Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қазақстандық жаңалық ашушы Microsoft-пен бәсекеге түспек


Қазақстандық жаңалық ашушы Microsoft-пен бәсекеге түспек

«Өтінішіміз, әрине, фантастика дерсіз, бірақ біз Microsoft – Microsoft Lync өнімдерінің бірімен бәсекеге түсетін өнім жасап шықтық, бұл енді корпоративтік скайп сияқты», - дейді The One Capital инновациялық компаниясының негізін қалаушы әрі иесі Қайрат Ахметов. – Ол Open HC деп аталады. Ол өте арзан әрі кез келген қалалық телефонмен үйлеседі. Сноуденмен болған жанжалдан кейін барлығы америкалық программалық қамтамасыз етулер ақпаратты бақылап отыру компонентіне ие деп қорқады, ал біз керек болса алғашқы қадам жасаймыз».

Сұхбат барысында ол өзінің Астанадағы кеңсесін де реттестіріп жатты. Ең алдымен көзге түсетіні – кеңсенің өзгешелігі: үстел үсті футболы, турник, тіске басарлар мен сусындар қойылған шағын асхана, демалыс аумағы. Ғимараттың философиясы Google-дың танымал кеңсесін еске түсіреді, қызметкерлер өздерін еркін сезінетіндіктері байқалып тұр: ойнайды, тамақтанады, әлденелерді талқылайды. «Адамдар өздерін жұмыста да ыңғайлы сезінулері керек. Көбісі кеңсеге үйренбеген, бірақ біз қызметкерлердің қызығушылығын оятуға тырысамыз, осында, таңдаулылар арасында болуға жетелеп тұрамыз», - дейді кәсіпкер әрі-бері жүріп, алмадан да бір тістеп алды.


Алғашқы сәтсіздік

Қайрат – Мәскеу физика-техникалық институты жалпы және қолданбалы физика факультетінің түлегі. Ол Павлодарда оқушы болып жүрген кезінде физика пәнінен олимпиадаларға қатысып, халықаралықтан қола, ал азиаттық олимпиададан алтын жеңіп алды.

Екінші курста ресейлік «Компьютеррада» компьютерлік күнделігінде «темір» шолушысы болып жұмыс істей бастады. Мәскеудегі оқу барысында «Рамблерде» және тағы да бірнеше ІТ-компанияларда жұмыс істеді, Ресейдегі ноутбуктер шолушыларының топ-3-ке енді. Оқуын аяқтағаннан кейін Алматыға келді. Мұнда Ахметовты сол кезде өзі жұмыс істеп жүрген ресейлік «АйТи» компаниясы Қазақстандағы бизнесті дамыту үшін жіберді. Ұшақ билетін төледі, көшерпұлын берді. Алайда 2006 жылы Қайрат өзінің компаниясын ашуды шешті. Бүгінде ол компанияның екіден 70-ке дейін қызметкерлерінің саны артып, Open Technologies Group деген атауға  ие. Топта «The One Capital» ЖШС, «Көркем Телеком» (телекоммуникациялы БҚ жасайды) және бірнеше ұсақ профильді фирмалар бар. Алғашқы қадамның сәтсіз болғанына қарамастан бүгінде топтың жалпы айналымы жылына шамамен 50%-ға дейін өсіп отыр.

«Мен бір жеке компанияға автоматтандыру жүйесін жасауға келістім. Бірақ оларды 1С қанағат етпеді, ал Microsoft Dynamics (кәсіпорындар ресурстарын басқару жүйесі) өте қымбат болды. Жаңадан  15 $-ға жазып беруге уаде етті, тіпті Латвиядан аутсорсер жалдады, бірақ біз оны орындамадық. Жобаны толықтай түсінбедік те соңына дейін жеткізе алмадық. Бірақ біз әлі де бірінші тапсырыс берушімен тығыз қатынастамыз, тіпті бірлескен компания құрдық», – дейді кәсіпкер.
Одан кейін интернет-кафе болды (Қайраттың өзі айтып отырғандай, лицензиялық софт кездесе бермеген), қарапайым сайттарды құрастыру және т.б.

Бүгінде Open Technologies Group екі бағытты қамтамасыз етеді – программалық қамтамасыз етуді және телекоммуникацияны құрастыру. «Менің білуімше, телеком да, софт та үйлесім табатын басқа компания Қазақстанда жоқ. Қалыптасқан түсінік бойынша, барлық айти мамандары – программистер емес, немесе керісінше.Телеком мен программалаудың  қиылысуы басқалардың қолынан келе бермейді. Соған қарай бәсекелестер де аз болады», – дейді Ахметов.

Сонымен компания «Самрұқ-Қазына» қорында және басқа компанияларда гибридтік ІР-коммуникациялар енгізді. Гибридті деп аталу себебі, оның көмегімен дауыс телефон тұтқасынан естіліп, ал видео компьютердің веб-камерасы арқылы көрінетін видеоқоңырау шалуға болады. Бұл кеңселердегілердің барлығына қымбат видеотелефондар сатып алудан арзан әрі қызметкерге құлақшын киюді талап етпейтіндей ыңғайлы. «Басқалардың арасында, менің білуімше тек Cisco ғана осылай істей алады», - дейді Қайрат сеніммен. 

«Технологияның тағы бір артықшылығы бар. Әдетте қалалық телефонға қоңырау шалған кезде оператормен байланысуды күткен уақытта әуен ойнай жөнеледі, секундтар өтіп жатады, сәйкесінше ақша да кетіп жатыр. Ал біз қоңырау шалып тұрған адам күту барысында ақша төлемейтіндей жасаймыз, ал корпоративтік тұтынушылар үшін бұл өте маңызды. Сонымен қатар абонент екінші желіні де қоса алады, бұл кезде қоңырау шалып тұрған адам тек қарапайын ұзақ гудокты ғана естиді. Тұтынушы немесе бастық қоңырау шалып жатса, мұндай нюанстардың пайдасы зор», - деп түсіндіреді кәсіпкер.

«Мұндай басымдық кездескен емес пе?», - деген түсінбестік көзқарасқа: «бар, тек ұялы байланыстарда ғана кездеседі» деп жауап берді. «Қалалық желілерге бізден басқа ешкім бұлай жасай алмайды, әдісін де өзіміз ойлап таптық», - дейді ол.

 



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений