Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Жерді баптай білсең ол өз жемісін береді


Кәсіпкер Төлеген Мұхамбетов осымен үшінші жыл Орал қаласын экологиялық таза көкөніс, бақша дақылдарымен қамтамасыз етіп келеді. Жаңа піскен қияр, қызанақ, қызылша, асқабақ, жүгеріні ешқандай делдалдарсыз тікелей Мирный ауылының егіс алқабынан қала тұрғындарына жеткізуде.

Отбасылық бизнес Төлеген ағаның бұрыннан аңсап жүрген арманы еді. Арманға жету жолы оңай емес еді. Бір қатар қиындықтар мен өткелдерден өтуге тура келді. Алайда барлық қиыншылықты еңсере білген Төлеген аға өз ісіне көңілі толады және қол жеткізген табысымен тоқтап қалғысы жоқ. Алға қойған жоспар ауқымды, сондықтан атқарылатын жұмыс та көп.
Мақсатына қол жеткізуге деген қажырлығына, біліміне қарап оны бала кезден мүгедек деу қиын. Үшінші сыныпта оқып жүргенде көру қабілетінің күрт төмендеуі әрі мамандарға қаралуда уақыт өткізіп алуы кішкентай Төлегенді көруден бір жолата айырды. Оны Алматыдағы көзі көрмейтіндердің мектеп-интернатына оқытуға жібереді. Оны тамамдаған соң Төлеген өзінің туған қаласы Оралға келіп Қазақ соқырлар қоғамы мекемесіне жұмысқа тұрады. Өмір бойы осы жерде еңбек атқарады. Ол әрқашанда белсенді өмірлік ұстанымда еді. Жұмыс барысында өзінің болашақ жарын кездестіреді. Кейін отбасын құрып, ұл мен қыз тәрбиелейді.

«Біздің өз саяжайымыз болды, сонда жеміс-жидек егетінбіз. Жеміс тұздауға, варенье жасауға олар жеткілікті еді. Дегенімен, маған әрқашанда кең көлемді алқап ұнайтын. Совет үкіметі тұсында жер жалға берілмейтін. Кейін колхоз бен совхоздарды жекешелендірген кезде көптеген жер күтімсіз қалды», -деп еске алады Төлеген аға.

Балалар ержетіп, мамандық иесі атанды. Жұмысқа орналасты, жүре келе тек өздеріне жұмыс істегілері келе бастайды. Міне, осы тұста Төлеген аға іске кірісу керек екенін түсінеді. Жарамды жер телімін іздейді, жан-жақты қарап, жоспарлап, ойластыра түседі. Барлығы ойдағыдай болу үшін ұлы Руслан Астанадағы Туран-Профиде екі апта оқып келеді, одан кейін кәсіпкерлік негіздері жөнінде кеңестер алады.

- Мен, 2012 жылы бүкіл құжаттарды жинап «Даму» Қоры мен «Құс Жолы» қоры бірігіп өткізген «Жұлдыздарға қара» байқауына қатыстым. Оның нәтижесінде бізге мотоблок, құбыр және насос бөлді. Міне осы құрылғылар жиынтығымен өз бизнесімізді бастадық. Отбасылық кеңесте не отырғызатынымызды ақылдастық. Ұлым майда қияр түрін отырғызайық деп тұрып алды. Ол көкөністер нарығында аздаған зерттеу жүргізген болатын», – деп еске алады Төлеген аға.

Олар соны дұрыс деп шешеді. Жалға алған жер телімі түзу емес еді әрі арамшөп басып кеткен. Қоқыс пен арамшөпті қолмен тазалауға тура келген. Техниканы жалға алуға немесе жұмысшыларды шақыруға артық ақша болмаған. Барлығын тазалап болған соң көшеттерді отырғызады. Жердің түзу болмауына байланысты арықпен келетін су егілген жерге жетпей қалған. Мұхамбетовтерге бақшаны суару үшін құбырды қолмен тасуға тура келген. Әр суару жұмысы бейнетке толы еді. Барлық жерге құбыр тартуға алғашқы жылы шамалары келмеген.

- Біз алғашқы жылғы қиындықтарды еңсере білгенімізге қуанамыз. Келесі жылында майда қиярлардан  бөлек кәдімгі қияр, қызанақ, қызылша, жүгері, қауын, бақша дақылдарын еге бастадық, - дейді Төлеген.
Уақыт өте келе Мұхамбетовтер өз күштерімен сатылымнан түскен ақшаға егістіктің басынан үй салып алған. Өнімді қалаға жеткізе бастайды. Ол жағын қызы Роза басқарады. Тұрақты клиенттерінің қатарында мейрамханалар, кафе, қала базарлары бар. Фермерлік шаруашылық ұзақ мерзімді серіктестікке бағытталғандықтан тек таңдалған өнімдер ғана жеткізіледі. Ал қалған жеміс қалдықтары құстарды тамақтандыруға жөнелтіледі.

Өзге кәсіпкерлер сияқты Төлеген де айналысып отырған ісін кеңейтіп, өсіруді аңсайды. Алдағы жоспарында көкшетхана салу, жел генераторын орнату тұр.

- Қазір жасыл экономика жөнінде көп айтылуда. Осы жайында тереңірек біліп, мүмкіндік болса бақша суарғанға бір жел генераторын қойғым кеп жүр. Ол дегенің үнемді әрі экологиялық таза ғой. Қазір біз көкөністерді сүрлейтін қойма салу үшін мемлекеттік қолдауға құжаттар әзірлеп жатырмыз. Қойманы салатын орын мен оған қажетті жабдықтар бар. Өндіріс жұмыстарына ауылдастарымды тартуды ойластырып отырмын. Оған қоса Орал қаласынан фирмалық дүкенімді ашуды армандап жүрмін. Халық та жергілікті өндірушілерді тани түсер еді әрі дүкеніміз сенімге ие болып, брендке айналар еді», -дейді Төлеген аға.

Кәсіпкердің айтуынша, егер жерді дұрыстап күтіп-баптасаң ол өз жемісін береді. Бұл жалқаулар мен жатып ішерлердің орны емес. Таңның атысымен күн батқанға дейін егіндік алқабында жұмыс істеуге тура келеді. Қарқынды жұмыспен қатар дұрыс жоспарлай білу де керек. Оған қоса ауыл шаруашылығында жиі кездесетін қауіпті де ескерген жөн: ауа райы жағдайын, шегіртке, өсімдік аурулары және тағы басқаларын.

- Ауылшаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар жөнінде беретін жаңалықтарды мұқият қарауға тырысамын. Бізге әлі өсу керек, осы тұрғыда мемлекеттің көмегі артық болмас еді, - дейді кәсіпкер.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений