Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Жалағаштың жігерлі азаматы


Жалағаштың жігерлі азаматы
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының жас кәсіпкері Ержан Жайлыбаевтың бастан өткерген оқиғасы американдық арманды іске асыру жайтына өте ұқсас екен. 25 жастағы бұл жігіт өз ауданының танымал кәсіпкері болып табылады.

-  9 сыныпты тәмамдаған соң Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы университеттің колледжіне «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығына тапсырдым. Колледжді бітірген соң мамандығым бойынша жұмыс таба алмай өз ісіммен айналыстым. Басында автокөлікті сатудан бастадым. Екі жыл айналасында елдің әр түкпірінде болып, саудаласуды үйреніп, адамдардың психологиясын тани білдім, - дейді Ержан.

Ержан мұндай тәжірибенің оңайлықпен келмегендігін айтады. Кез келген бизнес қатерге ұшырауы мүмкін, кәсіпкер әрқашан табысын ғана емес, жинаған қорымен де тәуекелге барады. Кейде тіпті несиеге алған қаражатың да көкке ұшуы мүмкін.
Ержан, білім, тәжірибе, сезгіштік өте маңызды екендігін, кейде тіпті сәттілікте жолыңды аша түсетіндігін мойындайды.

– Екі жыл өткен соң мен автобөлшектер сатумен айналыса бастадым. Өз тәжірибемді арқаланып, ауданда кеңінен тараған көліктерге бөлшектердің алғашқы легін алып келдім. Аздаған мөлшерін ғана. Тауар үшін алғашқы қойманы танысамнан су тегін алдым. Сол үшін оған деген алғысым шексіз. Ақырындап ісім оңға баса бастады. Мен қандай тауарға сұраныс бар екендігін, келесі жолғыға қандай жабдықтар әкелу керектігін мұқият қадағалай бастадым. Үрімші қаласының көтерме бағамен жеткізушілерімен байланыс орнаттым, - дейді жас кәсіпкер.

Сатылымның ұлғая түсісімен Ержан табыстан түскен қаражатты ассортиментті арттыруға жұмсаған. Соған орай, аудандағы темір тұлпарды тізгіндеушілер кез келген сәтте қажетті сайманды қайдан таба алатындықтарын біледі. Қазір Ержанда 3 контейнер бар, онда үш сатушы жұмыс істейді.

- Үй сатып алып, оны жөндеп, ата-анамды көшіріп алдым. Кейінне қойма етіп ангар жасадым. Қазір оған екі вагон автобөлшектер сыяды. Аудандағы көліктердің көпшілігі тозыңқыраған, сондықтан уақыт өтісімен жөндеуді, бқлшектерін ауыстыруды қажет етеді. Әрине көп нәрсе көлік иесіне байланысты. Дегенімен автобөлшектер сұранысқа ие. Тәбет тамақтанар алдында келеді дейді ғой. Міне, мен де өз бизнесімді кеңейте түсуді ұйғардым. Жер сатып алдым. Қазір кешен құрылысының рұқсат құжаттарымен жүрмін. Жоспар бойынша ол жерде автобөлшектер дүкені, ТЖО, авто жуу, вулканизация болады. Басты қағидат елді арлы-берлі сарылтпай, ХҚКО-дай бір ғана терезеден өткізу. Барлық қызмет түрі бір жерде ғана, - дейді Ержан.

Ол құрылысты келесі жылы бастамақ. Мұның бәріне жалғыз оған үлгеру қиын болады, сондықтан ол ауылдастарын жұмысқа тартпақ. Алдын ала болжам бойынша жаңа кешенде 15-20 жуық адам жұмыс істемек.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений