Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Байланыс арқылы» Қазақстанда бизнесті қалай құруға болады


«Байланыс арқылы» Қазақстанда бизнесті қалай құруға болады
Көптеген қазақстандықты соңғы жылдары – өзіңнің бизнесіңді жаңадан қалай бастау керек және табысқа қалай жетуге болады деген сұрақ мазалайды. Жаңадан бастап жатқан стартаптар үшін, өзінің дайын жобасын жүзеге асыруға көмек көрсету үшін JetSet мобильді қосымшаларды жасаушы  Жәнібек Кенжебаев пен Аршидин Тохтамов ой бөлісті.

Сонымен LS әңгімелесушілері хабарлағандай, мақсатқа жетудегі маңызды факторлардың бірі жеке таныстар болып табылады. Сонымен бірге стартаптарға өздерінің мүмкіндіктерін бағалау да ұсынылады. «Инвестицияның күшіне ғана сенетін адамдардың соқыр сезіміне қайран қаламын және «туа бітті» кәсіпкерлік қабілеттерінің жоқтығы да қиналтады. Жеке таныстар қаншалықты қызық десеңіз де, бұл өте маңызды, ал көбісі оны ескере бермейді, мұндай таныстарды таба біліңіз әрі пайдалана біліңіз», - деп қадап айтты А.Тохтамов. Олардың пікірінше, бизнес-үдерістерді жасау мен құрауда өзіңнің кәсіби командаңды құру, ресурстарды түбегейлі қолдану және қауіптерді қарастыру, жұмыс кестесін, уақытын жоспарлау маңызды болып келеді.

Ж.Кенжебаев пен А.Тохтамов стартаптардын жекелік дамуының маңыздылығы деп мыналарды айтады: жобаға деген және өз күшіңе деген сенімділік, коммуникативтік қабілеттер, керекті әдебиеттерді оқу және жалқаулықпен күрес. Сонымен бірге JetSet мобильдік қосымшаларды жасаушылар өздерінің жобаларынан ай сайын 65 000 $-ға дейін кіріс күтеді. Қазіргі таңда олар өздерінің жобаларына  80 000 $ салды және 2015 жылдың көктеміне қарай оны қайтарып аламыз деп жоспарлап отыр.  Ж.Кенжебаев пен А.Тохтамов өздерінің жобаларын туған қалаларының түнгі оқиғаларынан қалыс қалғысы келмейтін жандарға арнап жасап отыр. «Мобильдік қосымщаларға палды таңдаудың қарапайым ғана себебі – бұл тренд әрі кез келген бизнесті құруға болатындай өзіңнің тұтынушыңмен тікелей коммуникацияға түсудің тиімді жолы. Біз жобаны түнгі ойын-сауықтық мекемелерге бағыттап отырмыз,  өзіміздің ұсынысымыз арқылы адамдарға бос уақыттарын көңілді өткізулеріне көмектесіп, адамдар арасындағы түсіністікке көпір болғымыз келеді», - деп атап өтті Ж.Құрманбаев.

Бүгінде қосымшалар Қазақстанның жеті қаласында жұмыс істейді, сонымен бірге Бішкек, Ташкент, Томск, Минск және Бакуда бар. Бұл қосымшаларды 12 мыңнан аса адам өздерінің смартфондарына жүктеп алған. Олардың мәліметінше, әзірге тек 30 түнгі мекеме іс-шараларды хабардар еткені үшін ақша төлейді. Олар сонымен бірге қазан айында Батыс Еуропаға сапар шегуді жоспарлап отыр.

«Біз отандық түнгі мекемелердегі қызмет түрлерін жақсарту үшін олардың тәжірибелерін игергіміз келеді. Неғұрлым дамыған әрі тәжірибелі нарыққа қарай, оларға өзіндік қолтаңбамызды және ерекшелігімізді қоса отырып біздегі түнгі клубтар, паб, бар салаларының жұмыстарын жақсартатын боламыз. Караоке нарығын Азия елдерінен, оңтүстік шығыс аймақтарынан үйренбекпіз. Ол жақта караоке-барлар жақсы дамыған», - деп А.Тохтамов жоспарларымен бөлісті.

Ж. Кенжебаев мамандығы бойынша заңгер,  А.Тохтамов — қаржыгер. Екеуі де бұрындары ірі компанияларда ай сайын жарты миллион теңге алатын жетекші қызметтер атқарған.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений