Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қалдықтың екінші өмірі


Қалдықтың екінші өмірі

Сарапшылардың бағалауынша, бүгінде Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналған көлемі 25 млрд тоннаны құрайды. Полигондардың жалпы саны 4 мыңнан асып түседі, бірақ олардың тек 307-сі ғана заңдастырылған. Олардың біреуі ҚТҚ қайта өңдеу болып табылады. Бірақ олардың жағдайы да мәз емес: қатты қалдықтардың тек  5%-ы ғана қайта өңделеді, ал қалған 95%-ы сақтау және көму үшін полигондарға жөнелтіледі. Жыл басындағы үкімет отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев: «Егер біз дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену концепциясын жүзеге асыруды айтатын болсақ, онда ҚТҚ пайдаға асыру мәселесі ең негізгілердің бірі болмақ», -деген болатын. Десек те жасыл экономикаға көшу қажеттілігі жайлы қаншама айтылып жатса да қалдықтар бүгінде өздеріне ақырындап «екінші өмір» іздеуде.

Көптеген батыс елінде қалдықты жинаудың арнайы жолы бар, кейін ол әр қалдықтың түріне қарай қайта өңделеді. Мысалға, Германияда ҚТҚ-ның тек 0,5%-ы ғана полигондарға жіберіледі, ал қалғаны қайта өңделеді.

Қазақстанда «қалдықты өмірге қайта әкелетін» бірнеше зауытттар бар, бірақ полигондардың толып кетуін азайту үшін олардың күштері тым аз. Шикізатқа деген шығынның жоқтығы, дайын өнімнің барлық шығыстарды артығымен жабатындығына қарай, қалдықты өңдеу бүкіл әлемде барынша пайдалы іс болып саналады. Бірақ қазақстандық кәсіпкерлер мұндай кәсіп түріне әзірге назар аудармай отыр. Ерекшелігі де осы дейді Сәуле Қаратаева.  

Сәуле Colliers International Kazakhstan аймақтық директоры қызметін атқарған, 2010 жылы АҚШ-қа көшіп кетті. Мұхиттың ар жағында ол «А» класындағы бизнес-орталықта кофехана ашып, жұмысын аяғынан тік тұрғызғаннан кейін оны сатуды шешті. Одан кейін ол өзінің жанына жақын іспен айналысты - америкалық серіктестерімен консалтингтік компания құрды. Кейін, еліне қайтар уақыт жеткендігін түсінгеннен кейін ол келешекте отбасылық іске ұласатын осындай кәсіп түрін Қазақстанда ашуға бел буды.

Идеялар іздей бастады, дәл осы кезде бизнесвумен биосинтетикалық ағаштардан шығатын ҚТҚ өңдеуге көңіл аударды. Сәуле идея авторы – ЕКТ (EcoLogic Wood Technologie) президенті Карлос Уолтер Флистермен хабарласып, Бразилияға ұшып кетті, осыдан бастап биосинтетикалық ағаштар (БСА) кезеңі басталды. Осы кәсіпкермен танысқаннан кейін ол бұл идеяны тез арада Қазақстанда жүзеге асыруға бел буды. Karat Enterprises LLC Америкада және Karat International KZ Қазақстанда атты екі компания ЕКТ мен келісім шартқа қол қойды. Олар ЕКТ-ның Қазақстандағы эксклюзивті өкілдері. Қазіргі уақытта Қаратаева БСА өндірісі бойынша бірден  – Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне сауда-саттық жасауға және зауыттар құрылысына эксклюзивті құқыққа ие. Сәуле Қазақстандағы қалдық мәселесіндегі ең негізгісі қатардағы азаматтардың, қоқыс жинаушы компаниялардың және полигон иелерінің мәдениетсіздігі деп санайды. Соңғысы барлық контейнерлерден қалдықтарды жинайды және тығыздайды. Әрине бұл жерде алдағы сұрыптау жайлы еш ойланбайды да. Ал биосинтетикалық ағаштар – бұлар қоқыс жәшігіндегі барлық қалдықтар. БСА өндірісінде соншалықты сұрыптау қажет емес, тек қоқысты оларға екінші өмір сыйлайтын арнайы машинаға тастаса болды. Биосинтетикалық ағаштарды жасау үшін пластиканың, рәзеңкенің, табиғи және синтетикалық талшықтардың, гипстердің, жоңқалардың, шамдардың, медикаменттердің, қағаздардың, дәнді дақылдардың, құрылыс материалдарының, сүйектердің және тағы басқа да заттардың барлық түрлері қолданыла береді. Тек биогаз бен ауылшаруашылығы тыңайтқыштарын алуды жоспарлайтын органикалық заттар ғана есепке алынбайды.

БСА-ның өзіндік құны өте төмен, килограмм үшін 0,25–0,5$, ал жүзеге асыру құны 1,5–2$. Сәуленің айтуынша, Қазақстанда БСА өндірісінде бірнеше мақсатқа қол жеткізуге болады. Біріншіден, орманды сақтап қалуға болады: бір шаршы метр биосинтетикалық ағаш 12 жас ағашты кесуден құтқарады. Екіншіден, қоршаған ортаны тазартады әрі полигондар жеңілдейді. Үшіншіден,  БСА өндірісі ешқандай химиялық қоспаларды және суды қажет етпейді және индустриальды фаза барысында ешқандау ластану болмайды. Төртіншіден, БСА-ны 100 жыл қолдануға болады және екінші рет өңдеуге 100% төтеп береді. Онымен қоса, биосинтетикалық ағаш кәдімгі ағашқа қарағанда қатты әрі нығыз болып келеді және биологиялық заттар мен суды өткізбейді. Ол жарылмайды, шірімейді және тек өте үлкен температураларда ғана өртенеді.  Биосинтетикалық ағаштың мұндай артықшылықтарына қарай үлкен қолданысқа ие. Мысалға, АҚШ-тың Нью-Джерси штатында теңіз арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған 40 км жол толығымен БСА-мен төселген және судың жақындығына қарамастан ол ешқандайда дымданып тұрған жоқ. Оңтүстік Америкада экоүйлерді толығымен осындай ағаштармен тұрғызу кең тараған. Үйдің өзіндік құнына келер болсақ, 48 метр шаршы аумақ –1000 $ тұрады. Көп уақыт бойы өзгеріске ұшырамайтын мұндай материалдарды каналицазиялық құбырлар жасауда да қолдануға болады. Соңғы жылдары шпал, жиһаз, еден және түрлі төсеніштер жасауда, вагон, автобус, контейнер корпустарында, сондай-ақ жол белгілерінде,  терезе жақтауларында және басқа да қажеттіліктерді дайындауда БСА қолдану байқалады. Ендеше БСА қолдану кең тараған, олай болса Сәуле бұл материалдың ішкі нарықта да және сыртқы нарықта да кең сұранысқа ие болатындығына сенімді. ҚТҚ-ны биосинтетикалық ағашқа қайта өңдеумен айналыстаны зауыттар Бразилияда, АҚШ, Аргентина және Чилиде бар. Жақында Уругвайдан, Германия, Испания және Ресейден ашу жоспарланып отыр. Ал бұл кәсіптің Қазақстанда жұмыс істеуі үшін инвестиция қажет. Әзірге мемлекет бұл жоба үшін өзі бірінші болып ақша бөлуге және көмектесуге дайын емес. Сәуле алдымен жеке меншік инвестицияға бірінші зауытты тұрғызып, кейін даму деңгейіне қарай мемлекет те инвестиция бөлсе деген ұсыныс білдірді. Оның есептеуінше, зауыттың күшіне қарай 5 млн $-дан 30 млн $-ға дейін қажет әрі бұл жерде қаржыны қайтару уақыты кем дегенде екі жыл. Зауыттың ең мықтылығы сағатына 6 тонна қоқыс өңдейді, бірақ «қоқыстарды жинап, оларды қайта өңдеуге әкелу және дайын материалды нарыққа шығару» барлығын ойластырған Сәуле сағатына 1500 кг-нан бастауды ұсынады. 

«Қазақстанда экология үшін және еліміздің тұрақты дамуы үшін бей-жай қарамайтын жағдайы жақсы адамдар көп екендігіне әрі олар  ұрпақтарына таза табиғат аманат еткілері келетіндігіне сенемін», - дейді бизнесвумен.

дерек көзі: www.forbes.kz



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений