Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Өмірдің өзі күрес


Ақтөбенің тұрғыны Шынар Теміралина белгілі ақиқат жайында естімесе де біледі. Туғанна бері нәзік Шынар ең алдымен ағза мен жігердің мүмкіндігі шексіз екендігін мойындатуда.  

- Мен, Ақтөбе облысы, Қобды ауданы Ә. Молдағұлова ауылында өстім. 12 жасымда анам маған тігін машинкасын сыйлады. Өз құрбыларыммен ұзақ уақыт ойнай алмадым. Машинкамен қуыршақтарыма киім тігіп, түрлі үлгілерін жасайтынмын. Сол кезде ұлттық оюлардың соңына түстім, олардың тарихын, ерекшелігін меңгердім. Ары қарай оюлармен түрлі бұйымдар тіге бастадым. Сондықтан тігін машинкасына бала кезімнен жақынмын», - дейді Шынар.

Мектепті тәмамдаған соң барлық қиындыққа қарамастан Ақтөбе педагогикалық колледжіне тапсырады. 2001 жылы оны бітірген соң туған ауылына келіп, мектепке мұғалім болып орналасады. Оған қоса Ақтөбе қаласындағы Жұбанов атындағы университеттің заң факультетінің сыртай бөліміне тапсырады. Бес жыл өткен соң дипломын алып, Ақтөбе қаласына ауысады. Мамандық бойынша тәрбиесі мол әрі екі дипломы бар Шынар үлкен жетістікке жетуді аңсайды.

- Ақтөбеде мен, қалалық мүгедектер одағының төрағасы Байменова Құралай Базарбайқызы және «Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін интернет-клуб» қоғамдық бірлестігінің басшысы Шамшадин Қадірғалив сынды тамаша адамдармен таныстым. Құралай Базарбайқызы мен жұмысқа орналастырды. Біз мүгедектердің мәселесімен айналыстық. Біраз жыл өткен соң өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келетінін түсіндім. Сөйтіп бос орындар жәрмеңкесінде көптеген мекемеге резюмемді тапсырдым. №6 кәсіби лицейдің басшылығы мені тілдесуге шақырып, өндірістік оқыту шебері қызметін ұсынды. Бұл қызықты да жауапты іс, түрлі адамдармен көп байланыста болу керек. Кейбір жағдайда лаборант жұмысын да атқардым. Оқытушылық қызметім осылайша басталған еді», - дейді Шынар.

Кәсіби қызмет жолында жетістіктерге жете отырып, Шынар тігіншілікті де жалғастыра білді. Әсіресе өзі үшін жасайтын. Мұны білген Құралай базарбайқызы мен Шамшадин аға бұл өнерін дамыта түсуіне кеңес береді. Қанат бітірген олардың пікірлерінен соң 2010 жылы Шынар тігінмен дұрыстап айналыса бастайды. Жеке тігін үшін тапсырыстар ала бастайды. Ұлттық оюларды тереңірек меңгере түседі. Сонымен 2012 жылы өз жұмыстарынан тұратын жеке көрмесін өткізеді.

- Менің көрмем жайлы естіген «Даму» Қоры маған тігін машинкасын сыйлады. Сол жылы «Жұлдыздарға қара» байқауына қатысып, 300 000 теңге ұтып алдым. Егер сабақ беру менің мамандығым болса, тігу жаныммен рахат алатын сүйікті хоббиім. Әртүрлі түс палитраларын таңдай отырып,  түрлі оюлардан тұтас картинаны құрап шығу мені шабыттандырып, жаныма дем береді. Қазір өз ательемді ашуды жоспарлап отырмын», - дейді Шынар.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений