Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Ас әкелем» – тамақ жеткізу қызметі


Алматылық Марина Путилина өз идеясын 2014 жылдың қарашасында жұзеге асырды. Ол офистерге түскі ас әзірлеу компаниясын ашуды көптен бері армандап келген. Нарықты зерделей келе Марина, дәмді тағамға сай ақша табуға болат деген ойға келген.

- Кез-келген істе ең бастысы кадр мәселесі. Команда жинау алда тұрған бастапқы жұмыс болды. Біздің әр қызметкер қоғамдық тамақтану саласында үлкен тәжірибеге ие, оған қоса әрқайсысы қомпания бөлігі болғанды қалайды, - дейді Марина.


«Өзіңіздің жаныңызға жақын жұмысты таңдаңыз, сонда өміріңізде еш күнді жұмыспен өткізбейсіз» деп Конфуций айтқандай жас кәсіпкер сенімді түрде өз мақсатына қарай қадам басады.  Шешім қабылдамас бұрын ойланып, барлық кемшін және артық тұстарын болжап, сауал жүргізген. Кез келген бизнес – бұл тәуекел, сондықтан бюджетті толықтай жоспарлаған.

- Мен бірдеңе шығарып, жаңадан ойластырғанды жақсы көрем, яғни қызықты, креативті, бастысы дәмдіні. Семинарларға, тренингке жиі шығып тұрам, онда біз тәжірибемізбен бөлісеміз, бизнес-идея әзірлейміз, өзімізге қандайда бір тың нәрсені қабылдаймыз. Бұл әрдайым тек тағаммен ғана байланысты емес, жұмыс барысында тұлғалармен клиенттермен жұмыс істеу сәттері болады.

Стартапты іске қосу кезеңіне 4 ай кеткен. Бұл бюджетті есептеу кезеңі болған, яғни мәзір, логистиканы құрау. Марина әсіресе маркетингке көңіл бөлген.


- Бастапқыда түрлі санаттағы клиенттерді есепке алдым және барлық өзгешеліктерді ескеруге тырыстым: жас шамасы, жынысы, мезгіл және тағы басқа. Бұл іске өз жинаған қорымды салғандықтан барлық қиындықтарға қарамастан мақсатыма жетуім керек. Бұл бизнесте ешқашан бір орында тұрып қалмау керек, әрқашан мәзірді жаңартып, қызмет түрін жақсартып отыру керек. Менің ойымша, бизнесті жандандырудағы ең жақсы нәрсе ұзын құлақ. Дәмсіз тағамды клиенттер кеңес беріп, таныстарына ол жайлы айтпайды. Менің компаниямның жоспарлары зор: болашақта аймақтарға шығуды, қалаларда сатылым орындары мен қосымша өндіріс ашуды жоспарлаудамыз», - дейді Марина.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений