Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Таза жұмыс


Таза жұмыс
Алматы қаласында алғашқы экологиялық «EcoDry» химтазалау ашылды, оның артықшылығы киімде ешқандай химиялық қалдық қалдырмайды әрі табиғатты ластамайды.

Бизнесін енді бастап жатқан Бахадыр Анарметов өз бәсекелестерінен асып түспек: басқаларға ұқсау оған түк ұнамаған, сондықтан ол жеке ісін ашу барысында инновация мен экологиялық тазалыққа азда болса өз үлесін қосуды жөн санаған.

– Бизнесті дамытудың әрқилы жолдарын қарастырдым. Басында жалпы тамақтану саласына кетіп, кафе ашсам ба деген ойым бар еді. Алайда бұл сала бойынша біздің қаланың нарығы толы еді әрі клиенттерді тарту үшін көп уақыт пен бір ерекшелік қажет. Химтазалау орталығын ашу идеясы маған бірден келген жоқ. Мен Туркияда оқыдым, сондықтан испандық франшиз бойынша жұмыс істеп жатқан EcoDry атты түріктік химтазалау желісінің жұмысымен таныспын. Ойлана келе Алматы қаласында осы тамаша желінің жұмысын неге ашпасқа деген тоқтамға келдім. Оған қоса шағын бизнес саласы экономикаға тиімді. «Даму» Қоры арқылы  өз ісін ашам деуші кәсіпкерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Біз Алматы қаласындағы франшиз бойынша жұмыс істеп жатқан тұңғыш химтазалаумыз. Бас компания Испанияда орналасқан әрі королдік отбасыға қызмет көрсетуде. Бизнес-жоспарды испандықтармен біріге отырып әзірледік, сондықтан оны бекіту барысында ешқандай қиындық болмады, дейді кәсіпкер.

Екі апта бұрын Бахадыр Испанияның Unisec компаниясынан ең қымбат тұратын жабдығын ала білді, соның арқасында оның химтазалауы экологиялық таза болып отыр. Бұл тамаша жобаның жалпы құны – 19 млн 550 мың теңге, оның 17 млн теңгесін кәсіпкерге «Сбербанк» несие түрінде тағайындаған. Бахадыр Анарметов алдағы үш жыл ішінде барлық шығынды өтеймін деп отыр, яғни банк алдындағы қарызыннан құтылып, өзіне жұмыс істеуді бастайды.

– Егер стандартты химтазалау машинасы жуудан кейін киімде 0,4% перхлор қалдыратын болса, Unisec машинасында арнайы фильрт қойылған, ол киімді сығу мен кептіру кезінде барлық перхлор қалдығын кетіреді. Сондықтан оның қалдыратын қалдығы 0,002% аспайды. Яғни киім ешқандай химтазалауға түспегендей қалыпта болады. Фильтр өте қымбат, соның арқасында бұл машинаға арнайы желдеткіш қойылмайды. Соған сәйкес зиянды заттар ауаға тарамайды, – дейді Бахадыр Анарметов.
Франшиз бүкіл Қазақстан аймағына есептелгендіктен, Бахадыр Анарметов тек Алматыны ғана емес, астаналық нарық қызметін де жауламақ, одан кейін Батыс Қазақстанға шықпақ.


Өткен аптада EcoDry химтазалауының салтанатты ашылуында кәсіпкерге қол ұшын созған «Даму» Қоры мен «Сбербанк» өкілдері де болды.


megapolis.kz



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений