың өзгеруі жас қыздың денсаулығына кері әсер етті. Оқу жылының аяқталуына қарай ауру асқынып, Ұлдана көптен күткен дипломын да, жұмысында тастауға мұқтаж болды. Сырқаттың ұзақтығы әрі емдеудің нәтижесіздігінен мүгедек халге түсті.

- Бірақ бұның барлығы маған қатал кесім емес, - дейді Ұлдана. – Әрине, аурухана, дәрі-дәрмек, ұзақ уақыт ем қабылдау барлығы адам сеніміне кірбің келтіретіні және өмірге деген күресін бәсеңдететіні жасырын емес. 90 жылдардың басын еске түсіріңізші. Дәрігерлер медицинаны тастап кетіп жатты, дәрі жоқ, оларды қара базардан алу мүмкін емес немесе өте қымбат тұрды. Егер менің отбасымның қолдауы болмағанда, мұндай қиындықтарды қалай жеңуді де білмеген едім. Жұмысқа жарамсыз болып қалған кезімде де мен жақында қайта қызметке ораламын, ұжымның бір мүшесі боламын деп армандадым.

- Осы арманым мені ОҚО мүгедектерге арналған оңалту орталығына жетеледі. Ол жақтан маған үлкен қолдау болды, мен сол жақтан «Қазақстанда жұмысқа орналасуға және инновацияның дамуына жәрдемдесу» бағдарламасынан өттім. Бұл БҰҰ ДБ мен норвегиялық SYSLAB International компаниясының бірлескен арнайы бағдарламасы. Бағдарлама аясында жұмыс іздеудің және бизнес-жоспар жасаудың тиімді жолдары бойынша тренингтер жүргізілді. Тіпті, сертификат та табыс етті. Үйімізде қашаннан апамның ескі тігін машинасы тұратын. Міне сол машина маған сеп болды. Мен киім пішуді, тігуді бала кезімнен ұнататынмын. Солардың барлығын еске түсіріп, қайта үйренуге тура келді. Оған да оңалту орталығында көмек қолын созды. Міне, осылайша біртіндеп мен тігінші болдым, - деп бөліседі Ұлдана.

Ол ерлерге арналған киімдерді тігуге маманданып жатыр. Әсіресе, көбіне әскери киімдер, кимбинезондар, сырт киімдер, арнайы киімдерді көп тігеді. Бүгінде оның тұрақты тұтынушылары да аз емес. Жарнамасы «сарафан радиосы» арқылы жасалып жатыр. Ол өзінің үйін тігін шеберханасына айналдырған. Киімді киіп көру, өлшеу және жұмыс істеу, демалу сияқты арнайы бұрыштары да бар.

- Алғашқы тұрақты тұтынушым пайда болғаннан кейін, мен ескі машинамен жұмыс істейтін болсам мүмкіндіктерім де аздау екенін және тұтынушыларды жоғалтып алуым да мүмкін деген ойға келдім. Мен енді жаңа тігін машинасын сатып алу үшін қаражатты қайдан алуға болатындығын іздей бастадым. Тағы да сол оңалту орталығындағылар «Даму» Қорына хабарласуыма кеңес берді. Қорда мен арнайы семинарлардан өттім және олардың көмегімен бизнес жоспарымды құрдым. Қор қызметкерлерінің барлығын егжей-тегжей түсіндіріп, көмеу көрсетуге деген ілтипаттарын ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі таңда мұндай қасиеттер екінің бірінде кездесе бермейді ғой. Бақытыма орай, жоспарымды мақұлдады, осылайша мен жаңа тігін машинасының иесі болдым, - дейді ол.

Қазір ол өзінің жұмысын жылдам әрі оңай атқарады. Киімнің түрлерінің алуандығында таңдап алушылардың да бірден мәмілеге келе қоймасы анық. Кейбіреуінің дене мүсінінде өзіне тән ерекшелік болады, сол себепті дайын киімдерді қайта жөндеуің керек. Кейде тіпті киімдерді қайта пішуге тура келеді. Оларға матаны сатып алып өзінің жеке шеберіне тігінге тапсырыс берген оңай. Әр адам жеке тұлға әрі ол ешкімге ұқсамайды. Киімде де солай, өзінің киіміне ұқсас үлгіні екінші біреудің үстінен көргісі келмейді. Кейбіреулерге арнайы киім үлгісін тігу керек болады.

- Міне менің тұтынушыларым осындай жандар. Олардың әрқайсысына асқан ықыласпен қараймын. Жаңа маталар пайда болатынын, сән өзгеріп тұратындығын да естен шығармау керек. Тұтынушыларымның сұраныстарын қанағаттандыру үшін тағы да бір жаңа тігін машинасын сатып алуды жоспарлап отырмын. Қазір оның қандай үлгіде болатындығын қарастырып жатырмын. Осы жолы өз күшім мен қаражатым жететін шығар деп ойлаймын, - дейді Ұлдана.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений