Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Алматыдағы алғашқы Chop-Chop


Алматыдағы алғашқы Chop-Chop
Қазақстандағы алғашқы барбершоп  Chop-Chop негізін қалаушы Андрей Пластун еркектердің әдемі әрі көрікті болуы жолында қалай ақша табуға болатындығы жайында айтып берді.

Андрей Пластун мәскеулік Chop-Chop еркектер шаштаразы жайлы оқығанда бизнес ашам деп жоспарламаған, бірден франшия сатып алуға тапсырыс жібереді. Содан үш апта өтісімен Мәскеуге жолға шығады, ал одан төрт айдан кейін алғашқы қазақстандық барбершоптың ашылуы өтті. Chop-Chop классикалық америкалық барбершоп негізінде жұмыс істейді.

– Алматыда Chop-Chop ашуды жоспарлауда алматылықтар бұған дайынба деген мәселемен бас қатырғам жоқ. Батысқа қарағанда біз аса консервантты саналғанымызбен маған классикалық америкалық барбершоптың концепциясы ұнады, сондықтан қандайда бір аудитория табылады деп ойладым. Алматы жаңашылдықты жақсы қабылдайтын қала, оның ішінде өзін күтудегі жаңа тенденциялар, – дейді Андрей.

Сонымен аудитория да табылды, Chop-Chop ашылу күнінде 20 адам жазылған. Бүгінгі күні, яғни ашылғаннан соң 9 айдан кейін еркектер шаштаразы қарқынды жұмыс істеуде, сондықтан бір жылдан соң салынған қаржыны қайтарып алу жоспарлануда.


Андрей Пластун күн сайын өсіп келе жатқан Chop-Chop танымалдылығын былай түсіндіреді, адамдар әрқашанда шаштаразға барады, барбершоп – бұл жай еркектер шаштаразы, қазіргі жас буын өздерінің сыртқы келбетін ұдайы күтіп ұстайды.

- Қазіргі жастар өздерінің бос уақытына көп мән береді, барбершопқа баруда уақытты жақсы өткізудің бір түрі. Біздің Chop-Chop-қа тек шаш қидыру үшін емес, уақытты жақсы өткізуге келеді. Бұл қалыпты жағдай. Мәселен, әкесі шашатаразға өзімен бірге баласында ала келеді, екеуі көрші креслода – бұл өзінше отбасылық бос уақыт.

Жергілікті барберлерді оқыту үшін Алматыға көне британдық Truefitt&Hill барбершоптан Игорь Груздев келген. Сонымен қатар, Chop-Chop-та еркектерге арналған сапалы кәсіби American Crew, MrNatty и Baxter Finley косметикасын алуға болады.


источник: forbes.kz


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 325.75
  • EUR Евро 382.04
  • CNY Кит. юань 51.04
  • RUB Рос. рубль 5.31
  • GBP Англ. фунт 436.21

Доска объявлений