Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Экологиялық көлікжуу Шымкентте пайда болады


Экологиялық көлікжуу Шымкентте пайда болады
Жыл сайын Шымкентте автокөліктер саны артып келеді (онымен қоса, жағдайымыз нашар деп шағымданамыз). Егер автокөлігіңіз болса, оны жуу да керек қой. Шымкенттің жолдарында машина терезелерінен немесе қорабынан «Мені жушы!» деген жазуды жиі кездестіруге болады. Біреудің әзілдегені дей салуға болар еді. Десек те әр қалжыңның астары бар ғой.


Бастысы – мойымау керек

Алмас Серіков М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың төртінші курс студенті. Ол екінші курста оқып жүргеннің өзінде-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының курстарына қатысып жүрді. Сол кезде оған бір идея келді: Алмас Шымкенттен жылжымалы «Экокөлікжуу» құруды ойлады. Неге қолға алып көрмеске? Барлық есеп-қисабын жасады, бизнес-жоспар құрды сосын өзінің жобасын осы жазда «Атамекен Стартап»  қоғамдық бірлестігі өткізген байқауға жіберді. Оның жобасы жүлдегерлер қатарынан табылды. «Мен барлығын есептеп қойдым және менің жобам жүзеге асатындығына, автокөлік иегерлерінің сұранысына ие болатынына сенімдімін», - дейді Алмас.  

Оның есептеуінше, өзінің идеясын жүзеге асыру үшін бес миллион теңгедей қаржы керек. Жуудың бұл түрі өте үнемді: екі литр судан небары 300-500 мл қалдық шығады. Судың аз кетуі, басқа да белсенді заттарды қолданбау қоршаған ортаға деген зиянды жояды. Сонымен бірге бір экожууға небары  екі адам ғана болса жеткілікті (жас және ересек).

«Не үшін осы жобаны таңдадың?» деген сұрағымызға Алмас: «Білесіз бе мен үйдің ең кенжесімін. Ал өзіңіз ойлай беріңіз үйде күнде көлікті кім жуады? Әрине, мен. Міне, сол үшін де мен «Көлік жуу қызметін үйге шақырса ғой!» деп ойлайтынмын. Міне, осылайша идея пайда болды.

Бүгінде Алмас Серіков экожууға арналған құралдарды өндірушілердің сайттарын қарастырып жатыр, түрлі байқауларға қатысуда әрі өзінің идеясын іске асыру үшін гранд иеленетіндігіне сенімді. «Менің бизнесте аз да болса тәжірибем бар. Саңырауқұлақ өсірумен айналыстым. Бірақ, шындығын айтайын ол кезде бәрі ойымдағыдай шыққан жоқ. Мен дұрыс есептемедім. Әрі бұл істе бәсекелестер де аз емес. Ал ол кезде менің өндірісті кеңейтуге мүмкіндігім болған жоқ. Ал бүгінде бәрін бүге-шүгесіне дейін қарастырып қойдым. Ең бастысы – мойымау керек», - дейді ол.

Жалқаулық – ілгерілеудің қозғаушысы

Әдемі машина – бұл таза машина! Бұл пікірмен көлік иегерлері де келіседі. Бұл жерде негізгісі – өзіңнің көлігіңді қайда және қалай жуу керек деген сұрақ туады.

Біздің жүргізушілер көліктерін кез келген жерде жуа кететіні жасырын емес. Мысалға өзен, каналдар жағасы немесе дәл көше ортасында. Көліктерін жуғызуға баруға уақыттары жоқ. Ал көлікті үй алаңдарында, газондарда жууға тыйым салынған ғой. Міне осы жағдайда экожуудың көмегі зор. Үйден ұзамай-ақ көлігіңізді тазартасыз. Қоршаған орта да ластанбайды. Бағасы да қолайлы.

Бұл жуу түрі қолмен жүзеге асатындықтан және белсенді тазартқыш заттар пайдаланылмайтындықтан әрі суды аз шығындайтындықтан экологиялық жуу деп аталады. Еуропа елдерінде соңғы жылдары бұл қызмет түрі өте танымал.

Әрі осы көлікжуу түрін қолдана отырып бірнеше артықшылықтарды сезінуге болады: көлігіңіздің бөлшектеріне зақым келуден, қатып қалудан, аяздануда құтыласыз әрі уақыт үнемдейсіз.

дереккөзі: газета Рабат, 16.10.2014



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений