Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Тоқып, тіге түсу, тек жабықпау


Бүкіл Жалағаш ауданына танымал шебер тігінші Балқаш Жаржанова көне үлгімен қазіргіні әдемі байланыстыра біледі, сондықтан да оның қолынан шыққан бұйымдар ауданда үлкен сұранысқа ие.

- Тоқуды бала кезден білетінмін. Біздің жақта тоқу салты ұрпақтан-ұрпаққа ұқыптылықпен беріліп отырады. Кішкентай кезімде апам жүнді тазалап, оны түтіп, өңдеуді үйретті. Жаз бойы біз жүннен жасалған тоқыма жіптерді әзірлейтінбіз: жуатынбыз, кептіреміз, түтеміз, оны ұршықпен иіреміз. Одан қалса жүндерді алуан түске бояймыз. Күзге қарай үйге қажетті түрлі бұйымдарды тоқитын едік. Апамыз біздермен бір түсті жіпті тоқудың қарапайым әдісін көрсетті. Уақыт өте келе одан да ауырлау әдістерін үйрендік, яғни түрлі түсті жіптермен өрнек сала бастадық», - Балқаш.

- Мектепті бітірген соң 1979 жылы Қызылорда қаласындағы медучилищеге тапсырдым. Одан кейін тубдиспансерде жұмыс істедім. Күйеуге шығып, қызымды өмірге әкелдім. 1993 жылы аяқастынан науқастанып қалдым. Ол кезде мен мамандық бойынша енді жұмыс істей алмайтындығымды білмедім. Ауырғаннан кейін бірнеше жылдан соң мүгедектікті рәсімдеді. Білесізбе, бұл жағдайды сезіну, қабылдау оңай болмады. Ауыру, уайымдау, күйзелу адамды одан сайын есеңгіретіп жібереді. Бұл жағдайда мінезім мен отбасым маған көмектесті деп ойлаймын. Үйде құр қол қарап отыра алмадым. Ақырындап тоқи бастадым. Бала кезде жинаған дағды сол қалпында сақталыпты. Ол кезде жүнді табу оңай емес еді. Жүннен иірілген жіпті дайынындап жеткізу болмаған. Жүнді таныстардан сұрап, болмаса ауылдарды аралап жинап әкелуге тура келетін. Алдымен балаларға қажетті бұйымдарды тоқи бастадым. Кейін адамдар естіп, тапсырыс беруге келе бастады», - дейді Балқаш.

Ол сонымен қатар, тоқу мен қоса тігуді де біледі. 3 жыл бұрын Балқаш мемлекеттік грантты алу үшін құжат өткізген. Оның не үшін қажеттілігін нақтырақ жазған. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкердің өтінімін қарап шыққан комиссия оң шешім қабылдаған. Тігін машинкасының арқасында Балқаш тапсырысқа тіге бастайды, әсіресе үйге қажетті бұйымдарды, келіннің жасауын. Жалағаш ауданының әкімдігі ауыл ортасындағы мектептен бөлме береді. Осылайша, Балқаштың қазір тігінмен айналысуына қолайлы орын да бар.

- Шынымды айтсам, бір минутта бо отырмаймын, уақыт жетіспейді. Тоқу мен тігу көп уақытты алады, тапсырыс көп. Көбінде дайын заттарды бірден үйден алып кетіп жатады. Тіпті оларды өзге клиенттерге көрсету үшін фотоға да түсіре алмай қалам. Өйткені жаңа клиенттер бұйымдардың үлгісін көргісі келеді. Қазір өзіме екі көмекші алдым. Олар қолдан келгенше маған көмектесуде. Олармен интернеттен түрлі өрнектерді, жаңа тоқу әдістерін үйренудеміз. Клиенттерімде жылы, қолайлы киімдермен қоса сән үлгісіндегі заттар болғанын қалаймын. Әрине, оның бәрі еңбексіз болмайды. Ауылды жерден қажетті материал мен жіптерді үнемі таба бермейсің. Бұл біздің жұмысты кешіктіре түседі. Қызылорда, Шымкент және Алматыға тапсырыс беруге тура келеді. Оған қоса ауылдықтардың көбінде қолма-қол төлеуге ақшалары бола бермейді. Затты жалақы немесе зейнетақы түскенге дейін деп алады, түсе салысымен бірден төлейміз деп сөз береді. Осындай жағдайларға бола кейде материал алуға ақша болмай қап жатады. Менің мүгедектік зейнетақым осындайда құтқарып қалады», - Балқаш.

Егерде барлық қажетті материалдар тоқтаусыз жеткізіліп, бұйымдардың сатылымы үнемі жүзеге асып тұрғанда Балқаш пен оның көмекшілері одан да өнімдірек жұмыс істеп, ауылдықтарды көптеп жұмысқа тартар еді. Балқаштың «Даму» қорына тағыда өтінім берсем деген жоспары бар. Егер оны мақұлдаса жоспарларын іске асыра алатындығына ол сенімді.

Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений