Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Тәтті арман


Тәтті арман
«Fortune cookies» — бар ынтамен жасалған печенье.  Аңыз бойынша бұл тәтті тағамның отаны – Қытай. Қытайлық эмигранттармен ол АҚШ-қа «көшіп кеткен». Бүгінде америкалық кәсіпкерлер мұндай печеньелерді маркетингтік компанияларда қолдана бастады. Алуа Бердіқұлова да мұндай азықпен Құрама Штаттарында танысқан.

- 2007 жылы АҚШ-та қытай мейремханасының бірінде десерт орнына маған fortune cookies алып келді. Бұл идеяның өзі маған қатты ұнады. Бұдан асқан кереметті бұрын көрмегем, - дейді Алуа.

Қазақстанға келгеннен кейін Алуа экономист болып жұмысын жалғастыра берді, бірақ бұл идея ойынан шықпай жүріп алды. Бірақ ол идеяны қалай жүзеге асыру керектігін білмеді, түк өнбейтін шығар деген қорқыныш та жібермеді. Бизнесті ұйымдастыру, жүргізу, дамыту сияқты сұрақтарға ол ешқандай жауап та білмейтін еді.

- Мен қашанда қолымнан көп нәрсе келеді деп сезетінмін. Кеңседегі жұмыс әрекеттердің еркіндігін шектейді. Маған қашан да еркіндік жетіспейтін. Идея болды. Мен Қазақстан нарығын үйренуді бастадым, содан мұндай өнімнің бізде жоқ екендігіне көзім жетті.
Бұл өз ісімді бастауға үлкен түрткі болды. Ең қиыны өтініш жазып, жұмыстан шығу болды. Мен өзіммен бірдей көзқарастағы – Шаризатты тауып алып, жолым болды. Компанияны құруда ата-аналарымның, жақындарымның моральдік қана емес, қаржылық қолдаулары да зор болды, - дейді Алуа.  

Алуа мен Шаризат печеньені дайындау құралына Қытайға тапсырыс берді. Құралды қабылдап алу үшін қыздарға кеңес берген және орнатуға көмектескен білікті инженерлер барды.
Жалға ғимарат іздеу, қызметкерлерді іріктеу, рецепті тестілеу біраз уақыт алды. 2013 жылдың жазында «Fortune cookies» Қазақстан нарығында жұмысын бастады. Бүгінде компания Алматыдағы бірнеше мейрамханалар мен дүкендерде бар.

-  Біз соңғы уақытқа дейін болашағымызға сенімсіз болдық. Бірақ тәуекел деп көруге бел будық, - деп еске алады Алуа. – Басында біз өзіміздің тұтынушыларымыз ең алдымен кафелер мен қала мейрамханалары болады деп есептедік, бірақ біз кейін түсінгеніміздей, біздің рестораторларымыз бұған дайын емес сол үшін кәсібіміздік қазақстандық менталитетке сай біраз өзгерттік - бізде той-бизнес жақсы дамыған, сол үшін де бүгінде біз үйлену тойларында ұсынамыз.  Үлкен жарнама біз әлі жасамадық. Бүгінде біздің командамыз 5 адамнан тұрады. Шағын ғана кәсіпіміздің жақсы дамып келе жатқанын айтуға болады. Өз күшімізді Қазақстанның басқа да қалаларында сынап көрсек деген жоспар бар.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений