Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қазақстандық «Стив Джобсты» «Даму» Қоры мен Сбербанк қолдады


Қазақстандық «Стив Джобсты» «Даму» Қоры мен Сбербанк қолдады
Әділет Қиясов 16 жасынан бастап бағдарламалаумен айналысады. Ол Атырау жақтың тумасы болғанымен қазір Алматыда туруға тура келеді, яғни SerADI ЖШС-не клиенттер қайдан табылса, олда сонда.

– Жеке кәсіперлігімді 2009 жылы аштым, біз басында 1С бағдарламасын сүйемелдеумен шұғылдандық, желі  мен бейнекамераны баптайтын едік. Осы жылдың басында SerADI ЖШС тіркеп, түрлі компаниялар үшін мобильді қосымшаны өңдеумен айналыса бастадық. Оны өңдеу жұмыстарына өз қорымыздан 10 млн теңге жұмсадық, – дейді Қиясов.

Жасалған қосымша – бұл компания мен оның клиенттері арасындағы тілдесу арнасы. SerADI осындай қосымшаны түрлі компанияларға бейімдейді және жүктеп алу үшін AppStore пен Google Play салып қояды. Қолданушы бұл қосымшаны жүктеп ала алады және сол арқылы  супермаркеттен азық-түлікке немесе таксиге тапсырыс беруіне болады.

– Қосымшаны қолдану барысында кафе, мейрамханаға келушілер өзіне ұнаған тағамды белгілеп қоя алады, сондай–ақ өзге клиенттер де олардың бағалауы бойынша өз таңдауын жасайды. Яғни даяшыдан «Сіз не ұсына алар едіңіз?»  деп сұрамай–ақ, – деп түсіндірді жас кәсіпкер. – Оған қоса қазір барлық мекемеде бонусты карталар береді. Маған қазір бар болғаны 23 жас, ал менде олар жетерлік. Оларды өзіммен бірге алып жүре алмайтындығым және картада тағайындалған 10-12% жеңілдік бонустарын қолдана алмайтындығым түсінікті. Біздің қосымшамыз осы мәселелерді шешуге көмектеседі, әр клиенттің бонусы жөніндегі дерек қолданушының телефонындағы қосымшасында жазылады.

Оған қоса, қосымша арқылы дүкен, кафе, сән салонының әкімшілігі ақпараттарды, яғни не керектінің барлығын тегін хабарлама ретінде жібере алады.

– Бизнестегі әр клиент үшін SMS құны 3-7 теңгеге шығады, яғни біз осындай нәрселерге ақшаны үнемдеуге көмектесеміз. Біздің өніміміз арқылы клиенттерді қайта-қайта қайтаруға болады, біздің клиенттер өздерінің клиенттік базасын ұлғайтып, табысын арттыра алады. Осындай әрекетпен кез келген компанияның ісін дөңгелетіп әкете аламыз», – деп өз өнімінің артықшылығын атап өтті Әділет.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қорына Әділет сервер сатып алуға ақша қажет болған кезде келген. Егер бір компанияның деректер базасын басқа жақтағы серверге сақтаса оның жалға алу бағасы айына  $80 айналады. SerADI өз серверінде 200 тарта тапсырыс берушінің архивін сақтай алады.

– «Даму» менің несиемді 4 млн 700 мың теңгеге Сбербанктің StartUp бағдарламасы бойынша субсидиялады. Мен үшін қор несиенің 7%  төлейді, қалған 7% өзім төлеймін, оған қоса 70% кепілді қордың кепілдемесі жабады, – деп бизнесмен шарттары жайында айтып өтті.

Әділеттің айтуынша, алғашқы болып оған сеніп, оның бизнес-идеясын іске асыруға көмектескен Сбербанктің Атыраудағы филиалының директоры Мурат Асқаров болған, дәл осы кісі Әділетті «Стивом Джобс» деп атаған екен.

– Сбербанк пен «Даму» қорына алғысым шексіз. Олар маған барлық сұрақ бойынша көмектесті. Әлемді өзгерткен Стива Джобсқа дейін жету қайда. Менде iPhone сияқты өнім әлі жоқ, алайда өзімнің қосымшамды да бірегей туынды деп санаймын.

Қиясов сонымен қатар, бұл өмірде ештеңеден қорықпай, өз мақсатыңмен алға жүре білу керек деп санайды.

источник: forbes.kz


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений