Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Сәнді жеткізу


Сәнді жеткізу
Lamoda.kz интернет-дүкенінің негізгі инвесторы Rocket Internet компаниясы әлемнің барлық елінде жобасын сәтті жүргізіп келеді, бірақ басты қызығушылық дамыған елдердің нарығында болды. Бірінші болу қашан да арман ғой. Lamoda алғашқы интернет-дүкені Ресейде жүзеге асты, құрушылар бірден назарын Қазақстан нарығына аударды. Елімізде Lamoda.kz ашылып жатқан тұста елде бір уақытта кең таңдау, жоғары қызмет сапасын, тапсырысты қайтару және Қазақстанның барлық аумағы бойынша жеткізу мүмкіндігін ұсынатын киімдердің, аяқ киімдердің онлайн-ритейлері болмаған еді.


- «Интернет-дүкеннің «іргетасы» 2011 жылдың қазан айында қаланған болатын, ал дүкеннің ашылуы 2012 жылдың наурыз айында болды.  Жобаны іске қосуға жарты жылдай уақыт дайындалды. Негізінен біз Lamoda.ru ұжымының мәліметтері мен тәжірибесін назарға алдық.  Басынан-ақ біздің ассортиментіміз көп болды:  250 000 тауар және 500 аса бренд. Айтып өткенімдей, ол кезде Қазақстанда мұндай ұсыныстар тапшы еді, сол үшін де біздің старт-ап кең қабылдауға ие болды. Біз бұған өте қуандық және сатып алушыларымыздың сенімдерін ақтауға тырыстық», - дейді бас директор Даниил Баркалов.

Жобаның бірегейлігі оның ұсынатын қызметімен ерекшеленеді. Интернет-дүкен 2 миллионнан астам тауар, 1000-нан аса бренд нұсқасын ұсынады.  Бүгінде интернет-дүкендердің арасында Lamoda.kz ең жедел жеткізуші болып табылады. Мысалға бүгінде Алматыдағы және Астанадағы тұтынушылар өзінің сатып алғысы келген тауарына тапсырыс бергеннен кейін ертеңінде-ақ қол жеткізеді. Сонымен бірге сатып алудан бұрын өлшеп те көре алады.

- Біздің жетістігімізді бірнеше жолмен қарастыруға болады. Біріншіден,  бізде өте мықты HR бөлім бар. Екіншіден, біздің командаға ылғи кәсібилер жиналған. Колл-орталықтар мен жеткізу қызметіне қызметкер қабылдауға өте ерекше мән береміз.  Себебі – біздің компанияның беткеұстарлары солар ғой және біздің тұтынушыларымызбен жұмысты да тікелей солар атқарады. Бізде сату өкілдерімен және колл-орталық операторларымен үнемі тренингтер өткізіп, оқу жұмыстарын жүргізіп тұратын мамандар бар. Сонымен бірге мәскеулік әріптестермен тәжірибе алмасып тұру да қалыптасқан, - дейді  Даниил.

Жобаны іске асыруда логистика басты қиындық туғызды. Бірақ біз, өзіміздің Lamoda Express жеткізу қызметін іске қосып оны жақсы игеріп кеттік.  Бастапқыда ол тек Алматы мен Астанада ғана жұмыс істеген еді, бірақ уақыт өте келе география ұлғайды, бүгінде Lamoda Express Қазақстанның барлық ірі қалаларында бар.

- Біз өз тәжірибемізден байқағанымыздай, өзіндік жеткізу қызметі- бұл қызмет көрсетудің мүлде өзгеше деңгейі және біз тауарларымызды жеткізу дами береді деп сенеміз. Біздің сату өкілдеріміз тұтынушы бір рет тапсырыс бергеннен кейін, қайталап қызметімізге жүгінуі үшін барлығын жасайды. Бір қызығы аймақтардағы сатылымдар 60%-ды құраса, Алматы мен Астанадағы тапсырыстар 40%-ды құрайды, - дейді Даниил Баркалов.

Жоспарларымыздың арасында – онлайн-төлем жасауды қарастырып жатырмыз. Біз ҚазПоштаның серіктесіміз. Жақын арада Lamoda.kz тұтынушылары өздерінің тапсырыстарына ҚазПошта желісі арқылы да қол жеткізе алатын болады. Мұндай жеткізу түрі үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Сатып алушылар жаңа қызметтің сенімді сақтау және тәулік бойғы жұмыс кестесін бағалайды деп ойлаймыз. Дүкен дамып келеді, өсу қарқыны бар, сатып алушылар саны ұлғайып келеді және чектің орташа бағасы да өсуде.

- Біз Forbes.kz-тің 2014 жылғы қыркүйек айындағы «Қазақстандағы 50 ірі интернет-компания» рейтингінде көшбасшылар үштігіне ендік Интернет-дүкендер арасында біз тағы алғашқы болдық, - дейді Даниил.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 343.83
  • EUR Евро 383.95
  • CNY Кит. юань 52.8
  • RUB Рос. рубль 5.06
  • GBP Англ. фунт 486.42

Доска объявлений