Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Never try – never fly


Never try – never fly
- Мен, әрқашан «үлкен әрі әдемі» бірдеңені құрып, жұмыс істегенді армандаушы едім. Өз жеке бизнесімнің бағытына білім беру саласын таңдадым. Мүмкін оқыған әрдайым маған ұнағандықтан шығар. Сондықтан болар университетте 3-ші курста оқып жүргенде-ақ жұмыс істей бастадым, өте қызықты әрі өнегелі ұжымда еңбек еттім, олармен бірге түрлі шаралар мен біліктілікті жоғарылату  курстарына баратынмын. Маған қазақстандық ЖОО-ның біріндегі ашық команда да, яғни креативті ұжымда ұзақ жұмыс істеу бақыты бұйырды, - деп бастады әңгімесін TeaM Project консалтингті агенттіктің Бас директоры Тахмина Манапова.

Бұрын ол (ірі шетелдік және қазақстандық компаниядан бөлек) 3 startup-жобаны құру мен дамытуға қатысқан және олардың барлығы түрлі саладан болатын: ивент, салонды бизнес және білім беру. Оның пайымдауынша, стартаптың кемшілігі мен артықшылықтары бар, кемшілікте әсіресе қатер басым. Алайда Тахминаны дәл осылар уәждеп, батыл қадамдарға «итереді», яғни олардың шешілуіне.

Жеке ісін ашу жөніндегі идеясы көп жылдардан бері көкейінде жүрген. Ақыры Тахмина екі жыл бұрын өзіне жақын әрі айналысуға қызықты саланы таңдап алды. Ол мұнайгаз бен дистрибьютерлік сала және ұйымдастыру мен корпоративті шараларды  өткізу қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған курстарды жүргізеді.

- Нейминг – бұл өнер. Бір ғана сөзбен нысанды сипаттау, тек бір ғана сөзбен оған ерекше тартымды мағына беруді біле білу. Компанияға атының айқайлап тұрғанын қалағам, оның тікелей адамдармен және топтармен жұмыс істейтіндігін, қызметкерлердің біліктілігін арттырып әрі дамытумен айналысатындығын елестетіп тұратын мықты атау қажет еді. Сонымен компанияның атын ойластыруға 1,5-2-айдай уақыт кетті. Бұрынғы құрбыларымның бірімен кофе ішіп, жұмыс барысын талқылап отырғанда TeaM Project ойы келді және сол жерде оны таңдадым. Кейін атауда менің аты-жөнімнің бастапқы әріптері тұрғандығы тіптен қуантты, - дейді ол.

- Бірдеңені құрып оны дамыту әрине қиын, алайда мені идеялар жігерлендіріп, ынталандырып отырады. Өзге компаниялар сияқты түрлі сипаттағы қиындықтар болады және оларды еңсеру үшін маңызды ережелерді сақтаған жөн: «Еңбек ету, еңбектену, және тағыда еңбек ету». Көбінде бұрыннан жиналған тәжірибең көмектеседі, қаржы бойынша білімің, ұйымдастыра білу, сатудағы жоспарлау, - деп атап өтті ол.

Жас компанияның қызмет түрін кемелдендіру бойынша көптеген жобалары мен бірегей жоспарлары бар, оған қоса танымал және шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасып әріптестік құру тұр.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений