Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қиындықтарды жеңе білу


Қиындықтарды жеңе білу
Еңбексүйгіш әрі мойынсынуды білмейтін Рахия Нүрпейісова тағыда өз ісін ашуда. Жаңа қала, жаңа адамдар, жаңа жағдай. Клиенттерді қайдан табу керек, жарнаманы қалай жасау керек, фурнитураны қайдан алу қажет? Алайда қиындықтар біздің кейіпкерімізді қорқыта алмайды, өйткені Рахия оларды жеңуге дағдыланған.

Рахия Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Бақша дақылдары мен мақта өніміне бай бұл аймақ ауа райының ыстықтығымен де танымал. Ол бала кезінде дәрігер болып, адамдарды емдеуді армандаған. Алайда 11 жасында ол ірі жол көлік апатын басынан өткереді. Соның салдарынан аяғы протезделіп, мүгедек болып қалған біздің кейіперіміздің тағдыры аяқ астынан күрт өзгеріп шыға келді.

- Мектепті тәмамдаған кезімде қайда тапсырам, қандай мамандықты таңдау керек деген сауалдар туындады. Ата-анаммен кеңесе келе Шымкент қаласындағы кәсіби техникалық училищенің тігін мамандығына тапсырдым.

Бұл бағытты мен тегін таңдағам жоқ. Анамның тігін машинасы бар болатын әрі бала кезімнен оның тігінмен айналысқанын көріп келдім. Училищеде жүргенде тігіннің моделдеу, құрастыру тәсілдерінің қыр-сырын меңгердім. Алғашқы кезде қиын әрі көптеген нәрсе түсініксіз болды. Содан оқытушыларымыздың арқасында алғашқы қадамдар жасалып, бірінші моделдер құрастырылды. Ақырындап жұмыс барысына еніп, нәтижелері бізді қуанта  түсті. Өз ісін жақсы көретін әрі тыңғылықты түсіндіріп, білімі мен тәжірибелерін бізге бере білген оқытушыларыма алғысым шексіз, - дейді  Рахия.

Дилпломын алысымен ол үйіне келіп жаңа тапсырыстар іздей бастайды. Алғашқылар болып достары, көршілері және туыстары тапсырыс беріп, клиенті атанады. Әжесінің ескі тігін машинасы оған анасы арқылы келеді. Дегенімен, ауылдағы жұмыстың аздығы оны Шымкент қаласына келіп, жеке меншік ательдердің біріне жұмысқа тұруға итермеледі. Кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесінің молдығы оған жұмыс табуға қиындық туғызбады.

- Маған әйелдер киімін тіккен ұнайды: кешке киетін көйлектер, униформа, тіптен жоғарғы киімдерді де. Қыз бала ретінде оларды жақсы түсінемін, әрі олар да өздерінің идеясы мен қалауын айта біледі. Кәсіби маман ретінде матаны таңдауда да көмектесе білем. Ең маңыздысы біздің арамызда түсіністік пен байланыстың болуы. Тапсырыс киімі деген – бұл сенің жеке киімің. Егер қыздар дүкеннен қандайда бір көйлекті көрсе, оны киіп көріп оның жарасатындығын, жараспайтындығын бірден түсінеді. Ал, жекелей тігу барысында тапсырыс берушінің фантазиясы тігіншінің шеберлігімен сәйкестене түсуі қажет, - дейді Рахия.

Жеке меншік ательеде жұмыс істеген жылдары Рахия мол тәжірибемен қоса клиенттерді де жинады, мұның бәрі оның өз ісін ашуға жетеледі. Алғашқы қиындықтар тігін машинасы мен жалға  алу орнына қатысты болды. Алғашқы сұрақ бойынша мәселе анағұрлым жылдам шешілді. Реаблитациялық орталықтан ол кәсіпкерлікті дамыту «Даму» аймақтық Қоры мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Жұлдыздарға қара» байқауын өткізетіндігін естиді. Абырой болғанда талпынысы сәтті болып, Рахия жаңа тігін машинасының иегері атанады. Кейін бөлмені жалға алмай, үйде тігуді жөн санайды. Бірнеше ай өткен соң өзі жинаған қаражатқа атқаратын қызметі анағұрлым жоғары тағы бір тігін машинасын сатып алады.

- Өткен жылдың соңында мен күйеуге шықтым. Бұрын мен барлығын тек өзім ғана шешіп келсем, қазір жолдасыммен ақылдасамын. Жарты жыл бұрын ақылдаса келе Алматы қаласына көшуді ұйғардық. Ол бірден жұмысқа орналасты. Ал маған жаңа жерде өз ісімді ашу жайын ойлауға тура келеді. Біз пәтер мен бір бөлмені жалға алып отырмыз. Қазір таныстар мен көршілер арқылы тапсырыс іздеудемін. Әрине, көлемі жағынан Шымкенттегідей емес. Дегенімен, онда мен клиенттерімді бір жылда жинаған жоқпын ғой. Алматы үлкен қала, уақыт өте келе жұмыс қарқыны ұлғайып, барлығы өз орнына келеді деген үміттемін, - дейді ол.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений