Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Аударма ісінің қиындықтары


Аударма ісінің қиындықтары
Ол ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінде білім алып жүрген кезде-ақ өзінің кішкентай аударма агенттігін ашуды армандаған. Осы уақытқа дейін ол кейбір агенттіктерден тапсырысқа аударма алып, қосымша ақша табумен айналысып келген. Тапсырыстар да, жұмыс та өте көп болды, алайда неге екені белгісіз ақшаны аз алатын. Мұның бәрі, оны «өзіңе жұмыс істе» деген ойға итермелеумен болды.

- Оқып жүрген кезде, 2 курсты аяқтар тұста халықаралық білім беру грантын ұтып алдым, сонымен ҚХР-дің Ланьчжоу қаласындағы ең үздік ЖОО-дың біріне бір жылға тілдік тәжірибеден өтуге аттандым.

Нақты осы сапар менің тағдырымның шешуші кезеңіне айналды деседе болады. 20 жасымда мен жаңа студенттерге қытай тілін үйретіп қана қоймай, қытай мәдениеті, психологиясы, тарихы және сәулет өнері жайлы мағлұматты айтып бере алатынмын, - дейді Мерей Ақкамиев.

Қытай жеріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін оған қытай тілін үйрететін Студенттер одағын басқаруды ұсынады. Міне, осылайша ол әлемнің 15 елінен келген 120-дан астам адамы бар кішкене альянсты басқаруға кіріседі. Өзінің кішкентай альянсында таныстырылған әр елдің мәдениеті, халықтардың салт-дәстүрі жайлы көп әңгіме қозғайды.

- Көп көңілді біз әрине білімге аудардық. Біз әр елдің өзіндік білім беру стандарттары мен жаппай жүйесінің алуан түрлі екендігін біле бермеген екенбіз. Әдістемеліктер мен жеткізу үлгісі әр түрлі. Мұның бәрі мені қанаттандырып, өз өмірімді нақты біліммен ғана байланыстырам деген шешімге келдім. Маған барлығы қызық болды. Қай елде қандай пәндер оқытылады дегеннен бастап, оқу біткенде берілетін сертификат пен диплом қаншалықты өзгеше болады дегенге дейін, - дейді Мерей.

- Кейін Қазақстанға оралдым, сол кезде Дәулет деген досым да шетелдік тәжірибеден келіп жатқан болатын. Ол бірге отырып «маңызды істі» талқылауға шақырды. Біздің «маңызды ісіміз» бес жылға созылып кетті, -деп күледі Мерей. – Осы бес жыл бойы өзіміз ашамыз деген кішкентай аударма агенттігінің жоспарын құрумен болдық. Сонымен 2012 жылдың көктемінде тәуекелге бел будық.

"East-West Education and Services" атты кеме үрей жағасынан сенімсіздік таныта отырып келесі беттегі  жағаға шықты.

- Бірінші қиындықтар әрине қаржы жағынан болды: жалға алынған кеңсе бағасын төлеуден бастап, көрсетілген қызметке ақша төлемей кеткен тапсырыс берушілердің шығынын толтыру. Бизнес әлемі бізді жайдарлы жүзбен қарсы алды. Алғашқы 7-8 ай еш табыссыз жұмыс істедік. Алайда кейін бәрі орнына келді. Жыл соңына қарай жұмысымыз оңға басып, бірнеше тендр ұтып алдық, яғни жазбалық аударма қызметі бойынша қызмет көрсету, міне осылайша жұмыс өз ырқымен кете барды, -деп еске алады Мерей.

Қазіргі таңда біз әлемнің көптеген елінің тілінде жазба аударма бойынша қызмет көрсетеміз. ҚХР, Америка құрама штаттарына, Канадаға, Еуропаға оқуға жібереміз. Агенттігіміздің штаты сондай үлкен емес, қызметкерлер жас әрі ұйымшыл. Оған қоса, біз аудармашы-фрилансерлермен де істейміз,  яғни жұмыс көлемі ұлғайып кеткенде оларға жүгінеміз.

Қазір өзге кәсіпкерлер сияқты компанияны кеңейтуді жоспарлаудамын. Өйткені қол жеткізген жетістікте тоқтап қалмау керек. Жаңашылдықты іздеу, клиенттерді сақтап қалу және жұмысты жетілдіре түсу жоспарлары қызметті сапалы етіп, жігерлендіре түседі. Оған қоса нарықтағы бәсекелестік те жоғары. Осы тасқында жоғалып кетпей, әрқашан ерекшеленіп тұру маңызды, - дейді Мерей.




Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений