Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Жаңа мүмкіндіктер


- Мүгедектігі бар көптеген адамдардың өмірі, қайғылы жағдайға дейін немесе одан кейінгі кезең болып екіге бөлінеді. Жол апатына дейін менде барлығы жақсы болатын. Қызылорда университетінде заң мамандығы бойынша білім алып жатқам. Тұрмыс құрдым. Апат орын алған кезде 21 жаста едім, ал кішкентай қызым бар жоғы 11 айлық еді. Басыма түскен қайғылы жағдайдан кейін менде тірі қалу үшін күрес басталды. Оқуды ұмытуға тура келді. Денсаулықтың қайта қалпына келуі үшін ұзақ та, толықтай күрес болды. Жасыратыны жоқ, өте ауыр болды. «Үмітсіз шайтан» деген ғой, менде үміттен қол үзбедім. Білесізбе, мен қайта аяқтан тұруға міндетті едім. Өйткені менің қызым өсіп келе жатты ғой. Оған қоса, маған сеніп әрі демеп отырған менің отбасым болды, - дейді Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының кәсіпкері Мөлдір Абдраманова.

Медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясының шешімі көңіл қуантарлық емес еді. Аздаған зейнетақы, ауылдық жердегі әлсіз жәрдем, оған қоса ондағы елдің барлығы жұмыспен қамтыла қоймаған. Мөлдір, құр қол қарап отыруды жөн санамады. Еркектерге, әйелдерге және балаларға арналған бұйымдарды тіге бастады. Бұл оның денсаулық жағдайына қарай жайлы жұмыс еді. Кейіннен ол әлеуметтік жұмысшылармен танысып, олардың шақыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың семинарына қатысты, яғни өз ісін енді бастап жатқан және ықпалды кәсіпкерлерге арналған. Жиын барысында мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндіріліп, бизнес идеяларды іске асыру жолдары мен оның механизмі жайлы кеңінен баяндалған.

- Міне, осы жерден менің өмірімнің үшінші кезеңі басталады. Мен, оны маңызды деп санаймын. «Даму» Қорының Анар мен Айнұр атты қызметкерлері үнемі маған моральдық қолдау білдірумен болды. Олардың семинарларын жіберіп алмауға тырысатынмын. Бизнес-жоспар құруды да үйрендім. Әрқашанда көптеген сұрақтар қоюмен болдым. Жоғары білімнің аяқталмағаны осындайда байқалып қалады. Алайда, қыздар ешқандай қарсылықсыз, әр нәрсені бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп отырды, тіптен мені жаңа білімге итермеледі десем де болады. Өз құлшынысыммен компьтерлік сауат ашу курсына бардым. 2012 жылы «Жұлдыздарға қара» байқауына қатысуға өтініш бердім. Анар мен Айнұрдың семинарының арқасында мен жасаған бизнес-жоспар өте сауатты әрі ұтымды болып шықты. Нәтижесінде мен көпсалалы жабдық, фотоаппарат, компьютер және компьютерге арналған үстел алдым. Міне осылайша мен кәсіпкер болып шыға келдім, - деп күліп еске алады Мөдір.
Мөлдірмен сөйлесе отырып, оның оптимизміне, қуаттылығына және білімге деген құлшынысына таң қаласың. Ол ештеңеге қарамастан аяқтан тұрып, барлық қиындықты жеңе отырып, толыққанды өмірге орала білді. Оған қайтадан жүруді, күлуді үйренді. Компьтерлік сауаттылық бойынша жаңа ілімдерді меңгеріп, арнайыландырылған бағдарламаларды оқыды. Суретке түсіру ілімі мен алғашқы өңдеулерді ол онлайн ресурстардан үйренді.
- Бірнеше айдан кейін, бұйымдарды сатып алуға маған субсидияны мақұлдаған комиссия менің жұмысымның нәтижесімен танысты. Ол кезде мен көшірме жасау, скандау, мәтін теру және суретке түсіру бойынша қызмет көрсететін едім. Мен толық әрі нақты есеп әзірлеп бердім. Есеппен танысқан комиссия риза болды. Тіптен, ісімді кеңейте түсу үшін аздаған көмек те ұсынды. Бұл сәтте А3 пішіндегі көшірме мен скандауға және оны түптеуге деген сұраныс көп еді, алайда менде мүмкіндік жоқ болатын. Содан маған «Жұлдыздарға қара» байқауының ұйымдастырушылары да жәрдемдесті әрі жеке кәсіпкер маған ламинаттау аппаратын сыйлады, - дейді Мөлдір.


- Жергілікті мектеп директорының арқасында менің кеңсе тектес бөлмем де бар. Біраз ақша жинасымен қосымша жабдықтар, жаңа кәсіби аппарат, фотопринтер алдым. Қазір күйеуім екеуіміз А3, А4 пішіндегі көшірмелер, скандау жасау, мәтін теру, ламинация жасау, түптеу бойынша қызмет көрсетеміз. Оған қоса жергілікті шараларды суретке түсіріп, фотоларды шығарамыз.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений