Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Мультфильм табысы


Мультфильм табысы
Компьютерлік графика мен анимацияның қазақстандық нарығы әлі бастапқы кезеңнен аса алмай тұр. Осы тауарларға деген сұраныс та, ұсыныс та өте төмен дәрежеде. Бір жағынан,  негізгі тапсырыс берушілердің де саны санаулы ғана, олар – «Қазақфильм» және телеканалдар, екінші жағынан мардымды дүние жасай алатындай компаниялар жоқ десек те болады. Коммерциялық көзқараспен қарайтын болсақ, әлемде анимациялық  бизнес ең кем дегенде 20 дан  40%-ға дейінгі пайда көзі болып саналады. Бүгінге дейін аннимация қызметін және визуальды эффектерді іске асыруда отандық киноөнім мен телевидение ресейлік, украиндық және батыстық компаниялардың мамандарына жүгініп келеді. Алайда 2007 жылы алғаш қазақстандық Kazakhstan Computer Graphics (KCG) кәсіби студия ашылғаннан кейін нарықтағы жағдай жақсы жағына қарай өзгере бастады. Айтар болсақ, 2009 жылы киноөнімдегі компьютерлік графика нарығы шамамен 1 млн $ құрады, оның 50%-ы KCG-ге тиесілі болса, қалған 50%-ын Ресей, Украина және басқа да елдер бөліп алды. Бүгінде бұл нарықтың көлемі жылына 3 млн $-ға дейін өскенімен, пайда көзі бұрынғыдай бөлініске түсіп отыр. KCG пайда болғаннан кейін жаңа ішкі өнім де қалыптасты.

Қарқынды бастама
Барлығы KCG –тің негізін қалаушы Эрнар Курмашевтің 3D-анимацияға деген өзінің әуестігін пайда көзіне айналдыру ойынан пайда болды. Болашақта кез келген бизнестің керемет сату құралы болатындығын ойлаған ол бұл саланы меңгеруді студенттік кезеңдерде-ақ бастап кеткен болатын. Өзінің достарымен бірге олар  анимация өндірісі бойынша 3D-үлгісіндегі жобаларын «НИФ 50К» байқауына ұсынып, екінші орын алады.
«Бұл біздің дұрыс жолмен келе жатырмыз деген сенімімізді ұлғайта түсті», - дейді әңгімелесуші Forbes Kazakhstan журналында. – «Компанияны аша отырып, біз керекті құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуге көмек көрсететін инвесторлар іздей бастадық».  Бастапқыда  150 мың $ көлемінде инвестиция бөлінді, оның 70 мың $-ы құралдар алуға кетсе, 30 мың $ - БҚ лицензиялауға кетті, ал 50 мың $-ы операциялық шығындарға кетті.

Алғашында компания архитектуралық жобаларды визуализациялау қызметін ұсынған болатын, ол ұсыныс құрылыс және жобалық компаниялар арасында үлкен сұраныс туғызды. «Нәтижесінде бірінші жылы біз жеткен көрсеткіш жаман болмады: біздің команда үштен 10 адамға артты, түсім 200 мың $ құраса, таза кіріс- 50 мың $-ын құрады. Барлық  кірісті біз болашақ дамуға және жаңа технологиялар иеленуге арнадық», - деп еске алады Курмашев.

Жаңа тыныс
Қалай дегенмен 2008 жылғы жылжымайтын нарықтағы дағдарыс достарымызға даму үшін жаңа бағыт іздеулеріне мәжбүр етті. Кәсіби мол тәжірибе және технологиялық жабдықталуымыз киноөндірісіне визуальді эффект және анимациялық фильмдер жасау ұсынысымен шығуымызға себеп болды.
Эрнардың айтуынша, ең алдымен олар граффикалық эффектілердің күрделі технологиялық үдерісін игеруді қалаған, себебі ол кезде Қазақстанда 2К және 4К түрінде жалға берілетін үлкен толықметражды картиналарға арналған сапалы компьютерлік графиканы жасай алатын ешкім болмаған. Алғашқы тапсырыс Курмашевтің сол кезде «Сталинге сыйлық» фильмімен жұмыс істеп жатқан режиссер Рустем Әбдрашевпен танысуына көмектеседі. Таспаға түсіру үшін ядролық жарылыстың эффектін жасау керек болды. Әбдрашевтің ресейлік компьютерлік графика студиясымен арадағы келісіміне қарамастан, Курмашев оны KCG қызметін пайдалануға көндіреді.


Бар аргументтермен «жарылыс» жасалды және бағасы да 5 есе төмен болды. «Иә, нәтижесінде біз  10 мың $ орнына бюджеттен бөлінген қаржыдан 3 есе артық қаржы - 30 мың $ жұмсадық. Бірақ ең маңыздысы бұл емес. Ең бастысы біздің мақсатымыз - Қазақстанда да бәсекеге қабілетті бағаға сапалы компьютердік графика жасауға болатындығын дәлелдеу еді», - деп атап өтті кәсіпкер.
Сонымен қатар, команда жұмысы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаевтің назарына ілікті, бұл да өз кезегінде үлес қосты.

Одан кейін KCG  «Возвращение в А», «Небо моего детства», «Путь лидера» сияқты картиналарға және фэнтези жанрындағы тұңғыш отандық «Книга легенд. Таинственный лес» фильміне  визуальді эффект пен компьютерлік графикалар жасады.

Өсу мәселелері
Бизнестің өсуі мен дамуына орай Курмашевтің айтуынша, компания білікті мамандардың жетіспеушілігін сезіне бастаған. Қазақстанда компьютерлік графика және анимация саласына кадрлар дайындайтын  білім базасы жоқ. Болашақ әріптестерді техникалық бағыттағы ЖОО-ларды бітіргендер арасынан, ҚазБСҚА түлектері арасынан, сонымен бірге форум және тұтынушылар өздерінің жұмыстарын жариялайтын арнайы интернет-алаңдар арқылы  іздеген.

Енді кадр мәселесін шешуде жақында ғана өз күштерімен құрған мамандарды кинода, анимацияда, медиаөнімде жұмыс жасау үшін компьютерлік графикаға кешенді дайындауға бағытталған кәсіби KCG School-де үлес қосады. «Біз үшін дайындықтарына сенімді болу үшін өзіміздің кадрларымызды өсірген маңыздырақ. Курсты аяқтағаннан кейін үздік студенттерді жұмысқа аламыз», - дейді кәсіпкер.

Бұнымен қоса, керекті құралды алу қиындығы да бар. Бүгінде ол, лицензияланған БҚ сияқты, тек АҚШ-та немесе Гонконгта ғана сатылады.

Қазақша анимациялар
Кадрлық және техникалық мәселелерді шешу KCG-ге анимациялық картиналар өндірісімен айналысуға мүмкіндік берді. Алғашқы жоба «Балапан» балалар телеарнасына арналған «Батырлар» анимациялық фильмі болды. «Мультсериалдармен жұмысты бастай отырып, біз оның өзіндік құны мемлекеттен бөлінген бюджеттен асып түсетінін түсіндік, сонда да коммерциялық жобаларымыз кейінге қалды. Отандық анимацияның үлгісі ретінде мақтанышпен ұсынатын сапалы өнім жасау абыройлы іс болды», - дейді Курмашев.


«Батырлар» мультфильмінің бір сериалын жасау үшін 15 млн теңге кетеді, оның 6 млн теңгесі мембюджеттен бөлінген, 2,5 млн – демеушілер, ал қалған 6,5 млн теңгені  компания өзі бөлген.

Бұл жобаға KCG ерекше ыждағатпен қарап отыр – барлық негізгі бағыттарға Ресейден, Украина, Израиль, Испания, Үндістаннан мамандар шақырылды, анимацияны анық жасайтын және мультфильмді жасауда уақытты үнемдейтін қымбат Motion Capture технологиясы қолданылды. Сөздің реті келгенде айта кетсек, бұл технология Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі мен KCG бірлескен қаржысына – 350 мың $ алынып отыр. Бұл жерде ТДЖҰА тарапынан 300 $ бөлінген. Бұнымен қоса, мемагенттік СЭЗ ПИТ «Алатау IT City»-ден ерікті бағалық саясат жүргізуге мүмкіндік беретін  техникалық база ашуға көмектесті.

Жұмысқа деген мұндай бастамалар жаңа тапсырыстар алуға мүмкіндік береді. Олардың  ең соңғыларының бірі - EXPO-2017-ге арнап мультфильм жасау (2015 жылдың соңына дейін 3 сериал, бюджет – 15 млн теңге) және «Легенда о Мын бала» анимациялық сериалын жасау. Өз кезегінде, бұл компания айналымын 2014 жылы 2 млн $ жеткізуге жол ашу керек. Салыстырмалы тұрғыда қарайтын болсақ: 2013 жылы айналым шашамен 1,2 млн $ (таза кіріс  –200 мың $) құраған.

Жақын арадағы екі-үш жылда KCG компьютер ойындарын жасауды жоспарлап отыр, ал бес жыл ішінде – өздерінің алғашқы толықметражды анимациялық фильмдерімен халықаралық жалға беруге шығуды жоспарлайды.

дерек көзі: http://forbes.kz/process/businessmen/dengi_na_multikah



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений