Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Тігіншінің тарихы


Орынбек Шаймағанбетовтың басынан өткерген тарихы өте ерекше әрі қызықты. Есейген шағында өздігінен тігін мамандығын игеріп, табысты кәсіпкер болып отырған еркекті сирек кездестіресің. Тынымсыз еңбек пен ауылдың ұзынқұлағы оны Қызылорда облысы Жалағаш ауданына танымал етті, оған қоса теледидардан көрсетілген ол жайындағы сюжет елдің өзге аймақтарынан тапсырыс алуына көмектесті.

- Тігінші болам деп ешқашан ойламағам. Туған ауылым Ақсуда 9 сыныпты аяқтап, Жалағаштағы СПТУ-ға тапсырдым, оны 1995 жылы тәмамдадым. Одан кейін екі жыл Қарулы күштер сапында борышымды өтедім. Қайтып келген соң жұмысқа тұру қиын болды. Құрылыста, кейде бақшадағы маусымдық жұмыспен айналысуға тура келді. Ешқашан жұмыссыз отырған емеспін. Сол кезде қалындығымды кезіктіріп, ғашық болып қалдым. Бір жыл өткен соң үйлену тойын жасадық. Ұлымыз бен қызымыз дүниеге келді, - дейді Оралбек өз өмірі жайлы.

2002  жылдың 9 қыркүйегін Орынбек ешқашан ұмытпайды. Ол әдеттегідей аудан орталығына такимен кетіп бара жатқан, алайда жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалады. Қайғылы  апат Орынбекті екі бірдей аяғынан айырды.

- Білесізбе, мұндайды бастан өткізу өте ауыр. Бастапқыда өмір осымен бітіп, ешкімге кересіз болып қалғандайсың. Әйелім мен балаларым демеп, қолдамағанда ондай қайғыны қалай жеңер едім. Кейін протез салдырдым. Осы уақытқа дейін жұмыссыз отырдым. Келіншегімнің жалақысы мен мүгедектім жөніндегі зейнетақы ғана отбасы бюджетін ұстап тұрды. Денсаулығы сау жастардың өзі жұмыссыз жүргенде мүгедекке жұмыс табу тіптен қиын, - деп еске алады Орынбек.

Бір күні тігін машинкасында жұмыс істеп отырған жұбайы онымен қалай жұмыс істек керегін көрсетеді. Содан Орынбек өмірінің жаңа тарауы басталады. Үйреншікті емес машинка жұмысы ерекетің қолына әрең бағынады. Жұбайының арқасында ол тігін машинкасын күн санап меңгере бастайды. Өзінің құлшынысы мен әйелінің төзімділігі арқасында ол жаңа мамандықты игеріп шығады.

- Ол қазір ғой машинканың құлағында ойнап жүргенім. Әйтпесе бастапқыда оны игеру барысында көп уақытымды жұмсадым. Алғашында қолыма тигеннің барлығын тіге беретінмін. Ең алғашқы өздігімнен жасап шыққан бұйым «құрақ көрпе» еді. Қарапайым нәрселерді меңгеріп алған соң киімдерді жөндеу мен балақ қысқартуға көштім. Үйде ескі киімдер көп еді, соларды тігіп жаттыға түстім. Кейін көршілер мен туыстар тапсырыс беріп келе бастады, -  дейді ол.

Уақыт өте келе Орынбек қыздардың жасауын тіге бастайды. Қыздарын тұрмысқа беріп жатқан ата- ана оның жасауын түгендеуге кіріседі. Келін жасауы өте көп бұйымнан тұрады әрі оны дайындауға көп уақыт керек. Қыздың анасымен қажетті бұйымдардың тізімі жасалады, оның түсі, пішіні, дизайны талқыланып, келісіледі. Тапсырыстың артуымен Орынбек жалғыз оған үлгермей, көмекші алуына тура келген. Ол үшін жеке кәсіпкерлікті тіркеп, қазір жұмыс беруші болып отыр.

- Жақында теледидардан біз жайлы бағдарлама шықты. Сенбейтіншығарсыздар, содан кейін тапсырыс берушілердің қарасы көбейді, тіптен Астана, Ақтөбе, Ақтау қаласынан тапсырыстар келе бастады. Біз оған қуанып әрі таң қалдық. Қазір бізде бос уақыт жоқ. Тынымсыз жұмыс істеудеміз, - Орынбек.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений