Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Жолың болсын, балақай»


«Жолың болсын, балақай»
27-жасар Тұрғанжан Қасымов «Жолың болсын, балақай» компаниясын басқарады. Компания Алматыда мобиьді пандустарды орнатумен айналысады. Өз бизнесін құрғанға дейін Тұрғанжан халықаралық ірі компанияда беделді лауазымда жұмыс атқарған әрі өз отбасын қамтамасыз ете алатын тұрақты жалақысы да болды. Оған қоса «Болашақ» бағдарламасы бойынша Жапониядан білім алып келгені бар. Алайда, бір күні бәрі өзгеріп шыға келді.

— Менің кішкентай балам бар. Оны ойнату үшін жұбайым стандартты көппәтерлі алматылық үйдің бесінші қабатынан күнделікті түсіп, шығуына тура келеді. Ол бір қолымен баланы, екінші қолымен ауыр колясканы көтеріп, әрең шығатындығын айтып үнемі шағымданумен болды. Мен, оған мән бермеуге тырысып, елдің барлығы солай өмір сүріпжатыр деумен болдым. Дегенімен, бір күні өзіме де бала мен арбаны бесінші қабатқа көтеріп шығуға тура келді. Сол кезде мен баланы құлатып алуға сәл қалдым, — деп еске алады Тұрғанжан.

Осы жағдайдан кейін Тұрғанжан мобильді пандустар жайында мағлұмат іздей бастайды. Үйдің дәлізіне орнатылатын пандустар Еуропа мен Ресейде үлкен қолданысқа ие екен. Құрастырылымы өте қарапайым. Ол қозғалмалы әрі баспалдақтың бетіне жайғастырылып, қабырғаға бекітіледі. Осындай пандусты өз үйіне орнату идеясы Тұрғанжанның есінен кетпей қояды.

— Уақыт өте келе мұндай пандустар тек менің отбасыма ғана емес, кішкентай бала өсіріп отырған және мүгедектігі бар адамдарға да өте қажет екендігін түсіндім. Содан жұмыстан шығып кеттім.

Тұрғанжанның техникалық білімі болғандықтан пандустардың құрастырылымын өзі ақ есептеп, сыза білген. Кейін ол пандустарды құрастыра білетін мамандарды табады. Кейін   бизнес-жоспарды жазып, жобаның тұсау кесерін жасап, демеушілік қаржы іздеу үшін барлық мемлекеттік  орындар мен ірі компаниялардың есігін қаға бастайды. Оның бастамасын қолдаушылар да табыла бастады. Қазіргі уақытта «Жолың болсын, балақай» пандустары Алматының бірнеше подъездінде орнатылған, оған қоса тағы 20 алматылық үйге оның таныстырылымы жасалмақ.

— Әр пандустың жанында оны қалай қолдану керектігін түсіндіретін ереже жазылған және адамдар көмекпен тікелей маған хабарласу үшін менің телефон нөмерім жазылған. Қуанышқа орай жұмысым еш кетпеді, алғашқы пандусты орната салысымен маған бір әйел қоңырау соғып, алғысын білдірді.




Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 325.75
  • EUR Евро 382.04
  • CNY Кит. юань 51.04
  • RUB Рос. рубль 5.31
  • GBP Англ. фунт 436.21

Доска объявлений