Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Өз кәсібім


Өз кәсібім
Нұрғали Сақтағанов 2014 жылы қаржылай грантты жеңіп алған үш жеңіпмаздың бірі. Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы оған сауатты бизнес-жоспар құруға көмектесіп, бинзнестің негізін оқытты. Нәтижесінде жас кәсіпкер өтеусіз қаржыға ие болды. Нұрғали Сақтағановтың сөзінше, бұл жылы грант иелену үшін байқауға 19 кәсіпкер қатысқан. Алайда ең маңыздысы болып нәтижесінде байқаудың жеңімпаздары атанған үш қатысушының жобалары танылған. - Мемлекеттің гранттық қолдауына мен де ие болдым, сол үшін де кәсіпкерлер палатасына және аймақтық «Даму» қорына алғысым шексіз. Шын мәнінде бізде кәсіппен айналысуға мүмкін екендігіне, тіпті қажет екендігіне көзім жетті, - дейді өзінің қуанышымен бөліскен грант иегері.

Нұрғали Сақтағанов өзінің «Жиһазды тапсырыспен жасау» жобасы бойынша Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында бүгіннен-ақ алғашқы тапсырысты қабылдауға дайын. Сәуір айында Ақтауда «Бизнес негізі» тақырыбында аймақтық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткен болатын. Кәсіпкерлік қызметтің негізі жайлы «Туран-профи» халықаралық кәсіби академиясының» бизнес-тренері Вера Котович оқытқан еді.


Оқыту ол кезде: стратегиялық және бизнес-жоспарлау, бейқаржыгерлерге арналған қаржы, маркетинг және сауда, бизнес-үдерістерді басқару, адами ресурстарды басқару, салық пен құқық, сәтті бизнес-жоспар құру, кәсіпкерлерге арналған мекемеге қаржылық қызмет көрсету сияқты бірнеше бағыт бойынша жүргізілді Курстан өзінің шаруашылығын ашуға бекінгендер сонымен бірге, бүгінде кәсібін жүргізіп отырған, өзінің білімін жетілдіргісі келгендер өтті. Тыңдаушылар қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да болды, солардың бірі Нұрғали Сақтағанов. - Барлық тыңдаушылардың керекті ақпаратты іздеуге кететін уақыттары үнемделіп, бес күнге ұласқан осы семинар барысында кең көлемде білім алды. Семинар қорытындысы кезінде барлық қатысушылар өздерінің бизнес-жоспарларын қорғап, сертификаттарға ие болды. Нұрғали Сақтағанов жақын арада өзінің алғашқы кірісіне қол жеткізеді деп сенеміз, - дейді аймақтық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Баймұрат Аленов. дерек көзі: www.ogni.kz

Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений